Жыл басы — Наурыз!

Ақтөбе қаласы

Шәбіл Ақнұр Тәңірбердіқызы

 

Тақырыбы:  «Жыл басы-Наурыз!»

Мақсаты:

Білімділік :  Игіліктің жаңару мен жақсылықтың бастауы болып саналатын халықтың  мерекесі –Наурыз туралы айтып түсіндіру, тамыры терең, дәстүрі жаңарған мейрамның күнтізбеден ерекше орын алатынын   айтып  түсіндіру.

Дамытушылық:   Әнді көңілді, шаттықпен орындауға, ұлттық билерді еркін билеуге  төселдіру. Наурыз тақпақтарын  мәнерлі оқи білуге баулу.

Тәрбиелік:    Ұлттық мейрамды сезіне білуге, ұлттық ойындарды ұйымшылдықпен, бірлікте ойнауға  тәрбиелеу, өздерін  байыпты, байсалды  ұстауға, үлкендер  алдында ізетті болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Наурыз  нақыштары» безендірілген  зал, ұлттық  жабдықтар,  ұлттық   заттар: домбыра,  сандық, кебеже т.б. даналық  сөздер,  шарлар,  гүлдер.

Кіріспе:  музыка ырғағымен  саппен  балалардың  залға  кіруі.

 

Тәрбиеші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар

Босқа  қарап  тұрмаңыздар

Наурыз  тойы басталды

Қызықтан  тыс  қалмаңыздар,

бүгін сіздердің алдарыңызда бар өнерін ортаға салатын «Ақбота» тобы.

 

Ғажайып сәт: Әже келеді, шашу шашады.

 

Ән: «Наурыз той».

 

Балалар тақпақтары

Адиля:
Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
А.Айлин:
Жүректерден ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Айя:
Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Әмина:
Табиғатым тамаша,
Тамылжып тұр жараса.                                                                                                      Аяжан:
Құлпырды жер, гүлді.
Мейірімді таң күлді.

Ғажайып сәт: Алдаркөсе келеді.

Би: «Гүлдер, гүлдер».

 

Ойын: «Хан талапай».

 

Балалар тақпақтары

Аяулым:
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.                                                                                                        Балым:
Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Батырхан:
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Барша қазақ елiне.
Бегім:
Наурыз тойда халайық!
Шырқап әнге салайық.                                                                                                        Нурали:
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі ән-жырымыз.

Ән: «Әжемнің шайы!»                                                                                               

Би:  «Ей, тұлпарым!»

Балалар тақпақтары

Дәулет:                              
Наурыз тойы-мереке
Наурыз тойы-береке
Нияз:
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Жантөре:
Құстар ұшып келеді,
Наурыз келді, алақай!
Диляра:   
Ағаштар гүлденді,
Наурыз келді, алақай!                                                                                                Дильназ:
Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық!

 

Ойын: «Арқан тартыс».

Тәрбиеші:
Жасасын деп  шіркін наурыз
Құтты  болсын!-деп айтамыз.
Барлығыңыз үйге кіріп
Біздің  үйден  дәм татыңыз. \Дастарқаннан дәм татуға шақыру, дәмнен кейін ас қайтарылып, бата оқылады\.

Бата. Аумин!

Тәрбиеші:  Осымен, «Жыл басы-Наурыз!» атты   ертеңгілігіміз аяқталды.

 

Сау болыңыздар!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *