Күз сыйы.Циклограмма.

Мұрат Жаңылсын Серікқызы

Циклограмма
ІY апта
Ортаңғы тобы
01.11-05.11.2022

Өтпелі тақырып «Күз сыйы»

Күн тәртібі Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма
Балаларды қабылдау
Ата-аналармен әңгімелесу
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы. Балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс.
Ата-аналармен жұмыс:
«Балалардың демалыс күндерін қалай, қайда өткізгендері жайлы» әңгімелесу.
Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. ) Картотека № 13
Құрлымдалған ойын: «Не артық?»
Мақсаты: Суретте тұрған артық затты таба біледі.
4К моделі, бала үні.
Картотека № 14
Құрлымдалған ойын: «Гүлдер біздің досымыз»
Мақсаты: балалар гүлдерді дұрыс күтіп-баптау, суару, қопсыту дағдыларын меңгереді.
4К моделі, бала үні.
Картотека № 15
Құрлымдалған ойын: «Құстарға көмектесеміз?»
Мақсаты: Балалар құстар туралы түсіне отырып, құстарға қамқорлықпен қарауды біледі.
4К моделі, бала үні.
Картотека № 16
Құрлымдалған ойын: «Қоянға көмектесеміз»
Мақсаты: Заттарды санауға және олардың екі тобын салыстырып, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуды біледі.
4К моделі, бала үні.
Картотека № 17
Құрлымдалған ойын: «Жеке атауын ата»
Мақсаты: көкіністердің аттарын жеке – жеке атап,түстерін, пішіндерін ажырата біледі.
4К моделі, бала үні.

Таным саласы білім беру саласы картотекасынан
Таңертеңгі гимнастика Қараша айының 4 –аптасына арналған жаттығу кешені. Жаттығу кешені қосымшада тіркелген.
Мақсаты. Жалпы даму жаттығуларын жасау арқылы балаларды шапшаңдыққа, дене бітімін дұрыс қаслыптасуына үйретеді.
Таңғы ас Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау.

Ойындар, ҰОҚ дайындық ҰОҚ өтілу барысына қажет құралдарды, көрнекіліктер дайындайды.
Жарық болса күніміз.
Жарқын шығар үніміз.
Елін сүйіп ержетер
Біз болашақ гүліміз!

Мектепке дейінгі ұй-ым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызмет-тері Дене шынықтыру
Тақырыбы: Біз саяхаттап жүрміз.Иректеп қойылған жіп үстінде жүру.
Бір-бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер жасап жүгіру.
Допты кеуде тұсынан екі қолмен лақтыру.
Мақсаты: Иректеп қойылған жіп үстінде жүре алады,
динамикалық тепе-теңдікті сақтай біледі, дене бітімін тік
ұстауды қалыптастырады. Бір қарқын мен бір ырғақты сақтай
отырып, бір-бірінің қолдарынан ұстап шеңбер бойымен жүгіре алады.
Педагогтің айтқанын мұқият тыңдап, көрсеткендерін орындау арқылы ептілігін, күшін жетілдіру,
белсенді демалу әдетін қалыптастыра алады
Ресурстар: : Гимнасти-калық қабырға, доға.
Әдіс –тәсілдер: 4К моделі, бала үні, саралау, бақылау. командада жұмыс жасау,
Тікелей бақылайды.
Ұйымдастыру кезеңі. . Балалармен амандасу
Тәрбиешінің артынан шеңбермен жүру.
«Орман аңдары»
1. «Аю»
Қолды белге қойып, (қорбандап) табанды нық басып жүру.
2. «Түлкі»
Қолды жанға ұстап, (қуланып) бір сызықпен жүру.
3. «Көжек»
Қолды кеуденің алдында иіп, қос аяқпен секіру.
4. «Қасқыр»
Баяу жүгіру, жылдам жүгіру.
3.Жалпы даму жаттығулары:
(Доптармен).
1.Б.қ.: тік тұру, аяқ бірге, доп кеудеде.
Допты алға созу.
Жоғары көтеру. Алға созу. Б. қ. келу.
2.Б. қ.: аяқ иық көлеміндей алшақ, қол төменде.
Допты алға созу.Отыру, тұру.Б. қ. келу
3. Б. қ.: Аяқ арасы иық көлеміндей алшақ, доп кеуде тұсында.
Допты алға созу.
Еңкею, допты тізеге тигізу. Б. қ. келу.
4. Қос аяқпен секіру.
Б. қ. келу.
Тыныс алу жаттығулары:
«Алақандағы допты үрлеу».
4 к моделі, бала үні
Өнім арқылы саралау Жетелеуші сұрақтар арқылы бақылау
Негізгі қимыл-жаттығулары:
1 Гимнастикалық қабырға жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелейді.
2.Доға астынана еңбектеп өтеді.
Мазмұн арқылы саралау
Қимылды ойын:
«Кішкентай мысықтар»
Ойын шартын түсіндіреді.
балалармен бірлесе ойнайды.
Бір біріне кедергі жасамай жүгіруге дағдыландырады.
4 к моделі, бала үні
Балаларды мадақтау
Қимылды ойын:
«Қояндар»
Балаларды мадақтайды.

Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Туған өлкедегі күз
Мақсаты: Балалар күз мезгіліне тән белгілерді таба алады.Күз мезгіліндегі өсімдіктер мен жануарлардағы өзгерістер туралы айта алады.Табиғатқа қамқор бола біледі.
Ресурстар :қуыршақ,топ гүлдері
Әдіс –тәсілдер: 4К моделі, бала үні, саралау, бақылау.
ҰОҚ жүргізілу барысы
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
Миға шабуыл:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Табиғатта қандай өзгерістер байқалады?
Бала үні.
Қызығушылықтарын ояту.
Пед жет ойын: «Кім тапқыр?»
Жұмбақ жасыру.
— Адамдардың бәрі қызығады, су құймасаң сәні бұзылады.
Бұл не?
Сыни ойлау, бала үні.
Дұрыс. Жарайсыңдар, ендеше бүгін біз бөлме өсімдіктерімен таныс боламыз.
Тосын сәт.
Айгүл қуыршақтың келуі.
Балалармен амандасады.
Балалар ,мен де үйіме гүл өсіргім келеді, бірақ мен күту, баптау ережелерін білмеймін.
Маған көмектесесіңдер ма?
Балалар Айгүлге топтағы гүлдер туралы айтып берейік.
-Балалар,гүлдер не үшін керек?
-Егер гүлдер жоқ болса не болар еді?
-Оларға күтім жасалмағанда не болар еді?
Сыни ойлау, бала үні.
Ой дамыту.
1.Фикус гүлімен таныстыру Гүлінің түсі қызыл, хош иісті болып келеді екен.
Фикус гүлі өте әдемі, бөлмемізді әдемі етіп тұрады. Жапырағын ұстап, жылтыр, тегіс екенін айту.
2.Алоэ гүлімен таныстыру
Алоэның емдік қасиеті бар, дәрі-дәрмек. Егерде, жүгіріп бара жатып, жарақат алған жағдайда осы алоэ кескінін кесіп алып, жарақат алған жерге тигізіп бір-аз уақыт ұстап тұрсақ жазылады екен. Міне, өсімдіктердің осындай адамға деген пайдасы бар екен.
Өнім арқылы саралау, блум таксономиясы, бала үні.Құрлымдалған ойын:
«Гүл отырғызамыз»

Шарты: Гүлді күту ережелерін көрстету,түсіндіру.
Үдеріс арқылы саралау, блум таксономиясы, Жетелеуші сұрақтар арқылы бақылау
Сергіту сәті.
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам,
Қанатты бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Бала үні.
Қорытынды.
Айгүл балаларға рахмет айтып қоштасады.
Сұрақ жауап арқылы қорытындылау.
-Қонаққа кім келді?
-Айгүлді қандай бөлме гүлдерімен таныстырдық?
-Бөлме гүлдерін қалай күтеміз?
Сыни ойлау, бала үні.
Жақсы жауап берген балаларға жұлдызша береді.
Математика негіздері
Тақырыбы: Дөңгелек
Мақсаты: Жазық геометриялық пішін –
дөңгелек және оның
қасиеттерімен танысады.Балалар басқа геометриялық пішіндер арасынан дөңгелекті ажыратып, атай біледі.
Ресурстар: : қоян ойыншық, қызыл,көк, жасыл түстер,әр түрлі ойыншықтар
Әдіс –тәсілдер: 4К моделі, бала үні, саралау, бақылау.
ҰОҚ жүргізілу барысы
Шаттық шеңбер
Е.Өтетілеуұлының «Көңілді балалар»
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Пед жет ойын: «Түстер мен заттар»
Шарты: Балаларға доп лақтырып, бір түсті айтамын, допты алған бала сол түске сәйкес затты айту керек.
Қызығушылықтарын ояту.
Тосын сәт.Қоян келеді.
Амандасу.
Қоян балалар менің себетім де ойын тапсырмалар бар.
Мен сендердің білімдеріңді көргім келеді.
Қоянмен ойын.
Суретпен жұмыс.
Құрлымдалған ойын:
«Не қайда тұр»
Шарты: оң, сол ұғымын айыра білу.
-Менің сол жағымда не отыр?
-Менің оң жағымда қандай аң отыр?
Сыни ойлау, бала үні.
Ой дамыту.
Оң, сол ұғымдары туралы түсінік беру.
Мысалдар келтіру.
Балаларды түстер бойынша топқа бөлу.
Оқу ортасы арқылы саралау.
1-топ қызыл түс
2- топ көк түс
3-топ жасыл түс.
Әр топқа тапсырма беру.
Тапсырма шарты: шашылып жатырған ойыншықтарды түстеріне қарай сөрелерге орналастыру (жоғарыға қызыл ойыншықтар,ортасына жасыл ойыншықтар, астына көк түсті ойыншықтар)
Балаларды жоғарыда, төменде, ортасында, сол жақта, оң жақта, арасында деген сөздерді қолдануға үйретеді.
Мазмұн арқылы саралау,блум таксономиясы, сыни ойлау, бала үні, жанама бақылау.
Балаларды мадақтау.
Әр топқа көңілді смайлктер береді.
Сергіту сәті.
Ал, балалар тұрайық.
Үлкен щеңбер құрайық,
Алақанды соғайық.
Оң жақтағы балаға,
Шапалақты соғайық.
Сол жақтағы балаға,
Шапалақты соғайық.
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Пед жет ойын: «Жасырынбақ» ойыны.
Әр топ қарама қарыс топқа заттың атын айтпай, оның қай жерде тұрғанын және белгілі бір қасиетін айтып жасырады . Қарсы топ оның қандай зат екенін табады.
Дұрыс жауап береген топқа смайлк береді.
Өнім арқылы саралау, сыни ойлау, бала үні.
Қорытынды.
Қоян балаларды мадақтап, рахмет айтып қоштасады
Балаларға сұрақ қою арқылы қорытындылайды.
-Қандай тапсырмаларды орындадық?
-Қандай ойын ойнадық?
Бала үні.
Белсене қатысқан балаларды мақтау.
Әр топтың смайлктерін салыстырып,мадақтайды.

Музыка маман жоспары бойынша Дене шынықтыру
Тақырыбы:Арқанның астынан еңбектеп өту
Мақсаты:Балалар арқанның астынан еңбектеп өтуге үйренеді. Бір-біріне кедергі жасамауларын қадағалау. Еңбектеп жүру және арқанның астынан өту дағдыларын дамытады.Балалар достық қарым – қатынас жасауға тәрбиеленеді.
Ресурстар: : Көлбеу тақтай, доптар
Әдіс –тәсілдер: 4К моделі, бала үні, саралау, бақылау.
ҰОҚ ӨТІЛУ БАРЫСЫ
Кіріспе бөлімі:
Сапқа тұру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап тізені шапалақтай жүгіру
Қол бүйірде, аяқтың ұшымен жүру.өкшемен жүру. тізені бүгіп жүру.
Сапқа тұру. 4 колоннаға тұрады.
Жалпы даму жаттығулары:
1.«Торғай ұшты»
Аяқты алшақ қоямыз, қолымыз жанға созу, басты оңнан солға қарай, төмен- жоғары бұру 2.«Баспалдақ»
Аяқты алшақ қоямыз, қолымыз жанда, 1- 2 қолды белге қоямыз, 3-4 иыққа ,5-6 жоғары созамыз, 7-8 – шапалақтаймыз. Керісінше қайталаймыз. 5-6 р
3. «Арқан созу»
Аяқты алшақ, қолымызды кеуде тұсына қоямыз, 1- оң қолымызды жоғары, 2- сол қолды төменге қарай созу. 3-4 қимылды керісінше жасау.
/6 рет қайталау/
4. «Гүлдің ашылуы»
Аяқтары алшақ қойылған. Қол төменде, аяқтың ұшымен тұру, қолды жоғары созу. (6- рет қайталау.)
5. «Тырна»
Аяқтарын біріктіру. Оң аяқты бүгіп, орнында секіру. Сол аяқты /10-15секунд/
Тыныс алу жаттығулары: мұрын арқылы демді ішке жұтып, ауыздан демді шығарады.
Еркін жүру. Қолды жанға созып, аяқтың ұшымен жүреді.
4К моделі, креативтілік дағды.
Өнім арқылы саралау Жетелеуші сұрақтар арқылы
Негізгі қимыл-жаттығулары:
1.Көлбеу тақтаймен (ені 2 см, биіктігі 30-35 см) жоғары және төмен жүреді.
2.Допты лақтыру және қағып алады.
4К моделі, бала үні.
Құрлымдалған қимылды ойын: «Бақалар.»
Ойын шартымен таныстырады.
Балаларды мадақтау
Командада жұмыс, бала үні
Қорытынды:
Сұрақ – жауап Балаларды мадақтау

Жаратылыстану
Тақырыбы: Бақшаға біз барамыз,көкөністер аламыз Мақсаты:жемістердің, көкөністердің дәруменге бай екенін, денсаулыққа пайдасын түсініп айтып бере алады, бау-бақшаға саяхатқа шығып, еңбексүйгіштіктіктерін көрсете алады.
Ресурс: АҚТ тех, көрнекі құралдар
Әдіс-тәсілдер: 4К моделі, бала үні, саралау, бақылау.
ҰОҚ жүргізілу барысы.
Тосын сәт. Айгүл қуыршақ келеді.
Балалардан көмек сұрайды.
Дәрігердің жазған қағазын жоғалтып алдым,онда пайдалы дәрумендер туралы жазған еді,енді сендерден көмек сұрап келдім.Маған пайдалы дәрумендер неде бар екенің айтып беріңдерші?
Балалар көмектесеміз бе?
Сыни ойлау, бала үні.
«Суретпен жұмыс»
Балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар?

Бір сөзбен айтқанда бұларды нелер дейміз?
Ал,мына суретте не көріп тұрсыңдар?

Оларды бір сөзбен айтқанда нелер дейміз? Балалар біз дәрумендерді қайдан аламыз?
Блум таксономиясы, сыни ойлау, бала үні,
Пед жет ойын: «Бақшада ма, бақта ма?»
Шарты: Бақ пен бақша сөзі айтылғанда өзіне тиесілі суретті көрсету.
4.Дәруменнің пайдасы.

Дәрумендердің А,В,С, Д, Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз. Мысалы: «А» дәрумені: қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта бар. «В» дәрумені: қиярда, қырыққабатта, сәбізде кездеседі екен. «С» дәрумені қарақатта, лимонда, мандаринде кездеседі. «Д» дәрумені: алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде . Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді.
4 к моделі, бала үні
Өнім арқылы саралау Жетелеуші сұрақтар арқылы бақылау
5.Сергіту сәті
Көкөністі көп ектік (бір қатарға тұрып, егін егу қимылын көрсету)
Өссін, піссін – деп ектік (су құю, шөп жұлу қимылы)
Көктемде еккен көкөніс
Күзде берер көп өнім
Құрлымдалған ойын:«Пайдалы және зиянды тағамдар»
Шарты:Пайдалы тағамдарды себетке жинаймыз,ал денсаулығымызға кері әсерін тигізетін тағамдарды қоқыс шелегіне жинаймыз.
Жаппай бақылау
Мазмұн арқылы саралау
Қорытынды.
Рахмет, балалар! Сендер тапсырманың барлығын жақсы орындадыңдар.
Балаларды мадақтап,жұлдызшалар беру.

 

Дене шынықтыру
Тақырыбы:Күн нұры
Мақсаты: Бағытты өзгерте отырып жүру және жүгіру.
Көлбеу тақтайшада жоғары және төмен жүру. Допты тор
арқылы бастан асыра лақтыру.
Мақсаты: Еңіс тақтай бойымен жүре алады көлбеу тақтайшада жоғары және төмен қарай
жүре алады, тепе-теңдікті сақтау, ептілік пен батылдықты
дамытуға ықпал ету. Тор арқылы доп лақтыруға жаттығады,
допты қолды шұғыл қимылдата түзетіп жоғарыға, алға қарай
лақтыра білуді үйренеді
Ресурстар:Арқан, жіп , жүруге арналған тақтай , ленталар.
Әдіс-тәсілі: 4К. бала үні, саралау, жаппай бақылау. Топтастыру әдісі
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.
Шеңбер бойымен қойылған заттар арасымен әр түрлі жағдайда: қолды белге қойып, екі жаққа жіберіп, артқа ұстап жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жұптасып жүгіру.
Шеңбер бойымен еркін жүру.
1 сапқа тұру.
1 саптан 4 звеноға тұру. / сапқа тұрарда себеттен екі лентадан алу/
Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Топтастыру әдісі
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Басты айналдыру»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Денені тік ұстап, лента төменде.тік тұрып, қолды белге ұстау керек, 1-2-3-4 есебінде басты оңға қарай, содан соң келесі жаққа айналдыру керек. /5-рет қайталау./
Б.қ.: «Шеңбер»
2. Аяқтары алшақ қойылған, оң қолдағы лентаны 1-2 деп санағанда алдымен екі жанға, содан соң алға, қайта екі жанға, содан соң артқа қолмен кең шеңберлер жасау керек; 3 — 4 есебінде алға қарай. /5 рет қайталау./
Б.қ.: «Лентаны жасыр»
3. Аяқтары иық жалпақтығында, ленталар жанда, алдыға еңкейіп, ленталарды артқа созу «жасырдым» деп айту, шалқайып, қолды алдыға созу «міне-міне» деп айту. /5 рет қайталау./
Б.қ.: «Жоғарыда-төменде»
4. Аяқтарын алшық қою, ленталар қолда. Лентаны жоғары созып «жоғарыда» деп айту, төменде түсіріп «төменде» деп айту. /6 рет қайталау./
Б. қ.: «Лентаны ілу»
5. Аяқтарын алшақ қойып, тізе бүгу. Ленталар төменде. Орнынан тұрып, лентаны жоғары көтеріп, лентаны ілу қимылын жасау «ілдім» деп айту.
/6 рет қайталау./
Б.қ.: «Балерина»
6. Аяқтарын біріктіру. Ленталар жанда. 1- оң аяқты оң жаққа көтеру, сол қолды жоғары көтеру. 2- б.қ. 3- сол аяқты сол жаққа көтеу, оң қолды жоғары көтеру. (6 рет қайталау.)
Б.қ.: «Көңілді ленталар»
7. Аяқтарын алшақ қою, ленталар жанда; аяқты көтеріп жүріп секіру. «Ля-ля-ля» деп айту. (10-15 секунд)
Тыныс алу жаттығулары: Бала әтеш қанат қағады. Қолды бос жіберіп, тік тұрамыз. Қолымызды жоғары көтеріп, жанымызға ұстап, жамбасқа қойып қанат қағамыз. Демді ішке тартып, «ку-ка-ре-ку» деп шақырады.
мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Өнім арқылы саралау, тікелей бақылау, сыни ойлау, бала үні.
Қорытынды:
4 звенодан бір саппен шеңбер бойы жүру. /ленталарды себетке салу/ шеңбер бойы жүру. Маршпен жүру.
Негізгі қимыл-
жаттығулары: жаттығулары
1.Арқан жіптің үстімен жүру.
2.Ойлы-қырлы тақтаймен жүру
Өнім арқылы саралау, тікелей бақылау, сыни ойлау, бала үні.
Қимылды ойын: «Көжектер мен түлкі»
Мақсаты: балаларды шапшандыққа,
ұйымшылдыққа үйрету.
Командамаен жұмыс, креативтілік
Балаларды мадақтау.
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Көкөністер бағына саяхат Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшелігін бақылай алады, көгөністермен танысады, жаңа
сөздермен сөздік қорын байытады,
еңбекті бағалай алады.
Ресурс: жануарлардың бетпердесі, қоржында көкөністер мен жемістердің муляждары.
Әдіс-тәсілдер: 4К моделі, бала үні, саралау, бақылау.
Оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбер
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
Қызығушылықтарын ояту.
«Ненің иісі» Мақсаты.Балалар көзін жұмып отырады, алманы искетіп қандай жеміс екенін сұрау.
Ой қозғау.
Сұрақтар қою.
Алма қайда өседі?
Алма жеміс па,көкөніс па?
Алманың пайдасы бар ма?Алма сендерге ұнайды ма?
Ертегі оқып беру.
«Не дәмді» ертегісін оқып беремін.
Ертегі желісі бойынша сұрақтар қою.
Ертегі не жайында айтылған?
Ал,балалар ,ертегіден нені түсіндіңдер?
Балалардың жауаптарын тыңдау.
Ой дамыту.
Әр адамдардың да өз сүйікті тағамдары бар қандай да тамақ болсын , жиіркеніп жеуге болмайды. Астың бәрі дәмді де,тәтті.
Ендеше ,балалар осы ертегіні сахналайық.
Сергіту сәті.
Алма баққа барайық,
Алма жинап алайық,
Ең үленін дәмдісін,
Әжемізге сыйлайық.
Дидактикалық ойын: «Бұл не?»
Ойын шарты: баланың көзі жұмылады. Қоржынға салынған көкөністер мен жемістерді қолдарына алып, оның дәмі қандай болатынын және пішінін айтып, атын атау керек.
Қорытынды
Балаларды мадақтау.
3 шапалақ әдісі арқылы қорытындылау.

Мүсіндеу Тақырыбы: Күз сыйы.Көкөністер Мақсаты:Ермексаз кесектерінен бөліп алу,
дөңгелету, ширату, созу тәсілдерін
пайдалана отырып, көгөністер мен
жемістерді және азық-түлік
тағамдарын мүсіндей алады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбер.
Үлкенге де сіз.
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп.
Бас иеміз біз.
Ой қозғау.
Сұрақ жауап.
Балалар бау – бақша дегеніміз не?
-Онда не өседі?
— Бау – бақшада өсетін көкөністер бізге пайдалы ма?
— Көкөністерден не жатады??
— Жемістерге не жатады?
Қызығушылықтарын ояту.
Кірпі келеді.
Балалардан көмек сұрайды.
Жеміс ,көкөністер жинауға себет керек екенін айтады.
Топқа бөлу.
1-топ Жемістер
2-топ Көкөністер
1-топ қағазды қиып желімдеу арқылы себет жапсырады.
2-топ ермексазды есу арқылы себет жасайды.
Балаларды бақылау.,жеке көмек көрсету.
Сергіту сәті
Алма баққа барайық
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін, дәмдісін
Анамызға сыйлайық!
Балалардың жұмыстарын қорытындылау.
Галеря шарлау әдісі.
Балалардың жасаған себеттерін кірпіге беру.
Кірпі қуанып,рахмет айтып қоштасаыды.
Қорытынды.
Не қонаққа келді.?
-Қандай көмек сұрады.
Не жасап бердіңдер?
Балаларды мадақтау.
2.Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Дені саудың-жаны сауі
Мақсаты: Денсаулық, денсаулыққа қажетті жағдайлар, денсаулықты сақтау туралы қарапайым түсініктерді біледі.
Ресурс: АҚТ технологиясы, дидакт материалдар.
Әдіс-тәсілдер: 4К моделі, бала үні, саралау, бақылау
ІІ. Таңғажайып сәт.
Жалқаубектің қонаққа келуі.
Сұрақ- жауап.
Жалқаубектің не болған?
— Көңілсіз -Үсті лас
-Сумкасын көтере алмай сүйреп жүр.
Қандай көмек береміз?
Қызығушылықты ояту
Жұмбақ жасыру.
Ерте мен күнде сен,
Қолыңа сүйкесең
Кетіп кір ласың
Тап – таза боласын
Бұл не?
Шомылған баланы
Аймалап алады.
Сүртеді қолыңды
Сүртеді бетіңді
Бұл не?
Бала үні. Сыни ойлау, Блум таксономиясы
Балаларды топқа бөлу
Оқу ортасы арқылы сараау.
1-топ «ТАЗАЛЫҚ»
Пед жет ойын:
«Бұл бала қай, қай бала?
Қарашы үстіне,
Бір кіршік түстіме көзіңе
Тап-таза ақ қаздай
Киімі мұнтаздай
Жарайсың балақай
Дейміз біз мадақтай
Өнім арқылы саралау Жетелеуші сұрақтар арқылы бақылау
Салыстыру
-Анау бала, Бетін қара,
Кір қожалақ, қап-қара
Тырнағы өскен, Шашы көптен
Алынбаспты –ау масқара
Сұрақ –жауап
Осындай бала болмас үшін не істеу керек?
Пед жет ойын: «Тазалықтың достары»
Шарты: Тазалық заттарын жинау.(сүлгі, сабын…)
Мазмұн арқылы саралау Жетелеуші сұрақтар арқылы бақылау
2-топ. «ТАҒАМДАР»
Ой дамыту. АҚТ технологиясы
Суретпен жұмыс
Пайдалы тағам түрлерімен таныстыру.
Құрлымдалған ойын «Жемістер мен көкөністерді жинау.»
Шарты: Екі себетке көкөністер мен жемістерді жинау.
4 к моделі, бала үні
Өнім арқылы саралау Жетелеуші сұрақтар арқылы бақылау
Қортынды
Балаларды мадақтау
Орыс тілі маман жоспары бойынша
Сурет салу Тақырыбы: Күзгі ағаш Мақсаты: Қарапайым табиғат құбылыстарын бейнелей алады.
Ағаштың суретін ерекше тәсілмен салу дағдылары қалыптасады,
қоршаған ортаның әсемдігіне
қызығушылықтары оянып табиғатты қорғай алады.
Ресурстар: трафарет, ағаштардың суреті.
Әдіс-тәсілдер: 4К моделі: командада жұмыс жасау
ҰОҚ ӨТІЛУ БАРЫСЫ.
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
Бала үні.
1. Миға шабул.
Құрлымдалған ойын: «Бақшада ма бақтама»
Шарты: Бақшада нелер өседі, бақта нелер өсетінін айтып беру.
Қызығушылықтарын ояту.
Есік қағылады.
-Балалар қараңдар бізге біреу қорапша тастап кетіпті.
Ой қозғау.
Ішінде не бар екен?

Ағашты алгоритм бойынша түсіндіру.
4. Топқа бөлу
Пед жет ойын: «Қандай ағаш?»
1- топ. Алма ағашы
2- топ. Алмұрт ағашы
3- топ. Шие ағашы
Жұмы с жасаудың әдіс – тәсілін түсіндіру, көрсету
Трафаретпен жұмыс.
Өз беттерінше жұмыс жасау. Қадағалау, көмектесу
Өнім арқылы саралау Жетелеуші сұрақтар арқылы бақылау
Құрлымдалған ойын:
«Біздің көрме»
Мақсаты: Педагогтың әр топтағы балалардың жұмысына баға беру.
Сұрақ – жауап.
Қандай ағаш салдың?
Жемістердің түсін, пішіні қандай?
Салынған суретті себетке салып Айгүлге беру.Қоштасу.
4К моделі, , жанама бақылау, бала үні, мадақтау
Қорытынды.
Рахмет, балалар! Сендер тапсырманың барлығын жақсы орындадыңдар.
Балаларды мадақтап, жұлдызшалар беру.

Серуенге дайындық Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру.
Серуен:

Картотека №8
«Жылы жаққа қайтқан құстарды бақылау»
4К моделі, бала үні. Картотека №9
Аула сыпырушының еңбегін бақылау.
4К моделі, бала үні. Картотека №10
Торғай мен Қарғаны бақылау.
4К моделі, бала үні. Картотека №11
Күнді бақылау.
4К моделі, бала үні. Картотека № 12
Ағаштардан желмен ұшып түсіп жатқан жапырақтарды бақылау.
4К моделі, бала үні.

Серуен картотекасынан (картотека қосымша тіркелген)

Серуеннен оралу Балаларға реттілікпен киімдерін шешуі, өз сөрелеріне киімін жинап таза ұстауды, су болған киімдерін тәрбиешіге көрсетуге үйретеді. Гигиеналық шараларын ұйымдастырады. Түскі асқа дайындық.
Түскі ас Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдану дағдыларын жетілдіреді. Тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйретеді. Тамақтан соң ауыздарын шаюды қадағалайды.
Ұйқы Балалалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнатады. Тыныштық сақтау. Жәй музыка қою.
Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынық-тыру шаралары

№51. Ояну
Оянайық балалар
Маған тезірек қарандар
Шапалақты ұрайық
Орнымыздан тұрайық.
№71. Ояну
Балапандар тұрайық
Көзімізді ашайық
Жан-жаққа біз қарайық
Бір күлімдеп алайық.
№91. Ояту
Ұйқыдан біз тұрайық
Көзімізді ашайық
Анда- мында созылып
Тарқасайық, тұрайық
№2.1. Ояну
Балапандар тұрайық
Көзімізді ашайық
Жан-жаққа біз қарайық
Бір күлімдеп алайық.
№51. Ояну
Оянайық балалар
Маған тезірек қарандар
Шапалақты ұрайық
Орнымыздан тұрайық.

«ҰЙҚЫ АШАР ЖАТТЫҒУЛАРЫ» КАРТОТЕКАСЫНАН (Картотека қосымша тігілген)

Бесін ас Қолдарын сабындап жуып, өз сүлгілеріне сүрту, ұқыпты тамақтану дағдыларын, тамақтану әдебін дұрыс сақтай білуге дағдыландыру.

Ойындар, дербес әрекет. Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс Балық
Балықтар туралы толық түсінік беру, балықты бейнелеуге деген қызығушылығын ояту. Балықтың түрлерімен таныстыру. Балықты дұрыс бейнелеуге үйрету.
Тұзбен салу. Бояулар, қылқалам,
су ыдысы, қол сүлгі
4К моделі, бала үні.
Жазғы ағаштар.
Графикалық техниканың жаңа түрімен — «өсімдік басуымен» таныстыру. Композиция, түстерді қабылдау сезімдерін дамыту
4К моделі, бала үні.
«Жаңбырлы ауа-райы»
Мақта таяқшаларымен сурет салу техникасымен танысу үшін біз қағаздың бүкіл бетіне нүктелік, ритмикалық және біркелкі қолдану қабілетін қалыптастырамыз.
4К моделі, бала үні.
«Жұлдызды аспан»
Көктемгі түнгі аспанға балауыз шам арқылы бейне беру.
4К моделі, бала үні.
Әдемі гүлдер
щетка әдісі
Тіс щеткасы мен тамшыларды шашырату техникасын енгізу. бояуды кішкене алуға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу
4К моделі, бала үні.
Вариативтік компонент
«Сиқырлы құм»
Дәстүрден тыс сурет салу . Шығармашылық білім беру саласы картотекасынан
Жеке баламен жұмыс
Еркін ойын
Жанама бақылау

Серуенге дайындық Серуенге шығу туралы балаларға түсіндіру жұмыстары. Киімдерін дұрыс кие білуге үйрету. Аяқ киімнің оң солын түсіндіру. Серуенге шығу.
Серуен Картотека №8
«Жылы жаққа қайтқан құстарды бақылайды»
4К моделі, бала үні. Картотека №9
Аула сыпырушының еңбегін бақылайды.
4К моделі, бала үні. Картотека №10
Торғай мен Қарғаны бақылайды.
4К моделі, бала үні. Картотека №11
Күнді бақылайды.
4К моделі, бала үні. Картотека № 12
Ағаштардан желмен ұшып түсіп жатқан жапырақтарды бақылайды.
4К моделі, бала үні.

Таңғы серуен картотекасын бекіту (картотека қосымша тіркелген)
Балалардың үйге қайтуы Ана – аналармен әңгімелеседі.
Ата-аналарға балаларын себепсіз балабақшадан қалдырмауларын ескертеді.
Баланың бүгінгі жетістігі туралы әңгімелейді.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *