Мектепке дейінгі балаларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу

Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
«Атамекен орта мектебі» КММ
Адилбаева Гулжан Дуйсенбаевна
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі
Аудандық баяндама

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі балаларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу»
Мақсаты: Жан-жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын азаматты тәрбиелеу. Балалардың жан-жақты ойлануын, ізденуін дамытып, есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Отансүйгіштікке, еліміздің патриоты болуға тәрбиелеу.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның отаншылдық
сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-
мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» деген еді.
Сол сияқты әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары, сол заманның ақиқаты, наным сенімінен туындайды. Еліміз егеменді алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы қазақстандық патриотизм болды. Ұрпағымызды кеудесінде азаматтық намысы бар, білімді, туған жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарымызды келешек ұрпақ тәрбиесіне аударуымыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – еліне адал ұрпақты тәрбиелеу.
«Жас бала жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» дегендей, жаңа отырғызған жас шыбық тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы
ағаш болып үлкейгенше, мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек ететін сияқты бүлдіршіндерді де алдын ала жақсы тәрбиеге үйреткен жөн.
Адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз етуіміз керек. Қазіргі қоғам жастарының бойына Отанға деген сүйіспеншілікті, адами құндылықтар-мейірімділікті, қайырымдылықты, әділдікті, қамқоршылдықты сіңіріп тәрбиелеуді талап етеді.
Халық дүниеге келген жас нәрестенің болашағын ойлап, бар жақсылықты баланың жолына бағыттап, көркемсөзді, мақал-мәтелді, жаңылтпаштарды, салт-дәстүрді күнделікті тәрбиеде пайдаланып отырған. Ата-баба мұрасын қаймағы бұзылмаған өмір тәжірибесінен алынған қалпында қолдану ұрпақ үшін пайдалы болмақ.
Өз елінің, жерінің, халқының қамын ойлап, мерей-мәртебесін биіктету үшін ұлттық тәрбиені жетік білуі қажет. Сондықтан да ата-бабаларымыз ұлттық тәрбиеге, салт-дәстүрге ерекше мән берген.
Еліне адал ұрпақты тәрбиелеу үшін жас ата-аналарға терең ұғындырып
ұлттық тәрбие беруіміз қажет. Әр отбасында өз балаларын еркелетіп, айтқанын жасап үйреткен ата-ана енді өзінің ақылын баласы ескірмейтін халге жету, осындай келеңсіз нәрселерді болдырмау үшін ең алдымен болашақ ұрпағымыздың патриоттық сезімдері жоғары, ұлтжанды, еліне адал болып өсуі тәрбиешілердің, мұғалімдердің еңбегінен туындайды.
Ол үшін халқымыздың ғасырдан ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлерін есімізде сақтап, санамызға құюымыз қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға патриоттық бағытта тәрбие беруді жүзеге асыру жолдарын жүйелеу-бойында Отанына, туған өлкесіне деген сүйіспеншілік сезімдерін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еліне адал ұрпақ тәрбиелеу.
Патриоттық – бұл Отанына деген терең саналы сүйіспеншілік, оған деген адалдығы, табыстары мен жеңістеріне мақтаныш сезім, құдіретті және әдемі болу үшін белсенді ынталануы.

Бұл ұлттық мақтаныш сезімі және біздің мемлекетімізде тұратын барлық ұлт өкілдеріне құрметті қарым-қатынасы. Отанға деген сүйіспеншілік адамдарды шабыттандырады, әр азаматтың өмірі маңызды және рухани бай болады. Отанға деген сүйіспеншілік балаларда жасына қарай жанұяда, мектепте, барлық қоршаған болмыста қалыптасады.
Патриотизм ұғымы өздігінен қалыптаспайды, ол үшін бірнеше алғы шарт қажет:
Ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты қадірлеу, ана тілді ардақтап құрметтеу, төл тарихымызды білу, барлық халықтарға деген құрмет болуы тиіс. Отанға деген сүйіспеншілік сезім балаларда біртіндеп білім жинау және адамдардың еңбегі, табиғат барысында қалыптасады. Отанға, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу – балабақшада мектепте шешетін аса маңызды міндеттердің бірі. Отанға деген сүйіспеншілік сезім жақын туған-туысқанға, бала қамқорлықпен және назармен, еркелікпен аймалайтын жанұясына деген махабатынан көрінеді. Отан сәбиге туған жерден, оның тұратын көшесінен, мектеп көшесінен, қаласынан туған-туыстары тұратын туған ауылынан басталады. Біртіндеп балалар Қазақстан Республикасының басқа да қалаларын біле бастайды. Табиғат пен есте қалатын жерлер, Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлттық өкілдерінің еңбектерімен, туған өлкесінің өнерімен танысады. Халық өнерін сүюді үйретеміз. Маңызды әр серуенде қоршаған әлемнің әдемілігін көргенде балалардың жүздерінде кішкене болса да қуаныш күлкісі қалатынын сезуге болады.
Ұмытпау, құрметтеуге, азаматтардың еңбектері біздің тарихымызға деген қызығушылыққа тәрбиелейді.
Патриоттық – бұл сүйіспеншілік құрмет, республикамыздың Президентіне мақтаныш сезім, Қазақстан Республикасының рәміздеріне сүйіспеншілік пен құрмет, Елтаңбасына, Туына, Әнұранына, Елордасы Астана қаласына, Ата заңына, Желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдарға т.б. сүйіспеншілік құрмет көрсету.
Балалардың сана сезімі, туған өлкесі туралы қазақ әуені бала жанына терең сіңдірілмей патриоттық тәрбие толық болуы мүмкін емес. Бала жүрегінде мейірімділік, еркелік, ақпейілділік, қазақ әндерінің сырластығы сезгіштікті оятады, үлкен жалынды сезім тудырады, халықтың өмірін, дәстүрлерін, жақынырақ білуге көмектеседі.
Қазақ ақындарының табиғат туралы өлеңдерін оқу, серуен кезі және атақты жазушылармен таныстыру кезі, назар аударарлықтай жерлер туралы әңгімелер еліне адал ұрпақты тәрбиелеуде ең қажеттісін береді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың қоғамдық өмірмен танысуы оған деген қызығушылығын дамытуға мүмкіндік туғызады. Бала жақсы көретін кітабын көруіне, өзінің көңілінде жүрген тақырыбына сурет салуына, өзінің досына не көргенін айтуға болады, сол үшін оны жүзеге асыруға жағдай жасауымыз керек. Қоғамдық оқиғалар туралы әңгіме айтып, сұрақтарға жауап беру, олардың қызығушылығын тереңдету біздің міндетіміз болып табылады. Балалар өзінің туған қаласымен және Отанымен танысқанда олардың көңіл күйлері көтеріліп, мақтаныш сезім туып, көріп білгендерін сурет арқылы көрсетіп бергенді жақсы көреді. Сондай сурет салу өнері бойынша байқауға бір оқушым қатысып, өзінің сурет салуға деген қызығушылық әрекетін көрсете білді. Осындай сурет көрмелерін ұйымдастырып баруға да болады екен.
Балалардың Отанына, туған жеріне деген игілікті сүйіспеншілік сезімдері оянып және жүректерінде мәңгі қалады. Жыл бойы балалармен жүргізілетін жұмыстың негізі – ол табиғатпен танысу, оны қорғау қызметі.
Табиғатты танып білу арқылы оны қорғай отырып олар Отанды, туған жерді таниды. Біртіндеп осылай мектепте рухани-адамгершілік, патриоттық, еліне адал ұрпақты тәрбиелеу жұмысының жүйесі қалыптасады.
Өсіп келе жатқан еліне адал ұрпақтың патриоттық тәрбиесі – біздің
заманымыздың аса қажетті міндеттерінің бірі.
Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық
қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді, еліне адал азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз.

Мектепке дейінгі балаларды өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде алдын ала еліміздің Қазақстан екендігін түсіндіріп өтеміз. Біздің еліміз Қазақстан, ол тәуелсіз мемлекеттердің бірі болып, онда көптеген ұлт өкілдері жасайды, сол сияқты мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі екендігін білуіміз керектігін түсіндіре отырып, астанасы-Астана қаласы екендігін де айтып өтеміз. Отанға сүйіспеншілікпен қарау өз үйін, өз ата-анасын, достарын, бауырларын, туған жерін сүйе білуі. Соған орай Отанымызға, Астана қаласына, елбасымызға байланысты тақпақ қатарларын сабақ барыстарында да айтып өтеміз, қазір де айтып өтейік:

Отан – менің ата-анам,
Отан – досым, бауырым,
Отан – өлкем Астанам,
Отан – аудан, ауылым.

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,
Тілеймін әр адамға бақыт қонсын,
Елімнің ел ағасы, елбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаев ата аман болсын!
Осындай тақпақ қатарлары арқылы балаларды өз Отанын, туған жерін, елбасын сүюге тәрбиелеп барамыз. Осылайша балаларды өмірде тәрбиелеп бару біздің міндетіміз екендігін ұмытпағанымыз жөн.

Қорытынды:
Қорыта келе біз балаларды еш уақытта өз туған жерінен, Отанынан ешқайда кетіп қалмауға, еш уақытта мойымауға барлық уақытта сүйіспеншілікпен қарауға, күш жігерлерін аямай қорғай білуге тәрбиелегеніміз жөн.

Ұсыныс: Мектепалды дайындық сыныптарының балаларына да, мұғалімдеріне де байланысты сайыстар, байқаулар өтсе деген, сондай-ақ мектепалды дайындық сыныптарына тиісті курстар, семинарлар көп өткізілсе деген ұсыныс білдіремін.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *