“Масс медиа туралы” заң жоспарын талдау

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдар белгілі бір елдегі медиа қызметін реттейді. Жалпы БАҚ, медиа туралы заң сөз бостандығы мен ел ішіндегі стандарттарын сақтау жауапкершілігі арасындағы тепе-теңдіктің сақталуына жауап береді. Онда бұқаралық ақпарат құралдарын лицензиялауға, өңдеуге, таратуға және бақылауға қатысты ережелер болуы мүмкін. Баспасөз бостандығы, мазмұнды шектеу және жарнама ережелері сияқты мәселелерді қамтуы мүмкін. Заңдар әр елде әртүрлі болады. Біздің Қазақстанда медиаға саласына қатысты “БАҚ туралы” заң бар. Соңғы жылдарда бұл заң ескірген және кейбір тараулары қазіргі қоғамның талаптарын қанағаттандырмайтынын мәлімдеп, жаңа заң жобасын құрған. Ол “Масс-медиа туралы” заң деп аталады. Бұл заң 11 тараудан, 78 баптан тұрады. Екеуін салыстыра талдап көрейік. Бұл жаңа заңдағы негізгі реформалар журналистердің құқықтық мәртебесін арттыруға және олар үшін құқықтық кепілдіктерді жаңа деңгейге шығаруға бағытталған. Мысалы, бұл заң жобасында «масс-медиа», «грант», «субсидия», «корреспонденттік пункт», «Журналистердің құқықтары туралы Ұлттық баяндама» сияқты жаңа ұғымдарды енгізуді талап еткен. Ал дәстүрлі “БАҚ туралы” заңда бұл терминдер жоқ. Сонымен қатар жаңа заңда ұсынылған басты қағидат — журналиске сөз бостандығын беру және оның құқығын қорғау. Журналистердің өзіндік құқықтары мен міндеттеріне сай журналистердің құқығы қорғалмай жатады. Мысалы, қаңтар оқиғасында “Алматы әуежайын басып алу” сот ісінде журналист Айгерім Тілеужан айыпталып, 4 жылға сотталды. Халыққа ақпарат тарату мақсатында өмірін қиып өз қызметін атқарған журналист Айгерімнің құқығын ешкім қорғай алмады. Осыған байланысты жаңа заңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 158-бабын ішінара декриминализациялау («Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау») бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат таратуға еркіндік бермеді деген айып тағуға болады. Ал жаңа заңда осыған байланысты сөз бостандығы кепілдіктерін нығайту бойынша бірқатар новеллалар ұсынылады. Қазіргі қоғамда интернет желісі медианың ажырамас бөлігіне айналды. Соған орай жаңа заңда “Телерадио хабарларын тарату саласындағы трендтердің өзгеруі” атты тарау бар. Бұл бұқаралық коммуникацияның дамуына және көшпен бірге ілгері жүруге, басқа мемлекеттермен бәсекеге қабілеттілігімізді арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Себебі БАҚ қазіргі жағдайында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттілікті нығайту стратегиясына жауап беретін Қазақстандағы телерадио хабарларын таратуды жетілдіруде жаңа көзқарас қажет. Бірақ, біздің мемлекетте ең бастасы осы қағаздағы заңдардың, қолданылуы. БАҚ туралы заңдар ашық, әділ және ақпараттық қоғамның заманауи сын-қатерлеріне жауап беретін болуы керек. Олар азаматтардың ақпарат алу құқығын қорғап, заң бұзғандарды жауапқа тартуы керек. Мүдделердің сан алуандығын ескеретін және қоғамдағы ашықтық пен сөз бостандығына ықпал ететін заңдарды әзірлеу үшін билік, журналистер және қоғам арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды қолдау маңызды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *