Тәрбие беруге көзқарас…

Ибраева Айнагуль Маратовна

Бала тәрбиесі қай кезеңде болмасын қоғамдағы  өзекті мәселелердің бірі. Өйткені балалар – елдің ертеңі. «Ел болғың келсе, бесігіңді түзе» деген бабаларымыз. Ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек,тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы» деген. Ұлы сөздің ақиқат екенін барынша ұғынсақ та, оған қажымас қайрат пен ерен еңбектің қажет екенін мойындаймыз. Бұл жауапкершілік, әрине, ұстаз мойнында.

Мектептегі білім беру процесінің басты мақсаты – оқыту мен тәрбиені ұштастыру. Ол мұғалімнен жан-жақтылықты  талап етеді. Ұстаз  — диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Заманауи сынып жетекші балалардың қолдаушысы, кеңесшісі,  әрі досына айналу керек.  Баланы бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – оның басты міндеті. Тәрбиенің асыл діңгегі – ұлттық салт-сана мен рухани байлық екенін есте сақтап, өз жұмысын соған сай жоспарлау. Осы орайда біздің мектебімізде де бірталай жұмыстар ұйымдастырылады. Жыл сайын  жүйелі түрде өтетін өткізілетін  мұғалімдер күні, қарттар күні, Елбасы күні, Наурыз мерекесі сияқты тәлімі мол іс-шаралар айтылған мақсаттарға жекізеді. Тал бесіктен басталатын тәрбиелеу үрдісі ананың ақ сүтінен бастап, мектеппен жалғасатын, өмір теңізінде ұшталатын күрделі әрекет. Отбасында  баланың  тұлғалық жеке қасиеттері, өзгелермен қарым –қатынасы, белгілі бір  мінез бен әдеттері қалыптасады. Одан әрі  сынып жетекшісі оқушыны тануға, оны жақсы көріп, қызығушылығын оятуға тиіс. Яғни мектеп — бала, ата-ана және сынып жетекші өзара байланысатын жүйе деп айтуға болады. Сондықтан ата-анамен байланыс тәрбие беру үдерісіндегі  маңызды буын. Мектепте ата-аналар комитеті және аталар мен әжелер кеңесі жұмыс істейді. Біз  ата-аналар комитетімен бірлесіп түрлі іс-шаралар өткіземіз. Бұл шаралар мектеппен ата-аналар арасында ынтымақтастықты нығайтады. «Сіздер баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқанда немесе бұйрық берген кезде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар, — деп жазады белгілі педагог А.С. Макаренко, «Сіздер оны өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер, сіздер қалай киінесіздер, сіздер басқалармен қалай сөйлесесіздер немесе басқа адамдар туралы қалай қуанасыздар және ренжисіздер, сіздер достарыңызбен қандай қарым-қатынаста боласыздар, сіздер қалай күлесіздер, газет-журнал оқисыздар — осылардың бәрінің бала үшін маңызы бар».Жоғарыдағы айтылған сөзімді қайталап айтсам артық болмас бүгінгі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру ең маңызды мәселердің бірі  болып тұр.Олай болса,оқушыларға өз бетімен іздену билігі мен дағдысын қалыптастыруға оның ізденіп зерттеу жұмыстарына ықпал етіп,бағдар беру-әр ұстаздың басты міндеті .Атақты жауынгер Б.Момышұлының «Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр» деген аталық сөздерінде үлкен мән жатқанын баса айтқымыз келеді. Отбасы – ана-ата – мектеп үштік ұғымы біріккенде сапалы білім мен саналы тәрбие болады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *