Менің сүйкімді қошақаным

Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: «Менің сүйкімді қошақаным»

Мақсаты:Балаларғаүйжануарларытуралыбілімдерінтолықтыру, олардыңпайдасымаңызы, туралытүсінік беру. Олардыңтүрлерінбір – біріненажыратуға,айтқандайзейінқойыптыңдауғаүйретукөзделіпүйжануарларынабайланыстытақпақтар мен мақалмәтелдерайтқызусұрақ – жауап, жұмбақшешуарқылытілбайлықтарындамытуменбіргеолардыңбізгетигізерпайдасынайтып, ұлттықтәрбиенегізінеңбексүйгіштіккетәрбиелеу, экологиялықтәрбие беру қарастырылады.
Әдіс — тәсілі:Сұрақ — жауап, түсіндіру, көрсету
Көрнекілік:Үйжануарларыныңсуреттері, слайд
Тәрбиеші:
Балалар,алдыменқонақтарменамандасыпалайық.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қәнекей балалар,
Сәлем дейік бәріміз!
Сәлеметсіздер ме, апайлар?!
Орындарыңа жайғаса қойыңдар!
Дыбыстар қосылады.
— Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің даусы?
— Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр, қойды үй жануарлары деп атайды. Үй жануарларына сонымен бірге жылқы, түйе, ешкі және ит пен мысық жатады. Мысық — ол үйде тұрады. Ал, ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады. Ол үйді күзетеді. Ит — жеті қазынаның бірі.
— Балалар, сендерді ата — әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
Балалар:Ботақаным, қозым, құлыным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным.
Сендерді ата — әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша!
Тәрбиеші:Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады.
Олар:түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Түйенің төлі бота, сиырдың төлі– бұзау, қойдың төлі– қозы, ешкінің төлі — лақ, жылқының төлі– құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың, қойдың, сүтінен май,
құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған. .(Слайдтан көрсету)
Шопан ата:Амансыңдар ма, балалар, ғафу етіңдер.
— Бұл қай жер екен?
— Балабақша.
— Қандай балабақша?
— «Балауса» балабақшасы.
— Естілмейді қандай балабақша?
— «Балауса» балабақшасы.
— Мен, боранда ығып кеткен төлдерімді іздеп жүр едім, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Тауып берсеңдер сыйлығым бар. Көрмедіңдер ме?
Балалар:Жоқ
Тәрбиеші:Келіп қалған екенсіз. Ата төрлетіңіз!
Шопан ата:Жарайды, балалар ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін кім табады екен?

Кішкенеғанабойыбар,
Айналдырыпкиген тоны бар.
(Қой)
Қане, балалар ендеше қойдың дыбысын салыңдаршы.
Балалар:Қой — мә — мә маңырайды
Шопан ата: Ой, бәрекелді балалар жарайсыңдар!
Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Төрт жылтырмағы бар
Бір шыпыртқысы бар
(Сиыр) Сиыр — мө — мө мөңірейді

Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
(Түйе) Түйе-бө-бө боздайды.

Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар
Бірақ тағы сақалы бар.
(Ешкі) Ешкі-бе-бе бақырады.

Екеуі елеңдеп келеді
Төртеуі төбелесіп келеді
(Жылқы) Жылқы-е-е-е кісінейді.
Төрт түлік малдын дыбысын салу.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, Ата уайымдамаңыз, төлдеріңіз табылады шаршаған шығарсыз бәріміз бірге сергіту сәтін орындап жіберейік, балалар бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:Бейнеролик көрсетіледі «Қошақаным» әніне би қимылдарын жасайды.
Шопан ата:Жарайсыңдар балалар! Көңілім көтеріліп сергіп қалдым.
Тәрбиеші:Ендеше шопан атамызға тақпақтар айтып берейік!

Аружан:
Ақ бұзауым ұнайды
«Мө — мө» деп сүт сұрайды
Келеді өсіп күн сайын
Тұмсығын созып қарайды
Тілімен мұрнын жалайды
Зере:
Кіп — кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп
Қошақаным өзім деп.
Сезім:
Құлыншағым құндызым
Құлдырайды шабады
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
Ақсындар:
Шөре — шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секектеме деміңді ал
Селтеңдемей құлағың.
Тәрбиеші:Балалар, кәне ендеше алдымызда қиылып тұрған жіптен атаға қошақанның тонын жапсырып, қорасына жинап көмектесейік.
Балаларға жасау жолын түсіндіру, көмек көрсету, тексеру.
Тәрбиеші:Балалар тыңдайықшы бір төлдердің дыбысы естілетін сияқты
Шопан ата: Ой, балалар менің төлдерімнің даусына ұқсайды.
Мен сендерге сыйлығымды беріп кетейін, мұны ауылдан әжелерің беріп жіберді дәм татыңдар балалар. Қоржынын ашып ішінен: құрт, қымыз, шұбат, ірімшік, балғаймақ, сүттерін шығарады. Балалармен қоштасады!
Тәрбиеші:Рахмет,шопан ата сіз келіп, біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Жолыңыз болсын! Сау болыңыз!
-Балалар бізге қонаққа кім келді?
— Балалар, үй жануарларына нелер жатады екен?
— Үй жануарларының төлдерін не деп атаймыз?
-Жануарлар қалай дыбыстайды?
Тәрбиеші:Қане, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар! До свидания! Good bye!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *