Болашаққа бастайтын тарихи құжат (баяндама)

Казиева Кулбаршын Тишбековна

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында еліміздің рухани және интеллектуалды дамуының негізгі бағыты белгіленген еді. Кез келген ауқымды реформаларды іске асыру үшін алдымен қоғамдық санаға сілкініс керек. Сіз бен бізден тұратын қоғам неғұрлым рухани жағынан түлеп, оның ішкі мазмұны жаңғыртылып отырса, жаңғырту үдерісінен де соғұрлым жеңіл өтуге болады.

Тарихқа көз жүгіртсеңіз әлемде модернизациялауды сәтті өткізген бірқатар елдерді көруге болады. Атап айтқанда, Батыс Еуропадан — Ұлыбритания, Франция, Германия, Шығыс Азиядан — Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия даму жолындағы биік шыңдарға, алдымен өздерінің рухани  — мәдени мұрасын жаңғырту арқылы жеткен. Басқаша айтқанда дәстүрлі мәдениеті мен тамыры терең тарихи тәжірбиені басшылыққа алған.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жалпы, модернизациялауға ұлт болып ұйысқан жағдайда және ел болып күш біріктіргенде ғана қол жеткізуге болады, тек сол кезде ғана әлемнің алпауыт елдерімен қатарласа аламыз.

Тәуелсіздіктің  ширек ғасырлық кезеңінде саяи — экономикалық ахуалын жоғары денгейде орнықтырған Қазақ елі рухани жаңғыру жолында бұған дейін де жемісті істер атқарған. «Мәдени мұра», «Халық — тарих толқынында бағдарламалары арқылы барымыз бағаланып, жоғымыз түгенделген. Жыл басында жарияланған үндеу мен «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауда Елбасы  Н.Ә.Назарбаев саяси реформа мен экономикалық жаңғыру процестерінің нақты мақсат -міндеттері мен басымдылықтарын, жету жолдарын саралап берген.

Елбасы мақаласында «Мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол — әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу», дейді. Лайым, осы бағытымыздан ауытқымайық. Әлемдік алдыңғы қатарлы қауымдастық жеткен биік межелерден көріну үшін тек бай мемлекет болу немесе жер қойнауындағы табиғат ананың сыйы — байлықтарды қазып алып сатып баю арқылы қатардан көріну аздық етеді. Бұл бір сәттік, бүгінгі күнмен өмір сүру, ұрпақтың келешегіне назар аудармау. Ұрпақ алдындағы парыз, талай сын сағаттар күтіп тұрған еліміздің болашағы үшін қоғамды, оның әрбір азаматының санасына сілкініс жасау болашаққа салынатын үлкен капитал болмақ. Ол мақсатқа жету жолындағы басты қозғаушы күш — сананың сергектігі керек. Еліміздің жаңа технологияларға, жаңа әлемдік саяси — экономикалық ахуалға негізделген мүлдем жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанын айта келе,  Біртұтас Ұлт болу үшін қандай қасиеттерге ие болып, қандай міндеттерді еңсеру қажеттігі жөнінде кеңінен ой толғаған.Заман талабына сай кешегі мен бүгінгіні орнымен байланыстырып, ұлттың рухани кодына арқа сүйеу керектігі көрсетіледі.

Әрбір жас ұрпақ өзінің ана -тілімен, салт- дәстүрімен, әдеп- ғұрпымен, туған тарихымен терең тамырланғанда ғана өзінің болмысын сақтап қала алады. Ата- баба дәстүріне жай ғана құрметкөрсетіп қоймай оны өмірлік салтында берік ұстану, бабалар алдындағы ұлы аманатты сақтап өне бойына, оны келер ұрпаққа жеткізу кез келген азаматтың парызы болуға тиіс. Сондықтан оларға дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, отансүйгіштікке тәрбиелеу басты назарда болғаны ләзім.

«Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдылық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», деп жазды Елбасы. Елдің болашағы үшін білімі мен білік күші мол жастардарды тәрбиелеу керек. Білім- баға жетпес үлкен рухани күш, сонымен қоса аса зор өндіргіш құрал. Сол себепті  де бүкіләлемдік жаңа идеология ең  әуелі  білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді. Сондықтан да жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан білімге үлкен басымдық беріп отыр. Елбасы айтқандай,  табысты білім алған жас ұрпақ болашақта табысты мелекеттің іргетасын қалауға талпынары сөзсіз. Оқытудың басты әрі маңызды қозғалтқышы — баланың қызығушылығы. Оқушы ерекше сүйіспеншілікпен оқу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану керек. Заманауи білім беру саласында ақпараттық, желілік технологиялар саны көптеп пайда болды, оны білім беру үдерісінде белсенді түрде пайдалану керек. Сындарлы оқытудың мақсаты — оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін жай ғана иеленіп қоймай, оны орынды қолдана білуге үйрету, олардың тұлға ретінде жан -жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз қажет.

Болашақ бүгіннен басталады десек, тұтастықтың кепілі, көш бастаған көсемнің, сөз бастаған шешеннің тамыры терең салтымыздың, рухы биік халқымыздың қадірін қастерлей білу өзгермес өсиетке айналмақ. Бәріне уақыт  сыншы, келешек көрсетер десек те, ұлттың рухани жаңғыруы жаңа серпілістің, биік белестерді бағындырудың, асқарлы шыңдарға көтерілудің  іргетасы. Бұл — Ұлы Дала төсінде сан түрлі қиындықтарды басынан өткізген тәуелсіз Қазақ елі мен халқының санасын оятатын болашаққа бағытталған көш. Бүгінгі заман талап еткен биіктен көріне отырып, болашаққа бастайтын тарихи құжат

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *