Ғаламдық экологиялық проблемалар

Сабақ жоспары

Мамандық:    № 172-1  ” ЖБ”  Электр жабдықтарына қызмет көрсету электр монтері

 Пән аты:    География

 

Сабақтың тақырыбы:  Ғаламдық экологиялық проблемалар

 

Сабақтың мақсаты:

 

    Білімділік:  Оқушыларға ғаламдық проблемалардың туындауы, проблеманың мәнісі, оны шешудің мүмкіндіктерін ғылыми деректерді пайдалана отырып, географиялық білімдерін дамыту

   Дамытушылық: Саяси картадағы өзгерістерді түсіне білу дағдыларын және білім алу кезінде шығармашылық ізденістерін дамыту.

  Тәрбиелік: Жас ұрпақты бейбіт рухтағы адами қасиеттерге, жанашырлыққа, ұжымшылдыққа,білімге құштарлыққа тәрбиелеу арқылы адамзаттың ғаламдық проблемаларын шешуге күш салу

 

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

 

Сабақтың әдісі: Жаңа білімді меңгерту, дәстүрлі оқыту

 

Көрнекілігі:  Дидактикалық материалдар, интерактивті тақта

 

Пәнаралық байланыс:  Тарих, биология, химия, экология

 

Күтілетін нәтиже:

– Оқушылар  табиғат пен адамның және қоғамның байланысын анықтайды.

– Дүние жүзінің ғаламдық проблемалары және олардың туу себептері мен шешу жолдарын анықтайды.

– Оқушылардың танымдық қызығушылығын артып, бейбітшілікті қолдайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиеленеді

 

 

Сабақ   барысы

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

– Оқытушы мен оқушының сәлемдесуі

– Оқушының сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару

– Оқушыларды сабақ барысыында білімдерін бағалау мақсатында “Бағалау парағы” жүргізіледі

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • 55 Аустралия одағы

 

 ІІ.1  “Бұл не?”

 Берілген сөздердің қандай нысана екенін, не мағына білдіретінін табыңдар:

  1. Аборигендер-Аустралияның байырғы тұрғындары
  2. Канберра- Аустралияның астанасы
  3. Тау-кен өнеркәсібі- Аустралия өнеркәсібінің ең жетекші, ең ежелгі саласы
  4. Муррей-Австралиядағы ең ірі өзен
  5. Түйеқұс- Аустралия эмблемасындағы құс
  6. Дюфкан- 1606 ж. Голландиялық Duyfken атты кемесінің капитаны Биллем Янсзон     Аустралияны
  7. Тасмания- Тасмания аралы Аустралияның оңт- шығ орналасқан ең кіші штаты болып табылады.
  8. Үлкен Тосқауыл Рифі- Аустралияның солтүстік жағалауын бойлай орналасқан маржанды аралдар тізбегі

 

ІІ.2. Төменде берілген нысандарды картадан көрсету

  1. Карнеги өзені
  2. Виктория шөлі
  3. Сидней
  4. Мельбурн
  5. Муррей өзені
  6. Дарвин

 

 

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылармен “Сергіту сәті”

«Кім жылдам» ойыны.
(Географиялық нысандардың аты аталады, сіздер оның не екенін айтасыздар)
1. Сахара
2. Мадагаскар
3. Гималай
4. Антарктида
5. Амазонка

  1. Гибралтар
    7. Отты жер
    8. Игуасу
  2. Сомали
    10. Копенгаген

 ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

 

    Ғаламдық проблемалар дегеніміз – әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі  жаһандану  деп аталады.

Ғаламдық проблемалар- барлық елдер арасындағы өзара байланыс, табиғат пен адамзат арасындағы байланыс, табиғатты үнемді пайдалану жолдары

 

Қазіргі таңдағы ғаламдық  проблемалар:

  1. Ресурстар проблемасы
  2. Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы
  3. Энергетикалық проблема
  4. Демографиялық проблема
  5. Климаттың өзгеруі
  6. Экологиялық проблемалар
  7. «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою
  8. Қауіпті ауруларды жою
  9. Әлемдік мұхит пен космосты игеру
  10. Қылмыс және терроризммен күрес
  11. Наркобизнеспен күрес.

Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең негізгі  проблема деп санайды.

 

Ғаламдық экологиялық проблемалар:

  1. Озон қабатының бұзылуы
  2. Әлемдік мұхит проблемалары
  3. Ормандардың азаюы
  4. Шөлейттену
  5. Өнеркәсіптік қалдықтар
  6. Атмосфераның ластануы

 

 

  1. Жаңа сабақты пысықтап бекіту, қорытындылау

 

IV.1.  Графикалық диктант. Оқушылар иә,жоқ жауаптарын беру

 

Ғаламдық проблемалар деп бүкіл дүниежүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды атайды. (иә)

Ғаламдық проблемаларға дауылдың соғуы, күннің бұлттануы, табиғат байлықтарының пайда болуы жатады.         (жоқ)

Табиғи ортаның ластануы, озон қабатының жұқаруы, ормандар аумағының қысқаруы экологиялық проблемаға жатады.         (иә)

Жер шарындағы халықтың өсуі, өндірістің қарқынды дамуы пайдалы қазбаларға деген   сұранысты жылдан –жылға кеміту үстінде. (жоқ)

Мұхит суының ластануы және оның биологиялық өнімділігінің төмендеуі ғаламдық        проблемаға жатпайды. (жоқ)

 

IV.2. Берілген сөздердің орнын табу:

  1. Қ Ы Ғ А М Л А Д Е П Р О А Л М Л Б А Р  (Экологиялық проблемалар)
  2. Б Т Ш Е І Т І Л Б Й І К І Т С Қ А У А  (Бейбітшілікті сақтау)
  3. К Я О Л Э О Г И  (Экология)
  4. Н М А Й Ұ  ( Мұнай)
  5. Қ Х Л А Ы  (Халық)
  6. Т М Х Ұ И  (Мұхит)
  7. Ы А Қ З – Т І Л Ү К  (Азық-түлік)
  8. З О Н О Қ Т Б А Ы А  (Озон қабаты)
  9. М О Р Н А  ( Орман)
  10.  О Е Р И С Б Ф А  (Биосфера)
  1. V. Оқушыларды бағалау

“Плюс-минус-қызықты”  әдісі  арқылы оқушыларды бағалау

  1. Үй тапсырмасын беру

Қазақстанның  экологиялық  проблемалары

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *