Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі

Тогтосанқызы Жансая

Елбасы Н.Ә. Назарбаев отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдіс-тәсілдерді ендіруге және болашаққа серпіліс жасауға міндеттіміз, мұндай жағдайда Қазақстанға жүйелі ойлайтын, дүниетанымы кең, ақылды, әрі шығармашыл адамдар қажеттілігін айтып өткен.

Мен Тогтосанқызы Жансая.Мен тәрбиешімін! Тәрбиеші болу-мейірімділік ,ұқыптылық және сенімділік және барлығына,бәріне қамқоршы бола білу.Әр адам өз өмірі жолын өзі таңдайды.Мен үшін ол жай мамандық және жұмыс емес.Бұл жанымның жайы, өмірімнің салты.Әр бір ана баласымен бірге балалық шақты өткізгенде бақыт құшағына енеді.Ал мен болсам,балалық шаққа әр күн сайын «Біреуді оқытып, өзім оқығанда» ораламын.Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен арман- дадым. Әр адам баласы армандауға құқылы.Менің бала кезімдегі арманым тәрбиеші болу еді. Міне өзімнің талмай еңбек еткенімнің арқасында  арманыма қол жеткізідім. Сондықтан мен әлемдегі ең бақытты жандардың қатарынанмын. Ендігі алға қойған мақсатым — білікті тәрбиешілердің қатарынан көріну, білімді жастар тәрбиелеу.

Қазіргі таңда жұмыс істеу барысында бұл жұмыстың жауапкершілікті іс-екеніне көзім жете бастады.Бүлдіршіндердің қоршаған орта туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру өте қызықты әрі жауапты іс деп білемін.Бала тәрбиесімен ,оған жүйелі білім беріу мәселесімен шұғылданған қандай да ғалымдар болмасаын табиғатты назарынан тыс қалдырған емес.Себебі дүниеде, айнала қоршаған ортада адам танып-білетін, зерттейтін , оны күтіп-баптап , қорғайтын жұмбақ сыры мол әлем-тек  табиғат екені естен шығармағанымыз дұрыс болады.»Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу маңызды міндеттердің бірі деп ойлаймын.

Тастан сарай салғызатын, жылдам хабар алғызатын,адамды құстай ұшыратын,отынсыз тамақ пісіретін,сусынсыз сусын ішкізетін, керемет күш білім деген Ыбырай Алтынсарин атамыздың ой тұжырымы бүгінгі жаңғыру жолындағы заман үрдісімен үндес. «Балаларға ешқашанда шек қоюға болмайды,олардың еркін өсуіне жағдай жасау қажет.Егерде бізболашақта білікті жас  бүлдіршді тәрбиелеп шығарғымыз келсе оқытудың жаңа технологияларын қолданғанымыз дұрыс болады.Оқытудың техникалық құралдарын (бейнефильмдерді, DVD, магнитофон жазбаларын, интерактивті тақталарды және т.б.)қолданудың маңызы зор. Баланың өмірінде ерекше орын алатыны ойын. «Ойын үстінде бөбек есейген адам, ол өз күшін байқайды және өз жасағандарына жеке билік ете алады».«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы-балаға үлкен сабақ.Сол себепті балабақшамен ата-ана арасында тығыз байланыс орнауы керек. Ал осы байланысты берік ететін әрине ол-тәрбиеші.

Тәрбиешімен бала бір-бірімен тығыз байланыста болу керек.Бала ақ парақ секілді, ол ақ параққа қалай сурет салсан,сол бағыт бойынша бала жүреді.Сол себепті жас бүлдіршіндері оқыту және тәрбиелеуді қателіктер жіберуге болмайды.Оқыту- екі жақты процесс.Ол тәрбиешінінде балалардың да белсенді қатысуымен ғана табысты болады.Мұнда тәрбиеші жетекші рөль атқарады:ол жаңа материалды айтып қана қоймай, оны үйретеді, балалардың танымдық әрекетіне ықпал етіп, оған басшылық жасайды.»Қазіргі таңдағы жаңғыру жолындағы жас маман білікті әрі шебер, ұшқыр ойлы, қабілетті, өз мамандығын жетік меңгерген және  талмай үнемі ізденіс үстінде болу керек. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры мына жас мамандар біздің қолымызда. Алдымызға келген балалар — біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі — жан дегенде жалғызы, бірі — ерке, бірі — қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын таңшолпандай жарқыратып, жан дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет. Білімді, және білікті ел басымыз айтып өткендей бәсекеге қабілетті  жарқын болашағымыздың санасына адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату әрине біз сияқты жас мамандардың талмай еңбек етуіне серпіліс береді, деген сенімдемін және парызымыз деп білемін.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *