Мектеп оқушысының мінез-құлқының қалыптасуындағы мұғалімнің рөлі

Кенжиева Б.Г

Оқушы — қоғамның белсенді мүшесі, жарқын келешек кепілі. Оқушы мәдениетін қалыптастыру арқылы біз жеке тұлға қалыптастырамыз. Жеке тұлғаның мерейінің асқақтауына отбасы және мектептегі тәрбиенің маңызы ерекше.

Тәрбие —  халықтың ғасырлар бойы жинақталған ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, балалардың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру.
Ал тәрбиенің негізгі мақсаты — дені сау, ұлттық сана-сезімі, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, іскер, бойында игі қасиеттер қалыптасқан адам тәрбиелеу. Жалпы оқушылардың өмірінде мектептегі тәрбиенің рөлі зор. Мектептегі басты тұлға ұстаздың міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының жүрегіне жол тауып, оларды тәлім — тәрбиемен сусындату болып табылады. Оқушыға әрдайым сын көзбен қарап, пікір айта білсек, талап қойып, болашаққа ұмтылуға сендірсек, келешекте абзал азамат шығары сөзсіз.

Жеке тұлға үздіксіз  күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере келіп, балалар мен жасөспірімдердің  білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қабілеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу.

Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін оқушылар ұжымы арқылы тәрбиелеу адам дамуының негізгі қаланатын бастауыш сатыдан басталатын процесс.

Жеке тұлғаны дамыту мәселелері М.В.Блонскийдің, Л.С. Выгатскийдің, Л.В. Рубенштейннің, Д.Б. Элкониннің еңбектерінің негізгі арқау болып табылады. Оқушылардың жеке тұлғасы ретінде қалыптасуына ұжымның мектептің үлкен ықпалы бар.

Оқушының тұлға ретінде дамуында үш түрлі қарым -қатынас орын алады:

  1. Тұлғаның өзіне тән қарым-қатынасы .
  2. Тұлғаның басқалармен қарым – қатынасы.
  3. Тұлғаның  айналамен  қарым – қатынасы.

Осы қатынастар арқылы адам тәрбиесі жетіледі, мінез-құлқы қалыптасады.

Бала, педагог, ата-ана балаларды тәрбиелеудегі бірлікті қамтамасыз ету. Мұғалім мен оқушылардың қатынасуында көптеген жағдайлар бар. Жеткіншек жасөспіріммен қарым-қатынастың жетілуі олардың мінез-құлқының қалыптасуына, көңіл-күйінің төмендеуіне байланысты күрделіленеді – ол жеңіл және еркіндіктен бастап, тез жараланатын күйбелектікке дейін өзгеруі мүмкін.

Мұғалім кез-келген нақты жағдайда дұрыс бағытталған оқушының көптеген сапаларын жұмсартуға арналған ерекше жалғыз қатынасу жолын таба білуі қажет. Мұғалім оқушыларын өз сезімдерін басқара алуға, шындықты қабылдай алуға, басқа адамдармен қатынасуын бағалай алуға үйрететін жан.

Жалпы, үнемі үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алады.

Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншектің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімділік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ  көтереді.

Оқушылардың сабаққа деген қызығущылынғын арттырады, үлгерімдерін жоғарлатады, шығармашылық қабілеттерін, ынталарын арттырады.

Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады. Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.

Мұғалімнің бойында төрт қарым –қатынас  принциптерінің болу қажет

  1. Үнемі жылы шырай таныту: мұғалімнің әрбір сөзі оның көңіл күйін білдіреді. Мұғалімнің жылы шырай танытуы оның сөйлеген сөзінен, дауыс ырғағынан, қимыл –қозғалысынен көрінеді. Балалар туралы айтқан әрбір сөзі оған деген көзқарасын білдіреді.
  2. Ынтымақтастық: Мұғалім 40 минутта оқушыларға сабағын қызықты өткізе білсе, оқушы сол мұғалімнің сабағына жақсы дайындалып келеді. Егер мұғалім сабағын дұрыс ұйымдастыра алмаса, оқушыларға қалай болса солай сөйлесе, орынсыз балағаттай берсе, оқушымен тіл табыса аламаса, сабақ үстінде әр түрлі сылтаумен сабақ өтілмесе, мұғалімнің оқушы алдында беделі төмендеп оқушыны сабағына қызықтыра алмайды. Сондықтан ынтымақтастық мұғалімнің негізгі құралы.

3.Үнемі мадақтап отыру: Баланы үнемі мақтап, оның әрбір іс -әрекетіне көңіл бөлу, баланың рухани өсуіне жақсы әсер етеді. Бала өзіне сеніп тапсырылған әрбір іске сеніммен кірісіп өзінің қабілетін толық ашуға ұмтылады. Үлкендер қолдап отырғанда балалар өздерінің біліктерін бұрынғыданда табысты іске асырады. Мақтау балаға қанат бітіріп қабілеті мен мүмкіншілігін арттырады. Мақтау балаға білім беру мінезін тәрбиелеу жолындағы ең маңызды кілт болып саналады.

  1. Оқытумен тәрбиелеу үрдісі: Білім берудегі негізігі мақсат балаларды зерделі де, өнегелі адам болып өсуіне тәрбиелеу. Біліммен қатар оларға адамгершілік негіздерімен өнегелі өмір принциптерін бағалап, өздері таңдауына жол беру керек. Балаларды өз ойларын, өз пікірлерін, өз сезімдерін дәл айтып беруге үйрету қажет. Сонда ғана олар басқалардың көңіл күйін бөлісе алады. Өзіне сенімді, өз сезімдерін шын айта алады, дұрыс пікірлерін айтып басқаларға көмектесе алады.

Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі білім беру жүйесінде оқушының өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беріледі.

Қазіргі оқушы:

Дүниетаным қабілеті жоғары;

Дарынды, өнерпаз;

Іздемпаз, талапты: Өз алдына мақсат қоя білу керек;

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкірттерін, мектебін шексіз сүйетін адам.

Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *