Батыстық сана болашақтың бастауы ма? Ұлттық сананың жауы ма?

Ата-бабамыздын санаға сіңген ұғым «ердің намысы» еді. Қазіргі күні ердің мінезі мен болмысының бағасы түскендей. Бұл заманның жаңарғаны ма? Әлде, ойлардың өзгеруінен бе?  Батыстық брэндіне ілесеміз деп жүргенде, қазақи құнымыз түсіп кетпей ме?

Менің ойымша, іске, технологияға, жаһандануға келгенде өзге мемлекеттерден үйренеріміз көп. Дегенмен, өзін «тәуелсіз» деп санап, шекара күзетіп отырған елдің өз құндылығы мен өзгеге ұқсамас ерекшелігі болуы керек. Ол ерекшелік дінімізден, ділімізден, салт-дәстүрімізден байқалады. Соның бірі, «менің қорғаным» деп ерлеріміздің адуынды қайраты, тасқындаса дес бермес жігері еді.Алайда, қазіргі таңда жігіттеріміздің болмысы көңіл толтырмайды. Неге? Бұрындары «тик ток түсіру», «нәзік жандылармен сөзге келу» өзекті мәселе еді. Бүгінгі күні бұл мәселенің шешімін табу қиындап, оданда ұшығуға айналғандай. Сонымен қатар, естігенде жан түршіктірер «жынысын ауыстыру» , «бір жынысты неке», «LGBT өкілдері» кеңінен етек алуда. Қазақы сананың төмендеп бара жатқаны ма? Қанша дегенмен бұрыңғы сипаттаудың өңі кете бастаса, қадірі де түседі. Тек заманнан көре берсек, келешектегі зиялы ұрпақты қалай тәрбиелейміз?

Ерлердің жігіттік болмысының сақталуы- ұлттың сақталуы.Басқадан үйренеміз десек те, дінімізге, ділімізге, ұлттық құндылығымызға зардап тигізбеуіміз керек. Өйткені, іргесі бүтін елде осының барлығы толық болуы тиіс емес пе?

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *