Бағдаршам

Ақтөбе қаласы

Еспамбетова Ақбаян Мирамгалиевна

 

Тақырыбы: «Бағдаршам»

 

Мақсаты:

Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бала сезімін кеңейтіп, тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңгерту. Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: рульдер, белгілер, жол белгілерінің суреттері, бағдаршам.

 

Барысы:

Тәрбиеші: 

Жұмбақ

Аяғы бар жүрмейді,

Аузы жоқ сөйлейді. (Бағдаршам)

 

Жүргізуші: –Дұрыс, айтасыңдар.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба.

 

Бағдаршамның қызметі жол тәртібін реттеуші.

 

– Бағдаршам сендерге хат жіберіпті, ашып көрейік, не жазыпты?

 

Ойын: «Бағдаршам» құрау

Ойынның шарты: Балалар барлығы бағдаршам құрастырады.

 

Жүргізуші: 

Балалар жүргіншілер  мынадай сұрақ қойыпты.

– Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?

– Жиек жолмен жүреміз.

– Жиек жол болмағанда ше?

– Жер асты жолымен.

– Жолдың қай жағымен жүру керек?

– Оң қол жақпен жүреміз.

– Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?

– Аялдамадан отырамыз.

 

Тәрбиеші: 

– Өте жақсы, бағдаршамның берген сұрақтарына жақсы жауап

бердіңдер. Енді, бағдаршамға арнап тақпақтарымызды айтайық.

Муслим:

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін,

Тоқта,сақтан, жол ашық.

Жүрме жолға таласып,

Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға.

Үміт:

Қызыл жанды,тоқтағын,

Көрдің жұрттың тосқанын.

Сары жанды дайындал,

Айналаңа қарап ал,

Жасыл жанды, тыңдағын,

Жолың ашық, тұрмағын.

Ғалия: 

Мен көшеден өтерде,

Бағдаршамға қараймын.

Қоймаған ғой бекерге,

Жәрдемшісі ол талайдың.

 

Тәрбиеші:

– Балалар, бағдаршам сендерге ойын әкеліпті.

Ойын: «Бағдаршам».

Ойынның шарты: Бір бала бағдаршам болып, бағдаршамның қызыл, сары, жасыл көзін кезекпен көрсетеді.

Қызыл көзін көрсеткенде,

Балалар қозғалмай тұрады.

Сары көзін көрсеткенде,

Балалар қол шапалақтайды.

Жасыл көзін көрсеткенде,

Балалар орындарында тұрып жүреді.

 

Қорытындылау: 

– Балалар, бүгін немен таныстық.

– Бағдаршаммен.

– Бағдаршамның неше көзі бар?

– Үш көзі бар.

– Қандай-қандай түсті шамдар?

– Қызыл, сары, жасыл.

– Көшелерден белгіге қарамай жүгіріп өтуге бола ма?

– Жоқ.

– Ал, көшенің қай жерімен өтуге болады?

– Ала сызықты жерінен.

Балалардың белсенді қатысқандарын мадақтау, сыйлықтар беру.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *