КОУЧИНГ-СЕССИЯ ─ БАЛАБАҚШАДАҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ.

КОУЧИНГ-СЕССИЯ ─ БАЛАБАҚШАДАҒЫ  ОҚУ-ТӘРБИЕ

ЖҰМЫСЫНДА  ПАЙДАЛАНУДЫҢ  ТИІМДІЛІГІ.

                                                                                                     

Білім мен оның нәтижелілігі – педагогиканың өзекті мәселесі. Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз ететін педагог және оның кәсіби шеберлігі. Сондықтан әдістемелік жұмыстың басты бағытының бірі – тәрбиешінің кәсіби шеберлігінің денгейін көтеру. Әдістемелік жұмыс мазмұны мен педагогтың жұмыс нәтижесінің үнемі байланысы әр тәрбиешінің кәсіби шеберлігін жүйелі жетілдіру үрдісін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, педагогтарға нақты, уақытылы және оңтайлы көмек көрсету.  Педагогтың тек қана кәсіби шеберлігін көтеру емес, сонымен қатар, педагогтың дербестік деңгейде өсуі, оның шығармашылыққа білеттерін ашуына балабақшада ұйымдастырылған инновациялық кешені моделінің маңызы да зор. Инновациялық кешеннің моделі:

  1. Шығармашылық топтар
  2. Ғылыми-әдістемелік кеңес
  3. Тәлімгерлер мектебі
  4. Өзбілімін жетілдіру орталығы
  5. Ақпараттық қолдау тобы

Инновациялық кешеннің қызмет алгоритмі:

1 Шығармашылық топтар. Бұл топты педагогикалық тәжірибесі бес жылдан жоғары асқан педагогтар қауымы құрайды.  Мақсаты: жаңа бағдарламаларды және технологияларды табысты енгізу мен қолдануға жағдай жасау, семинар-практикумдар, кеңестер, шеберлік сыныбын, рөлдік ойындар, диспуттар өткізу, авторлық бағдарламаларды өнімдеу және енгізу.

  1. Ғылыми-әдістемелік орталығы. Бұл топты педагогикалық өтілі он жылдан асқан педагогтар қауымы құрайды. Мақсаты: жылдық жоспар мақсатының табысты шешуіне, негізгі жоба құжаттарының сапалы өнімдеуіне, зерттеуге қатысу (даму бағдарламасы, зерттеу жобалары, іске асыруға бағытталған бағдарламалардың сапалы орындалуы)
  2. Тәлімгерлер мектебі. Мақсаты: жас мамандардың кәсіби қызметінің қалыптасуына жағдай жасау; психология-педагогикалық қолдау және әдістемелік көмек көрсету, жас мамандармен жұмыс жоспарын құрастыру.
  3. Өз білімін жетілдіру орталығы. Мақсаты: өз білімін жетілдіруге қажеттілікті сезе білу, тақырыптың мақсатымен міндетін аңықтау және оның шешіміне бағытталған іс-шараларды жүйеге келтіру.
  4. Ақпараттық қолдау тобы. Мақсаты: электрондық құжаттарды рәсімдеу, мәліметтер қорын жинақтау, дидактикалық материалдарды дайындау, интернет-қорды кең қолдану, бейне қорын толықтыру.

Инновациялы қкешеннің моделін қолдану кезінде күтілетін нәтиже: 1. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнының жаңаруы мен сапасының жоғарлауы; 2. Ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстың жетілдіруі; 3. Педагогтардың кәсіби және әдістемелік құзыреттілігінің өсуі, инновациялық қызметке дайындық деңгейлерінің көтерілуі; 4. Әдістемелік өнімдердің дайындалуы (инновациялық бағыттағы перспективтік жоспарлау, әдістемелік нұсқаулар, авторлық бағдарламалар, жобалар).

Қазіргіуақыт ─ жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтар мен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.  Білімнің дәрежесіне кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өздігінен үнемі ұстап тұра алмайды, осыған орай, коучинг арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынамын. Коучинг білім беру тәжірибесін жақсарту мақсатында ынтымақтастық тағы балабақша кешенінде жүзеге асырылады. Педагог   өз жұмысында жетістікк ежетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекетті талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг факторы болып табылады. Коучинг қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады, оның барысында тәлімгерлер обьективті тыңдаушы және бағыттаушы болады. Коучинг педагогтарға өзмүмкіндіктерін пайдалануға көмектесу деген ұстанымға негізделген.  Осы төңіректе өз зерттеуімд ібастадым. Алдымен  «Коучинг» терминінің шығуы, оны кімдер зерттеді деген сауалдарға жауап іздеп, ақпаратты жинақтадым. «Коучинг» ─ ағылшын сөзі «үйрету, жаттықтыру» дегенді білдіреді, жаттықтыру, үйрету, бағыттау, фактілермен қамтамасыз ету (ағылшын тілінен Оксфорд сөздігі, 2009). «Коучинг» ─ кеңес, қатаң ұсыныс бермейді, керісінше үйретушілер мен үйренушілер бірлесе отырып шешіміз дейді. Коучинг ─ адамға қанағаттанушылық сезімін алыпкелетін мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін ортаны әңгіме және мінез-құлық арқылы құрабілуше берлігін жоғарылатады. Сонымен қатар, В.Ю.Завьяловтың айтуы бойынша, инновациялық коучингтің – бағыты тек қана ұжымды басқару емес, сонымен қатар, олармен іскерлік қарым-қатынаста болу, тәлімгерлік және серіктестік стильде жұмыс атқару, маңыздылығы, үйрету және ұжымдымақсатқа жетуге бағыттау. Әр тұлға атқарып жатқан қызметінің мақсаты мен міндетін, пайдасын түсіне отырып, жұмысын тиімді атқаруға ынтасы көтеріледі. Коучинг адамға өз әлеуетін, қабілетін ашуға мүмкіндік береді. Коучинг кеңес бермейді, адамның өз сауалына жауапты, өзі табуына көмектеседі. Оның жеке өмірде, кәсіби салада жоғары нәтижеге қол жеткізуіне жолашады. Коучингтің ұраны: «Мен жаттықтырушы, ал Сіздер жеңімпаз». Осы ақпараттарға сүйене келе, «Балабақша педагогтарының кәсіби шеберлігін арттыр ужолының бірі – инновациялық технологиялар. Коучинг- сессия» жоба жоспарын құрдым. Коучинг-сессия жобасын ұйымдастыру кезінде педагогтардың кәсіби деңгейлер іесепке алына отырып, олар үштопқа бөлінді. 1-топ ─ Жаңадан бастаушы педагогтар. 2-топ ─ Өз жұмысын жұйеге келтірген педагогтар. 3-топ ─ Инновациялық тәртіпте жұмысістейтін шығармашыл педагогтар.  «Коучинг-сессия» жобаның ерекшелігі педагог өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауға белсенді оқутүріне бағыталуына қолдау көрсету.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Абдраманова Г.Б., Байзулдаева Г.О. Инновациялық технологиялардың білім берудегі рөлі // Молодой ученый. — 2015. №7.1. -4-6-б. 2. Кулагин В.П., В.В. Найханов, Б.Б. Овезов, И.В. Роберт, Г.В. Кольцова, В.Г. Юрасов. Информационные технологии в сфере образования. — М.: Янус-К, 2004. — 248 с. 3. Роберт И.В., Поляков ВА Основные направления научных исследований в области информатизации профессионального образования. — М.: «Образование и Информатика», 2004- 68с.

Тоққожина Марал

тәрбиеші

№42 «Айналайын» МДҰ

 

Ақтөбе қаласы

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *