Көптілділік-заман талабы

    Тілден тілдің кемдігі болғанымен, кемдігі жоқ. Көп тілді білу жас ұрпақтың жаңаша ойлауына және түрлі тілдің қыр-сырын танып, ой-өрісін кеңейтуге септігін тигізеді. Сонымен қатар, жастардың қабілеті мен қызығушылығын арттырады.                Қазіргі таңда жаһандану үдерісі кең етек алып отыр. Осыған байланысты өзге мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас жасаудамыз. Дамыған елдердің арасында біздің елдің бәсекеге қабілетті болуы да, ұрпақтың көп тілді меңгеруіне байланысты. Яғни, көп тілді білу арқылы өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынас орнатуға болады. Интернет желісінде білім мен ғылымның, технологияның және т.б. дамуына байланысты өзге тілде ақпарат берілуі мүмкін. Тіпті, фильм мен кітаптың өзі басқа тілде болуы мүмкін. Ол мәліметтерді еркін түсініп, аудармаға жүгінбей, түпнұсқасын түсінгіңіз келеді. Демек, қандай да бір ақпаратты түсіну үшін көп тілді білген абзал.                                               Қазіргі кезде, жастардың, маман иелерінің тәжірбие алмасу үшін шетелге кетіп жатқанын көреміз. Осындай жағдайда бірнеше тілді меңгере білген адамға үлкен көмегін тигізеді. Сонымен қатар, көп тілді білген адам өзгелердің мәдениетін, ұлттық болмысын өз бойына сіңіреді.                                                        Қортындылай келе, көптілділік-заман талабы, адамзат өмірінің жаңа сатыға көтерілуі мен оның жаңа деңгейі. Көп тілді меңгере білген адам жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *