Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептерде ағылшын тілінен білім сапасын басқару

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептерде ағылшын тілінен білім сапасын басқару

 

Байжуманова А.Ш.

ағылшын тілі мұғалімі

КММ «Қазан орта мектебі»
Ақжар ауданы

 

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана 
шәкірт жанына нұр құя алады»
Ахмет Байтұрсынов 

      Қазір кезде ауылды жерде бала саны аз болғандықтан шағын жинақталған мектептер (ШЖМ)  көбеюде. 2013 – 2014 оқу жылындағы статистикалық мәліметтер бойынша жалпы білім беретін мектептердің ішінде 79,1%-ы ауылдық жерлерде, оның ішінде 54,8%-ы шағын жинақымектептер.

  «Аз комплектілі мектеп» ұғымы ҚР «Білім туралы» Заңында (1 бап 23 тармақ): «Шағын контингенті қосарланған сынып комплектісі және оқу сабақтарын ұйымдастыруға өзіндік ерекше үлгісі бар жалпы білім беретін мектеп» деп анықталған. Олай болса, аз комплектілі мектептің жұмысында да ерекшеліктер
аз емес
, проблемасы да көп, бірақ бұл мектептерді жауып тастауға болмайды.
Бір мезгілде әртүрлі жастағы оқушылардың бір бөлмеде отырып білім алуы
мұғалімге
де, оқушыға да оңай емес. Кәсіби шебер ұстаз ғана бұл қиындықты жеңеді. Қазір мұндай мектептердің басым бөлігі аудан орталығынан
шалғай орналасқан мекендерде. Ал  мектептер болса – қазіргі ауылдық
жердегі оқушы ғана емес ауыл тұрғындары үшін де мәдениет орталығы болып отыр. Сондықтан ШЖМ-ге мемлекет тарапынан қомқорлық жасалынуда.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған
мемлекеттік бағдарламасында шағын жинақталған мектептердің 
проблемасы басты бағыттардың бірі болып белгіленіп, іс-шараларжүргізілуде.

         Қалалық не ауылдық мектеп болсын мұғалімдердің басты мақсаты сабақтын сапасын көтеру, сабақ түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осыған орай Қазақстанда білім беру жүйесі қайта қарастырылып, оқу үрдісіне жаңа талаптар жүктелді. Мұғалімдер жаппай орта мектепте білім беру мазмұнын жаңарту курстарын өтті. Мен де 2014 жылы Петропавл қаласында осы курстардан өткен едім.Бұл курстар пән бойынша сапаны арттыруға,
сапаны басқаруға мол септігін тигізді. Білім беру мазмұнын жаңартудың оқу
үрдісіне әкелген жаңалықтары мен оның пайдалы жақтары туралы аз айтылған жоқ.
Мен тек өз пәнім бойынша оқушылардың сапалы білім алуда, пән көрсеткіштерін көтеруде қолданатын әдіс-тәсілдерді айтқым келеді.

        Бастуыш сыныпта көбінесе ойын элементтерді қолданамын.1-2 сыныптарда үй жұмысын тексеру барысында әдетте сәйкестендіру тәсілін қолданамын. Әдетте сәйкестендіру жұмысы сурет пен сөздерден тұрады.

     Бұл біріншіден, уақытты үнемдейді, екіншіден оқушылардың өздігінен жұмыс жасауға үйретеді.  Ал ортанғы буында үйге берілген сөздерді кроссворд, «сөздік бинго» тәсілі өте жақсы жұмыс істейді.
Егер бір сынып кросвордты шешсе, сол кезде екінші сынып «бинго» сөзжұмбағын шешеді. Бұл жұмыс жұптаса, топтаса жасалғандықтан оқушылардың белсендігі артады. Бір-біріне көмектесу арқылы жұмыс жылдам жүреді.

      Жаңа тақырыпты түсіндіруде бастуыш сыныптарда суреттер, қысқа видео арқылы жаңа тақырыпқа болжау жасалса, ортанғы буындарда, яғни 6-8 сыныптарда сөздер топтамалары, видео, «пошта хаты» тәсілдері арқылы жүргізіледі. Бір сынып «пошта хатын» оқып сабақ тақырыбын табуға тырысқанда, екінші сынып қысқа видео көріп тақырыпты болжайды. Тақырыпты мұғалім айтқаннан гөрі оқушылар осындай жұмыс арқылы өздері тақырыпты табуы біршама жақсырақ деп ойлаймын. Себебі видео көру
арқылы ағылшын тілін тыңдау, хатты оқи мәтінді түсіну ағылшын тілін меңгеру
сапасы артиды.Сабақта мәтінмен жұмыс әрине мәтінді оқыр алдында басталады. Бұл: сөздікпен жұмыс, болжау, сұрақ-жауап тәсілдері. Сұрақ- жауап тәсілдері
оқушыларды диалог құрастыруға итермелейді.осы тәсіл арқылы  ағылшын сөздерін қолдануды көздеймін.

         Мен әдетте мәтінмен жұмысты  «фишбоун», «Б-Б-Б», «ыстық орындық», «Вен диаграммасы», «Професор Ллойд» т.б. тәсілдер арқылы жүргіземін. Мұндай тәсілдер оқушылардың мәтінді түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын түсінуге, өз пікірін айтуға итермелейді. Көп жағдайда  біз бұрыннан қолданып келген тәсілдер кіріктірілген сыныптарда өзгеріске ұшырайды.
Егер бір сынып жазбаша жұмыс жасаса, екінші сынып ауызша жұмыс жасайды. Егерекі сынып ауызша не жазбаша жұмыс жасаса, бұл біріншіден екі сынып бір-біріне кедергі келтіреді (әсіресе ауызша жұмыста), екіншіден екі сыныпты тексеруде уақыт жетпейді, үшіншіден, балалар жалығып білім сапасы түседі, оқушылардың сабаққа ынтасы жоғалады.

     Мәтінмен қатар ағылшын тілінде қысқа видеолар оқушылардың өзге тілді меңгеруде ықпалы жоғары. Видеомен жұмыс жасарда да бірталай пайдалы әдіс-тәсілдер бар. Мысалы: мәтін тыңдар алдында берілген 3 сұрақты оқып, видеоны қарағаннан кейін сол сұрақтарға жауап беру. Бұл тәсіл оқушылардың видеоны мұқият тыңдауға әсер етеді. Ал сабақты бекіту барысында «insert», insert таңбалау кестесі, шығармашылық жұмыс – синквейн,қажетті сөздерге,дұрыс
және дұрыс емес пайымдауға  қайта оралу
, досына хат жазу, күнделік жүргізуажетті сөздерден кластерді бітіру, шатысқан қисынды
тізбектер
. Бұл тәсілдердің нәтижесінде оқушылар белсендірілген білім алады, уәж (негіздеме) қалыптасады, жүйелі білім
алады, шығармашылық жұмыс жасайды. Оқушылар бұл әдіс-тәсілдермен жұмыс жасау барысында сыни тұрғыдан ойланып, қорытынды жасайды. Әрине, әр кезеңде кері байланыс жасалады, кері байланыс мен үшін оқушылардың жасаған жұмыстары қаншалықты ауыр- жеңіл болғанын, көңілдерінен қаншалықты шыққанын көрсетеді. Бұл жұмыс әдетте сұрақ-жауап түрінде, бастауыш сыныпта «бағдаршам» тәсілдері арқылы өтеді. Сабақтың соңында рефлексия жүргізу арқылы оқушылардың сабақта тақырыпты меңгеруде қай кезеңде тұрғанын, сабақтың қаншалықты сапалы өткенін көрсетеді.

      Оқу-тәрбие
жұмысын жоспарлағанда уақытты үнемді пайдалану үшін
мен ең алдымен орындалатын жұмыс түрлерін: мазмұндама, сөздік диктант, бақылау жоспарын және керекті схема түрлі түсті суреттерді, видео-аудио ресурстарды күні бұрын дайындаймын.  Себебі, бір сабақтың ішінде екі сыныпта тақырыпты түсіндіріп, оны бекіту жұмыстары жүргізілуі тиіс, яғни уақытты дұрыс пайдаланып, оқушылардың сабаққа деген ынтасын түсірмеуге тырысу керек. Атап айтқанда жоспарда мына нәрселер ескеремін:

1. Жаңа сабақты түсіндіру, қайталау сабақтарын жүргізу, сабақты бекіту.

2. Әр сыныптағы оқушылардың сабаққа дайындығы, өздігінен орындайтын жұмыстарға бейімділіктері.

3. Өтілген тақырыптардың ауыр-жеңілдігі.

4. Екі сыныпта өтілетін тақырыбы, мазмұны жағынан жақын, бір-біріне ұқсас тақырыптарды іріктеп алып, өтілетін мерзімін көрсету.

     Сабақтың шамамен 1015 минутын балалар мұғалімнің басшылығынсыз жұмыс істейді. Бір сыныппен жұмыс жасайтын мұғалім кей сабақтарында өз бетінше жұмыс өткізбеуі де мүмкін. Ал екі сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің педагогикалық міндеті, жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойылатын талаппен бірдей, бірақта өз бетінше жұмыс көбірек жасалынады.
Мектептің жұмысының нәтижелі болуы, сабақтардың өз бетінше жұмыстар орындауға берілген уақытын тиімді пайдалана білуіне байланысты
. Берілген тапсырманың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы керек. Мұндай жұмыс тапсырылғанда, оның ауыр-жеңілдігіне, қанша уақытта орындалатынына баса назар аударған дұрыс. Өз бетінше жұмысты сабақтың кез келген кезеңінде тапсыруға болады.

1. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде.

2. Қайталау сабағында.

3. Сабақты бекіту кезеңінде.

Біріктірілген сыныптарда кіріктіре оқытудың тиімді жақтары төмендегідей әдістемелік құралдарда (әдістемелік құрал мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалған) түсінікті берілген:

-оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен,олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады;

-әр оқушы білім деңгейіне қарай өзіндік жұмыс түрлерін орындайды;

-өзіндік жұмыстарды оқушылардың жас ерекшелігіне қарай деңгейлеп беруге жағдай жасалады;

-оқушылардың бір – біріне көмектесіп, ұжымдық қарым – қатынасқа түсуіне мүмкіндік беріледі;

-оқушылардың бірін – бірі тексеруі, өзін – өзі тексеруі, бағалауы жүзеге асады;

     Сабақта менің негізгі міндетім оқу үрдісін бақылау, оқушылардың жұмысын басқару, бағыт-бағдар беру. Бір сөзбен айтқанда көшбасшы болу. Сонымен қатар сабақты жоспарлау барысында 7 модульді қолданып, сабақтардың кезеңдерін Блум таксономиясы негізінде құрастырамын. Себебі таксономиясы  сабақтын кезеңдерін айқындайды, оқушылырдың анализ, синтез жасау арқылы сыни тұрғыда ойлауды үйретеді.

    Сабақтың сапасы мұғалімнің шығармашылығынан, әрдайым ізденісте болып, жұмыста жаңашылдық еңгізуге дайын болуына байланысты деп ойлаймын. Мен ағылшын тілінен сапаны көтеруді тек сабақ барысында ғана емес, сабақтан тыс жұмыстарда да жасаймын.

     Қазіргі кезде  білімнің жоғары сапалы және әділ болуына ықпал
ету үшін білім беру жүйесінде реформа жүргізу қажеттігі туралы ортақ пікір
туындап отыр. Сонымен қатар, көптеген елдер сын тұрғысынан ойлауды, қиялды, мәдениетаралық және әлемдік сананы, шығармашылық тәсілдер мен азаматтық борышты дамытуды қоса алғанда, бай білім мен көптеген дағдылардың қалыптасуына қолдау көрсетуге тырысуда. Дегенмен, мектептер деңгейінде оқыту тиімділігін арттырып, оқушылардың білімін тереңдетуге мүмкіндік болғанда ғана, стратегиялар табысты болатыны көпшілікке мәлім. Мақсатымыз әр балаға жоғары сапалы білім беру болу керек. Мұғалімдер оқу жоспарына негізделген, оқушылардың қажеттіліктері ескерілген белгілі бір стратегияларды қолдана алса, оқушылардың білім сапасы арта түседі
.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Абай атындағы ҚазҰПУ-нің
«ҚР шағын жинақты мектеп академиясы» порталы // vsa.kaznpu.kz

 

2.Білім беруді дамыту жағдайында шағын жинақты мектептің жұмыс мазмұны және оны басқару //Халықаралық семинар материалдары. – Алматы. – 2009. – 557 б.

3.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев  «Қазақстан — 2050» стратегиялық бағдарламасы.

4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы. Егемен Қазақстан. 7 желтоқсан, 2010 ж.

5. Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *