Денсаулық сақтау технологиясы арқылы жаңа инновациялық көзқарастарды қалыптастыру мен дамыту

Абильтусупова Салтанат Турсунхановна

Мектепке дейінгі тәрибе-оқыту жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Балалар еліміздің ертеңгі зияткерлік әлеуеті екенін ескерсек, мектепке дейінгі сапалы білім беру және балалардың қабілеттерін дамыту – қоғам үшін жоғары маңызы бар іс екені сөзсіз.

Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйым – жан-жақты жетілуге, дамуға ұмтылатын, жаңа мүмкіндіктер іздейтін, баланың, отбасының, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, педагогтардың шығармашылық, кәсіби жұмыстарына қажетті жағдайлар жасайтын, барлық замануи талаптарға сәйкес келетін күрделі үдеріс.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мектепке дейінгі білім беруді жаңалау және білім беру барысында инновациялық әдістер мен технологиялар енгізу мақсатында, Мектепке дейінгі тәрбие және білім берудің Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы дайындалған.

Жалпы білім беретін оқу бағдарламасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, балаларда адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін, жалпы ұлттық «Мәңгілік Ел» идеясына негізделген. Жалпы білім беретін  оқу бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын ескере отырып даярланған.

Біздің балабақша ҚР мектепке дейінгі эксперименттік ұйымдарында Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы және инновациялық технологияларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жасап жатқан 77 эксперименталды (тәжірибелік) ұйымдардың бірі болып табылады.

Бүгінгі күні Жалпы білім беретін оқу бағдарламасын сынақтан өткізу бойынша экспериментке оқыту тәрбиелеу мемлекеттік тілде жүргізілетін 75 бала, яғни 3 топ қатысуда (2-кішкентайлар тобы, ортаңғы, ересек топтар).

Қазіргі білім беру жүйесі білім мазмұнының өзгеруімен, жаңа педагогикалық, оның ішінде денсаулық сақтау технологияларын, басқа да инновацияларды қолданумен байланысты бірқатар өзгерістерге ұшырауда.

Бұл жаңашылықтар педагогтардан кең көзқарасты, белсенділікті, талдауға және өзін-өзі талдауға қабілеттілікті, жаңалықтарға дайын болуды талап етеді. Білім беру, оның ішінде, мектепке дейінгі білім берудің осындай басты бағыттарының бірі денсаулық сақтау болып отыр.

Неліктен бүгін МДҰ-да денсаулық сақтау технологиясы инновациялық болып танылуда?! Оның себебі – бүгінгі жағдайларда денсаулық сақтау – білім беру барысының барлық компоненттерін  қайта қарауды талап ететін жаңашыл ойлаудың негізгі элементі. Ол ортаға баланың денсаулығын қояды. Өкінішке орай, соңғы жылдары балалардың денсаулықтары тұрақты түрде нашарлауда. Бүгінгі күнгі білім беру адамды қандай да бір әлеуметтік, кәсіби функцияларға үйрету барысында оның денсаулығының жағдайын ескерусіз қалдыра алмайтыны және аталған бағытта мақсатты жұмыс жасау қажеттілігі анық болып отыр.

XXI ғасырдағы өмір біздің алдымызда көп қиындықтар тудыруда, олардың арасындағы ең өзектілерінің бірі – денсаулық сақтауға және салауатты өмір салтына жаттығу.

Біздің балабақшаның педагогикалық ұжымы баланың денсаулығын сақтау туралы идеяларды жүзеге асыратын бағдарламаларды және аталған тақырыпқа қатысты тәжірибені зерделеп, талдау өткізді. Балалармен сауықтыру жұмыстарын өткізудің түрлі нысандары мен инновациялық жаңалықтарды іздеу нәтижесінде біздің балабақшада тәрбиелеу-сауықтыру жұмысының біртұтас жүйесі қалыптастырылып, 2015 жылы  оны жүзеге асыру жоспары негізінде «Саламатты Балбөбек» сауықтыру бағдарламасы дайындалды. «Саламатты Балбөбек» бағдарламасы әлжуаз балалардың денсаулықтарын нығайтуға, балбақша және отбасы жағдайында шынықтырудың тиімді әдістерін қолдануға, балабақша жағдайында психогигиеналық талаптар дайындауға бағытталған. Бағдарламаның негізгі принциптері:

  1. Ғылыми принцип – денсаулықты сақтауға бағытталған барлық шаралардың ғылыми тұрғыдан негізделген, іс жүзінде қолданылған әдістермен дәлелденуі.
  2. Белсенділік және саналылық принципі – педагогтар мен ата-аналар ұжымының балаларды сауықтыруға бағытталған жаңа, тиімді әдістерін іздеуге бір адамдай ат салысулары.
  3. Кешенділік және интеграциялану принципі – сауықтыру және профилактикалық мақсаттарды барлық оқыту-тәрбиелеу процестерінде және барлық іс-қимыл нысандарында жүзеге асыру.
  4. Жеке бағдарлау және сабақтастық принципі – түрлі жастағы балалар арасында байланыстарды ұйымдастырып, қолдау, балалардың дамуының түрлі деңгейін, олардың жастарын және денсаулық жағдайын ескеру.
  5. Кепілді нәтижелілік принципі – балалардың қажетті педагогикалық және психологиялық көмек алу құқықтары мен қажеттіліктерін жүзеге асыру, балалардың жастарына және олардың физикалық дамуына байланыссыз, оң нәтижеге жету кепілдігі.
  6. Педагогикалық процестің мазмұнына дифференциация жасау принципі – педагогикалық процесті әр баланың жеке қабілеттеріне және физикалық мүмкіндіктеріне бағыттау қажеттілігі.

Денсаулық сақтау технологиялары және салауатты өмір салтын қалыптастыру балабақшаның білім беру процесінде маңызды орындардың біріне ие болды. МДҰ-ғы инновациялық жұмыс формаларын ашатын және тиімді қолданылатын денсаулық сақтау технологиясының негізгі түрлері:

  1. Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясы:
  • ырғақ пластикасы;
  • динамикалық үзілістер;
  • қимыл-қозғалыс және спорт ойындары;
  • саусақ гимнастикасы;
  • тыныс алу гимнастикасы;
  • шынықтыру.
  1. Саламатты өмір салтына үйрету технологиясы:
  • дене шынықтыру ҰОІӘ;
  • коммуникативтік (қарым-қатынас) ойындары;
  • өзіне-өзі массаж жасау;
  • нүктелік массаж;
  • қолдардың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар кешені.

Коррекциялық (түзету) технологиясы:

  • ертегі терапиясы;
  • уәенмен ықпал ету технологиясы;
  • психогимнастика;
  • арттерапия.

Физикалық мақсаттарды кеңейтуге балабақша топтарында дене шынықтыру құралдары мен спорттық құрылғыларды орнату жолымен тиісті жағдай қалыптастыруға мүмкіндік берді. Тәрбиешілер мен ата-аналардың қолдарымен жасалған жаңа, дәстүрден тыс құралдар балалар үшін өте қызықты. Олар дене шынықтыру-сауықтыру оқу іс-әрекетіне көтеріңкі көңіл-күймен қатысады.

Дене шынықтыруға арналған құралдар негізгі қимылдарды дамытып, қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырып, жетілдіретін жаттығулар аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мектеп жасына дейінгі балаларда саламатты өмір салтын қалыптастырудағы басты мақсаттардың бірі – баланы салауатты өмір салтына ынталандыру.

Бізде әр топта, тек дәстүрлі ғана емес, сонымен қатар, баланың қызығушылығын тудыратын иновациялық спорт құрылғыларымен жабдықталған спорт бұрыштары бар. Балаларда физикалық белсенділікке және спортқа қызығушылық туындады, аталған қызығушылықты сабақтарды, бос уақытты, ойындарды дәстүрден тыс нысанда өткізу қалыптастырды.

Тәрбиеленушілердің жазғы сауықтыру кезеңінде денсаулықтарын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Аталған процеске педагогтар да, медициналық қызметкерлер де, ата-аналар да, балалар да тартылады. Балалардың денсаулығын жазғы уақытта нығайту мақсатында балалар денсаулығының профилактикасын ойын түрінде өткізуге мүмкіндік беретін «Денсаулық жолы» ұйымдастырылды.

Осы шаралармен қатар ата-аналардыдың, балаларды үйде де, балабақшада да сауықтырудың дәстүрден тыс әдістеріне назар аударуына мүмкіндік беретін, ақпараттық-ағарту жұмысына үлкен көңіл бөлінеді.

Дәстүрден тыс құралдар орнатып, жалпы жаттықтыру шаралары мен ойын-сауықтар өткізу балабақшаның сауықтыру жұмысының нәтижелерін арттыруға мүмкіндік берді. Бұны аралық мониторинг дәлелдеді. Жаңа құрал-жабдықтар балаларды дене шынықтыру-сауықтыру бағытында жаңа жетістіктерге жетуге ынталандыратыны сөзсіз.

Денсаулық сақтау технологиясын жүзеге асыру нәтижесінде оқыту-тәрбиелеу барысының нәтижелілігі артады, педагогтар мен ата-аналарда балалардың психикалық денсаулықтарын сақтап, нығайтуға бағытталған көзқарас қалыптасады. Келеңсіз эмоциялық көріністерді әлеуметтік тұрғыдан лайық нысандарға ауыстыру әдістерімен балалардың шағын әлеуметтік ортада тиімді ара-қатынас орнату, өзін-өзі қалыпта ұстау тәрізді негізгі әдеттерін игеру деңгейі артады.

Жалпы білім беретін оқу бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге жету тек педагогтың балаға, оның мектепке дейінгі білім беру ұйымының табалдырығын аттаған күннен бастап, бағытты ықпал етуі жағдайында ғана мүмкін.

Бала жететін жалпы даму деңгейі мен оның игерген имандылық қасиеттері әр тәрбиешінің педагогикалық шеберлігіне, мәдениетіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне байланысты. Балалардың денсаулығын нығайтып, олардың жан-жақты тәрбиеленуін қамтамасыз ету мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары отбасымен бірлесе отырып, әр баланың балалық шағын бақытты етуге ұмтылулары қажет.

Сөзімді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сөзімен аяқтағым келеді: «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселлелердің бірі болып отыр». Осы бағытта болашақ еліне елеулі, халқына қалаулы, ата-анасының мақтанышы дені сау ұрпақ өсіру жолындағы тәрбиені басшылыққа алып келеміз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *