Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайларында педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы

Желебаева Анаргул Сабырбаевна

«Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады»

К.Д.Ушинский.

 

Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.

Сондықтан қазіргі уақытта дайын білімдерді игеру мен жалпылау мақсат емес, ол адамның интеллектуалды дамуының көмекші құралы болып табылады. Ал қажетті ақпараттарды өз бетінше табу, мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, алынған білімдерді сын тұрғысынан талдай білу және оларды жаңа тапсырмаларды орындауда қолдану жаңартылған білім мазмұнының нәтижесі.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Жаңа қоғам педагогы —  бұл рухани дамыған,  бай  шығармашыл үнемі жаңалыққа ұмтылатын тұлға. Педагогтер жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен ұлттың мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеуге және  әр баланы жеке тұлға деп санап, оның жан – жақты дамуына мүмкіндік жасауға даяр болуы керек .

Жеке тұлғаның қалыптасуы – бұл үнемі рухани толығу, даралықты, интеллектілікті, ішкі және сыртқы  жалпы және кәсіби мәдениетті меңгеру дегенді білдіреді. Қазіргі кездегі білім беру үрдісіндегі өзгерістерді, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай білуі керек.

Білім беруді сапалы өзгерту мұғалім көзқарасы мен орнын, оның оқу үдерісіндегі рөлінсіз қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан әр мұғалім жаңа өзгерістердің мәнін, жаңа білім берудің нәтижелерін түсінуі тиіс. Педагогтердің біліктілігін арттыру кезінде құзыреттілік-бағдарланған білім беру мазмұнының жаңартылу есепке алынуы тиіс және ол оқыту мен әдістемеде жаңа әдістерді енгізуде озық тәжірибелерді тарату болып табылады.

Білім беру мазмұнын жаңартуға көшу кадрлық ресурсқа да жаңа талаптар қояды: педагогтерді білім берудің құзыреттілік әдісі аясында даярлау; педагогтерді денсаулық сақтау технологияларымен қамтамасыз ету; білім беру үдерісін шынайы өскен жекелендіру жағдайында жұмыс істеуге қалыптастыру.

Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен, күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай :   Кәсібилікке   жету үшін мұғалім: педагогикалық, психологиялық, дидактикалық, әдістемелік жаңалықтарды дер кезінде өз тәжірибесінде ендіре алатын, теориялық дамуын, шеберлігін, шығармашылық жұмысқа бейімділігіе арттыратын ұстаз болуы керек.Мұғалімнің қызметтік міндеттерін атқару барысында коммуникативтік проблеманы шеше білу ақпараттық және технологиялық білім мен біліктілігін оқушы бойынада болжамды нәтижені қалыптастыру жолдарын таңдай білуде тиімді пайдалана білуі.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы — өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын құзыретті маман тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсіну қажет. Сондықтан, жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс-тәсілдердің тың, мәнді, әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде, педагогтың жылдар бойы жинақтаған іс-тәжірибесін жаңа ақпараттық технологияға ұштастыруды қажетті санайды.

Қазіргі уақытта білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыруда педагог құзыреттілігі, оқушыдан кәсіби құзыретті маман қалыптастыруды бәсекеге қабілетті, білімді, азаматтар тәрбиелеуді жүктейді.

Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.

Бүгінгі  күні  көкейтесті болып отырған  білімнің  құзырлық ұстанымын  жүзеге асыру құралы  ретінде педагогикалық технологиялар мен  белсенді оқыту әдістерінің алар орны  ерекше. Әрекетке негізделген  технологиялық оқыту танымдық  белсенділігі  жоғары, өмірдің  әр түрлі мәселелерінен  хабардар, кез-келген  тапсырманы  орындауға қабілетті, қолынан іс келетін  құзырлы азаматтарды қалыптастырады.  Құзырлық  дегеніміз оқушының алған  білімі мен  дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да  бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Сонымен  бірге алға қойған мақсатқа  жету субьектінің  ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді  ұйымдастыра алуға дайындығынан  көрінетін білім нәтижесі.     Болашақтағы өз елінің қожасы да, иесі де бүгінгі мектеп оқушылары.Өсер еліміздің  өскелең ұрпағы- бүгінгі жастар.Ендеше біздің  мақсатымыз- бүкіл әлемдік құндылықтарды  бойына сіңіретін  өзінің және  қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын,  өзгермелі даму  үстіндегі  ортада өмір сүруге бейім  бәсекеге  қабілетті және  құзіретті.,  шығармашыл  ұрпақ  тәрбиелеу. Ертедегі  ойшылдардың сөзімен айтсақ :  «Шәкірт – толтырып  қоятын ыдыс емес,  керісінше  тұтандыруды  қажет ететін  шырақ», ал мектеп конвейер емес,  керісінше кең түрде  ойлай алатын  жеке адамды қалыптастыратын  сфера. Олай болса мектепте  білім беру ісіндегі басты басымдық – оқушылардың жеке шығармашылық  мүмкіндіктерін дамыту және оларды  шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу.   Оқу процесінде  жаңа ақпараттық технолгияны  енгізу ісі де  физика пәнімен  тығыз байланысты  өткізіледі. Қазіргі  мектеп мұғалімдерінің  алдында тұрған  басты міндет- физика сабағында  оқушылардың ақпараттық  мәселені  шешу құзырлылығын  қалыптастыру. Физика сабағында  оқушылардың шығармашылық  қабілетін  дамыту тұрғысынан   тиімділігін  арттыру бүгінгі  жоғары  және  орта  мектепте  физика оқыту теориясы  мен әдістемесінің  педагогикалық  мәселелерінің бірі.

Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман  мұғалімді айтамыз.

Болашақтың бәсекесіне қабілетті, әлемдік өркениет талаптарына жауап бере алатын XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының назарынан ешқанаш тыс қалмауы тиіс. Бұл міндетке сай ХХІ ғасыр ұстазы — ең алдымен, ізденімпаз-ғалым, шебер психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сене аламыз.

Бабалар аманаты — бабалар тәрбиесін қолдан шығарып алмау үшін, аманатқа қиянат жасамау үшін де қастерлі саналатын ұстаздық деген киелі атты шын мәніндегі лайықты дәрежесінде, толыққанды түрде көрсету білу — бүгінгі жаңашыл ұстаздың басты міндеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

1 . Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж дейінгі «Білім беруді дамыту бағдарламасы».

  1. 12 жылдық білім журналы №5 2005ж
  2. Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005

4.К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *