Көзілдірік

Көзілдірік»

Көзілдірік сөзін естігенде ойыңызға бірінші не келді? Күннен қорғайтын ба? әлде көзі жанары нашар адамдарға арналған көзілдірік пе? Әйтсе де, 21 ғасырда көзілдірік сән үшін де, тұрғылықты өмірді дұрыс көруі үшінде арнала береді. Мұрын мен құлақта тіреліп тұратын ^көзілдіріктің» шығу тарихын білесіз бе? Ендеше, мархаббат зер салыңыз. Бұл әлімнің әрбір дүниесі тарихқа толы бір ғажап.

Алайда, нақты кімнің ойлап тапқан дүниесі екені туралы деректер аз-маз.

Деректер бойынша  ең алғашқы көзді күннен қорғайтын  көзілдірікті Қиыр Солтүстік пен Азияның, сонымен қатар Американың ежелгі тұрғындары ойлап тауыпты. Оларды жануарлардың сүйегінен жасаған екен. Ал, Қытай жерінде ежелде күңгірт көзілдірік яғни, қара көзілдіріктің арғы атасы пайда болған. Мұндай көзілдірікті Қытайда сот үкімін оқитындар киген, себебі жаза алушылар мен куәгерлер сот үкімін оқитындардың көзінен олардың ішкі жан-дүниесін танып қоймау мақсатында пайдаланған.

Ежелгі Грекияда адамдар дөңес және ойыс айналардың ерекшеліктерін байқаған. Ұсақ әріптерді немесе таңбаларды жақындатып, ұлғайтып оқу үшін алғашында бір ғана көзге арналған оптикалық құралдар пайдаланылған. ХІІІ ғасырда венециялық шыны үрлеушілер алғаш рет көзілдірік жасауға арналған түссіз, жұқа және мөлдір шыныларды ойлап тапты. Ал оқуға арналған алғашқы көзілдіріктің пайда болған жері – Италия деп есептелінеді. ХІV ғасырдың басында Еуропада көзілдірік туралы деректер кеңінен тарала бастады.

ХҮІІІ ғасырда Лондондық оптик Эдвард Скарлетт көзілдіріктің имек тұтқасын ойлап тапты.

Көзді күннен қорғайтын көзілдірікті ең алғаш рет көп мөлшерде жасауға тапсырыс берген Наполеон болған. Ол Мысырға жорыққа шыққанда өзінің әскерлеріне күннен қорғайтын көзілдірікті тағып жүруді бұйырыпты.

Көзілдіріктің пайда болғандығын растайтын ең ескі құжат 1352 жылға тән. Ол сол жылы салынған портрет болатын. Портретте итальяндықтардың кардинал қолына көзілдірік ұстап отырғандығы бейнеленген.

Орындаған:Русланова Айзада

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *