Кітап-жан азығы

ФИО/ТАЖ Изтаев Мұхаммед

Құрметті оқырман!Сіздермен кітап оқу туралы ойымды бөліскім келеді.Кітап-қай заманда болса да біліміңді толықтыруға,ойлау қабілетіңді дамытуға,сөз байлығыңды жетілдіруге көмектесетін құрал.Қазіргі заманда кітап оқуға қызығушылық таныту әсіресе,оқушылар арасында аз екені белгілі.Солардың бірі мен едім.Кітап оқуға құмарлығым “Елбасы Медалі”жобасына қатысқалы бері ашылды.Сол кезде “Абай жолы”, “Қан мен Тер”, “Гарри Поттер”, “Ақыл қалта” кітаптарын оқып халқымыздың салт-дәстүрлерімен,тарихымен,ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық киімдермен,қазақ дастарқанының шырайын келтіретін тары,қуырған бидай сияқты тағамдармен таныстым.Кәленнің ұлттық мұрамыздың бірі-киіз үйдің керегесін ұзыннан ұзақ жайып тастап офицерлердің аттарын құлату үшін пайдаланған тапқырлығы мен үшін қызық болды.Ал М.Кемелдің “Ақыл қалта”кітабы небір ойшыл даналардың әртүрлі тақырыптағы бізге керекті нақыл сөздерге толы.
Білім алып жатқан “JOO HIGH SCHOOL” мектебіндегі ұйымдастырылған оқу жарысын өте құптаймын.Себебі,оқушылар оған берілетін сыйлыққа қызығып үш,төрт кітаптан оқыды,яғни бұл жарысты кітап оқуға қызықтыруды арттырудың бір жолы деп есептеймін.
Қорыта келе айтарым, кітап оқысаң,таным көкжиегіңіз кеңиді,әр кітаптан жаңа ілім үйреніп, бұрын білмеген нәрсенің көзін ашуға болады.Әжем айтып отыратындай “Кітап-жанға азық” екеніне көзім жетті.Достар!Абай атамыз айтқандай”Артық білім кітапта,Ерінбе оқып көруге”.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *