: Жемістер. Алма.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Жемістер. Алма.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды жемістердің түрлерімен таныстырып, оларды бір-бірінен түсі, пішіні, дәмі арқылы ажыратып білуге үйрету. Жақын таныстыру, түстер туралы ұғымын бекітіп, ойлау қабілеті мен сөздік қорларын жетілдіру.
Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, салыстырып әңгімелеу, санау, сұрақ-жауап.
Оқу іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Үйлестірмелі-материалдық жұмыс
Сергіту сәті
Ойын
Сәлеметсіңдерме балалар?
– Балалар көңіл-күйлерің қалай?
– Балалар осы жақсы көңіл-күймен шаттық шеңберін құрайық.
Арайлап таң атты
Алтын шуақ таратты
Армысың достарым
Сәлем, Сәлем, Сәлем!
– Балалар қазір көктем мезгілінің үшінші айы.
– Балалар көктем мезгілінде үш ай бар
– Наурыз, сәуір, мамыр
– Кәне, бәріміз қайталап айтайықшы.
– Ой, жарайсыңдар балалар
– Балалар, бәріміз көзімізді жұмып, үстел үстіне қарайық, мына жеміс толы себетті көрдіңдерме?
– Себеттің ішінде не бар екен?
– Себетте қандай жемістер бар?
– Балалар, себетте алма, алмұрт, өрік бар екен. Осы жемістердің ішінен қайсысы сендерге көбірек ұнайды?
– Әрине, алма, олай болса алмамен жақынырақ танысайық.
– Балалар мына суретке қараңдаршы бұл алма ағашы. Көктем маусымында бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеп, жаз мезгілінде піседі.
– Балалар, мына себеттегі алмаларды санайықшы неше алма бар екен?
– Ой, жарайсыңдар балалар!
– Балалар алманың көптеген түрі бар, алма қызыл, сары, жасыл түсті болады.
– Алма өте тәтті және пайдалы жеміс. Алмада дәрумендер өте көп.
– Ал, енді балалар, алма қайда өседі екен?
– Балалар, алдарыңдағы алманың суретіне қарайықшы.
– Түсі қандай?
– Пішіні қандай?
– Алманың пішініне қарай жапсыру.
– Ал, енді балалар қолымызды бір сергітіп алайық.
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
– Ой, жарайсыңдар, балалар!
– Ал, енді балалар, алманың дәмін татып көрейік.
«Алманы ағашқа орналастырамыз».
Шарты: Кірпішешеннен алманы алып ағашқа орналастырамыз.
– Ой, жарайсыңдар, балалар!
– Енді балалар қонақтармен қоштасайық.
– Сай болыңыздар! Сәлеметсізбе
-Жақсы
-Балалар себеттегі жемістерді атайды
-Балалар тәрбиешісімен қайталайды, алма, алмұрт
-Балалармен бірге санап шығу
1,2,3 алма
-Алма бақта, ағашта өседі
Алманың пішіні дөңгелек
-Балалар қимыл қозғалыспен қайталайды.
Күтілетін нәтиже
Біледі: Жеміс түрлерін атап, оның ішінде алманың түсін, дәмін ажыратып пішінін қолмен көрсете біледі.
Игереді: алманың қайда өсетіндігі жөніндегі түсінікті игереді.
Меңгереді: Алма жайында мағлұматтарды меңгереді.