«Жолда жүру ережесін білесің бе?»

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырып: «Жолда жүру ережесін білесің бе?»
Мақсаты:
Білімділік:Балаларға жол ережесі туралы түсіндіру,жол белгілерінің қандай қызмет атқаратынын айтып білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Балалардың байланыстырып сөйлеуін,тілін сөздік қорын молайту,түстерді ажырата алуға,қолдағы саусақ бұлшық еттерінің жетілуін дамыту.
Тәрбиелік: Жол ережесін сақтап жүруге,үлкендердің айтқан тілдерін алуға тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекі құралдар: Слайд,бағдаршам,жол белгілерінің суреттері.
Блигвальді компанент: бағдаршам-светофор-трафиклайт.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің
іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастыру-іздестіру

Рефлексивті-түзетушілік
Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Қане,қонақтармен,бір-бірімізбен сәлемдесіп алайықшы.

Шаттық шеңбері
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкендерге жол беріп,
Біз ақылды боламыз.

-Жарайсыңдар балалар!
-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Күз мезгілінің айларын айтып беріңдерші?
— Апта күндерін толық айтып беріңдерші?
-Балалар күз мезгілінде ауа райы қандай болады,суретке қарап кім айтып береді?
-Жарайсыңдар балалар.
Ендеше бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда біз жол ережелері туралы біліп алатын боламыз.
-Балалар сендер жол ережесін білесіңдер ме?
Олай болса алдымыздағы экранға қарайық.
Слайд: «Жол ережелері !»
-балалар бізге жолдан өттуге не көмектеседі?
-иә,дұрыс айтасыңдар бағдаршам көмектеседі екен.
Балалар сендер казір екі топқа бөлініп отырсыңдар ендеше бірінші топты «Бағдаршам» тобы,ал екінші топты «Жол белгілері» тобы деп атайық. Олай болса бағдаршам тобы бағдаршам туралы және әр көзінің қандай қызмет атқаратыны туралы айтып түсіндіріп береді.Ал екінші жол белгілері тобы белгілер қандай қызмет атқаратыны туралы айтып түсіндіріп өтеді.
Бірінші «бағдаршам» тобына берейік.
Азатбек.
Көрегенмін, қырағымын,
Үш көзім бар, үш сыншым.
Сақтап халық өмірін
Тәртіпті мен орнаттым.
Ұлдана.
Мен көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орыңда тұр, қозғалма,
Ереже бұл «Сен, тоқта!»
Ерасыл.
Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды.
Мейіржан.
Мен көзімді ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білген жандар
Өтуге еш қорықпайды.
-Жарайсыңдар балалар,келесі екінші топқа берейік.
Санжан
«Ескерту» белгісі
Өзі қызыл үшбұрышты
ескерту белгісі мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті,
оң сапарды жолдаған.
Жамшид
«Тыйым салу» белгісі
Мен бәріне әрқашан да
тыйым салып тұрамын
Қауіп болса алда тұрған,
жібермеймін бір адам.
Анажан
«Нұсқау» белгісі
Белгімін көрсетер
жылдамдық, бағытты,
Ой-шұңқыр, бұрылыс,
қатерді, қауіпті.
Гауһар.
«Көрсеткіш» белгісі
Баратын сапардың
жақынын, қашығын,
Үн-түнсіз жөн сілтеп,
көрсетіп тұрамын.

-Жарайсыңдар балалар.Балалар бізге қолтырауын хат жіберіпті ол хатында жолдан өтетін бағдаршамның көздері түсіп қалыпты ,сол көздерін орындарына қойып беруге көмектесесіңдер ма деп сұрапты,көмектесеміз бе, балалар.
Ендеше,алдымен мына жердегі жолдан өту ережесін жақсылап түсініп алайық.
(балалар жолдан қалай өту керектігін түсініп алады)
-Жарайсыңдар балалар,ендеше қолтырауынның өтінішін орындар берейік,бағдаршамда бірінші қай түс тұрады,екінші қай түс тұрады және үшінші қай түс тұратынын тауып алдарыңдағы дән-дақылдардан жапсырып беріңдер.
Шығармашылық жұмыс:
Блингвальді компанент:
-жарайсыңдар балалар,балалар бағдаршамды орыс тілінде светафор,ал ағылшынша трафиклайт дейміз.
Ақ жолақты жолды-тратуар дейміз.
Сергіту сәті:
-Балалар мен сендерге бағдаршамның түстерін көрсетемін,ал сендер сол түстерде қандай қыймыл жасайсыңдар сол қыймылды көрсетесіңдер жарайдыма?
Қызыл түс-тоқтау
Сары түс –сақ бол,дайындал
Жасыл түс-жүре бер.
-жарайсыңдар балалар.
Балалар ендеше екі топқа экраннан сұрақтар қойылады,суреттерге қарап отырып жауап бересіңдер.
-жарайсыңдар балалар сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер,балалар жол ережесі туралы қандай тапақпақ білесіңдер?
Омархан .
Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата – ана .
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Муслима .
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
-Балалар жолдан өтуде қайда қараймыз?
-бағдаршамның қай көзі жанғанда жүреміз?
-бағдаршамды орыс тілінде қалай атаймыз?
-жолдан қандай жолмен жүріп өтеміз?
-жарайсыңдар балалар,ендеше ортаға тұрып келген апайлармен қоштасайық.
Айналайын абайла,
Жан-жағыңа қарайла,
Жолда жүру ережесін,
Есте сақта қалайда!

Сау болыңыздар!

Сәлеметсіздер ме!

Балалар шеңберге тұрып жылы лебіздерін білдіреді.

-Бір жылда төрт мезгіл бар .
-Күз мезгілі.
-Қыркүйек,қазан,
қараша

дүйсенбі,сейсенбі,
сәрсенбі,бейсенбі,
жұма,сенбі,жексенбі

-ауа- райы салқын
дайды,
,жаңбыр
жауады,құстар ұшып кетеді.

Иә білеміз.

Балалар экранға қарайды.

-бағдаршам көмектеседі.

Бағдаршам тобының балалары тақпақтарын айтады.

Жол белгілер тобының балалары тақпақтарын айтады.

-иә көмектесеміз

Балалар жолдан өту ережелерін түсініп алады.
-бірінші қызыл түс тұрады,екінші сары түс тұрады,үшінші жасыл түс тұрады.

-қайталайды,
-светафор-трафиклайт,
-тратуар.

Қызыл түсте тоқтап түрады,сары түсте дайындалып шапалақ ұрады,жасыл түсте бір орында тұрып жүреді.
Экрандағы суреттерге қарап,жауап береді.

Тақпақтарын айтады.

-бағдаршамға қараймыз.
-жасыл көзі жанғанда жүреміз.
-светафор дейміз.
-ақ жолақты жолмен жүріп өтеміз.

Айналайын абайла,
Жан-жағыңа қарайла,
Жолда жүру ережесін,
Есте сақта қалайда!

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
Бағдаршам және жол белгілерінің атқаратын іс-әрекетін білулері керек
Нені меңгерді: жолдан қандай белгіге қарайтынын,қандай жолмен өтетінін меңгереді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *