Мобилизация:соғысқа бармай қайтқандар

Мобилизацияланған сарбаздың бірі 27 қыркүйекте көз жұмғаны белгілі болды. Звездный ауылының тұрғыны Борис Шаваев Кабардин-Балқарда, әскери базада сапқа тұру кезінде жүрек талмасынан көз жұмған.

Қыркүйектің 28-і күні Төмен маңындағы Андреевский елді-мекенінде мобилизацияға шақырылған ер адам қайтыс болды. 11 қазанда Төмен гарнизоны бойынша Тергеу комитетінің әскери тергеу басқармасы ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатқанын хабарлады, бірақ егжей-тегжей нақты ақпарат айтылмады.

28 қыркүйекте Забайкалье өлкесінің оңтүстік-шығысындағы әскери бөлімде де ер адамның мәйіті табылды. Өлім фактісі әскери тергеу департаментінде журналистерге расталды, бірақ содан бері басқа мәліметтер айтылған жоқ.

3 қазанда Новосібір жоғары әскери командалық училищесінде мобилизацияланған ер адамның қаза тапқаны туралы хабарланды. Бұл туралы ақпаратты Новосібір облысындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Нина Шалабаева растады. Оның айтуынша, ер адам ұйықтап жатқанда қайтыс болған. Кейінірек марқұмның 35 жастағы Братск қаласының тумасы Александр Колтун екені анықталды.

3 қазанда Свердлов облысында мобилизацияланған үш адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Екі адам Порошино ауылындағы Қорғаныс министрлігінің оқу-жаттығу орталығының Елан гарнизоны аумағында көз жұмған. Тағы біреуі ауырып, үйіне жіберілгеннен кейін қайтыс болған. Билік үшеуінің өліміне қатысты қысқаша ғана «тергеп, зерттеп жатырмыз» деп жауап қатты.

4 қазанда БАҚ Омбы әскери бөлімінде мобилизацияоанған Красноярск азаматы Дмитрий В-ның (аты-жөні белгісіз) қайтыс болғанын хабарлады.

5 қазанда мобилизацияланғандардың бірі Пензадағы полигонда оқу-жаттығу жиындары кезінде қайтыс болды. Әлі күнге дейін 41 жастағы марқұмның аты-жөні жарияланған жоқ. 11 қазанда Пенза облысындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Елена Рогова РБК-ға мобилизацияланған адамның қаза тапқанын растады.
Панабаева Асем

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *