Эссе «Қиын да қыстауы мол мамандық»

Далдиева Гульзада Муратовна

Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.Мамандық  таңдау бұл өміріңдегі ең маңызды қадам десем артық болмас. Себебі әрбір адам өзінің болашақ өмірін жоспарлап, армандап алдын ала ойлап, жоспар құрады..Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес.  Менің өмірдегі арманым жүрек қалауымен тәрбиеші болуым. Тәрбиеші  болу — жай ғана мамандық емес.Тәрбиеші мамандығы әрине ол қиын да, қыстауы бар, өте қажетті де, ұлағатты мамандық. 

      Тәрбиеші мамандығын оқи келе, осы  мамандықтың менің жүрігіме жақын екендігіне сездім. Осы мамандықты таңдай отырып өзімнің ұлы жолды таңдағаныма қуаныштымын. Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл — күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Мен «Мирас» балабақшасында екінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің кішкентай бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.Басында маған өте қиын болды .Көп ұзамай тәрбиелеп жатқан балаларымның бәрі өзімнің туған балаларымдай болып кетті. Әрбір ана баласымен бірге балалық шақты өткізгенде бақыт құшағына енеді. Ал мен болсам, балалық шаққа әр күн сайын енемін. Мен өзімді үлкен әріпті «Ана» деп айта аламын, себебі менде жүздеген балам бар, олардың бәрі менікі, сүйкімді, әр біреуіне мен өз жанымның, өз жүрегімнің бір бөлшегін ұсынамын. Менің өмірім балабақша……Менің кішкентай бөбектерім… Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы .Олар мен бірге жүрсем болды ,балаша қуанып, өмірге балаша қарағым келіп кетеді..
Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі болғаны  шығар.

Сонымен ойымды қорытындылай келе, тәрбиеші деген сөз ұстаз ғана емес, жана ғана қанаты қатайып келе жатқан балапандарға қанаттарын қатты болуға , келешекте алысқа, биіктерге самғай аларлықтай тәрбие беруші жан. Бұл іс мен үшін тек мамандығым ғана емес ең бастысы жүрек қалауым мен сүйікті ісім.Әрбір жанға өз жүректеріңізді тыңдап, құлақ салып , мамандық таңдауда аса мән беулеріңізді қалаймын. Егер дәл мендей жүрегіңізбен, жан-тәніңізбен өз ісіңізді, мамандығыңызды сүйетін болсаңыз, сол кезде ғана өміріңіз мәнді де сәнді боларына кәміл сенемін.

«Білерім — бір тоғыз, білмейтінім — тоқсан тоғыз» демекші, білген сайын білмейтінін көп екенін ұға түсесің. Сондықтан да шығар белестерім әлі алда. Білімімді кеңейтіп, тәжірибе жинау алдымда. Білімді ешқашан өзін білгіш қып көрсетуге тырыспайды. Шын білімдінің зейін — зердесі кең, алыстан қарасаң — кербез, жақыннан қарасаң — кішіпейіл. Жүзіне үңілсең — мейірімді, жанына үңілсең — шуақты көрінбек.
Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді, шуақты тәрбиеші атансам — адами парызымның орындалғаны болар.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *