Дүниежүзілік мұхит суы.

Жалпыадамзаттық құндылықтармен интеграцияланған

дүниетану сабағының жоспары

 

Тарау: Мектеп:Ханарық ЖОББМ
Пән: дүниетану Мұғалімнің Т.А.Ә.: Рахмеджанов А

 

Күні: 17.09.2019ж Сынып: 6 Оқушылар саны: 24

 

Сабақтың тақырыбы Дүниежүзілік мұхит суы.
Оқу мақсаттары Сабақ мақсаты: Оқушыларды дүниежүзілік мұхиттың ағысы, оның маңызы туралы түсінік бере отырып,ішкі тыыштық құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың мақсаттары 1.      Оқушыларға Дүниежүзі мұхиттарының ерекшеліктері туралы білім беру.

2.      Оқушылардағы туған өлкеге деген мақтаныш сезімдерін дамыту.

3.Оқушыларды байсалдылыққа, шыншылдық, шыдамдылыққатәрбиелеу

Жетістік критерийлері 1.      Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.Сабақ барысында тыңдаушының назарын қзіне аудара алады.

 

Тілдік мақсаттар Оқылым:оқушылар оқулық пен ресурстар арқылы мәтінмен танысады.

Айтылым:«Серпінді сұрақтар» әдісі арқылы сабақты ауызша түйіндейді.

Тыңдалым: Жер туралы бейнежазбаны тыңдап, суреттерді көру арқылы тақырыптың маңыздылығын ашады.

Жазылым: Барлық оқушы сабақ бойынша жазбаша кері байланыс жасайды.

Құндылықтарды дарыту

 

 

 

 

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын басшылыққа ала отырып, оқушылардың жеке және топпен жұмыс істей білу қабілетін, денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету құндылықтарын қалыптастыру.

Жалпыадамзаттық құндылықтар, ішкі тыныштық.

Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану

 

АКТ қолдану дағдылары Бейнебаян, интербелсенді тақта

 

Алдыңғы оқу Атлас картамен   жұмыс жасай алады.

 

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

 
Сабақтың басы

 

І. Ұйымдастыру сәті.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. 5-Т-ны еске түсіру.

1.      Тәртіп

2.      Талап

3.      Тазалық

4.      Тыныштық

5.      Татулық

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып — білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

1.    Тыныштық сәті «Су асты патшалығына ойша саяхат».

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Рахмет!

Ресурстар:

(материалдар, көздері)

Дүниежүзінің физикалық картасы, мұхиттар картасы, атлас.
Презентациялар, А3,А4 форматтары, конверттер, маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақтың мазмұнымен интеграциялау)

Үй тапсырмасын тексеру:

1. Гидросфера дегеніміз не?

2. Гидросфераның құрамына нелер жатады

3. Табиғатта су неше күйде кездеседі?

4. Физикалық картадан гидросфераның қандай бөліктерін көруге болады?

5. Мұхит суының қандай басты қасиеттері бар?

6. Судың мұхиттан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін не депатайды?

7. Табиғатта су қандай күйде кездеседі ?

8. Судың қандай қасиеті бар?

9. Мариан шұңғымысын кімз ерттеді?

Дәйексөз.

Су -тіршіліктің ғана емес,тазалықтың,пәктіктің белгісі.

 

Жаңа сабақ.

Дүниежүзілік мұхит ғаламшарымыздағы жылу мен ылғалдың таралуын белгілі дәрежеде реттеп отыратындықтан жердегі тіршілік үшін маңызы өте зор. Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы 361,1 млн км. Күн жүйесідегі ешбір ғаламшарда дәл Жер шарындағыдай мөлшерде су жоқ. Олай болса, су – Жер табиғатының басты байлығы тіршілік көзі.

Мұхит суының басты қасиеттері – температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының да жылынуы Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тікелей байланысты.

Дүниежүзілік мұхит суы көлемінің үлкен болуына орай, құрлықпен салыстырғанда судың баяу салқындауы нәтижесінде мұхитта жылу көп жинақталады.

Мұхиттың кейбір аудандарында бұл заңдылық мұхит ағыстары, тұрақты желдер, ал материк жағалауларында құрлықтың тікелей ықпалы мен олардан ағып шығатын өзен сулары әсерінен өзгереді. Судың температурасы тереңдікке қарай да өзгереді. Тереңдеген сайын алғашында температура күрт төмендейді, 3000-4000 м тереңдіктен кейін температура  +2, – 0ºС аралығында тұрақтайды.

Дүниежүзілік мұхит суының құрамы аса күрделі. Мұнда суда еритінтұздар мен газдар, органикалықжәнеерімейтінзаттар да кездеседі. Оныңқұрамында 60-тан аса тұрақтыкомпоненттер бар. Табиғи минералдардың барлығы дерлік мұхит суында еріген күйін декездеседі. 1 л мұхит суындағы еріген тұздардың мөлшері судың тұздылығы деп аталады. Бұл көрсеткіш промилле арқылы есептеледі. Мұхит суының орташа тұздылығы 35 промилле шамасында. Тұздың өте жоғары көрсеткіші-41 промилле.

Сұрақтар:

1.      Судың қандай пайдасы бар?

2.      «Су – өмір мәнісі» дегенді қалай түсінесіз?

3.      Суды қорғау үшін қандай шаралар жүзеге асырылады?

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса тіршілік тәмәм, бауырым

Судың біз біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін.

Су деген тіршіліктің қаны емес пе?

Су деген табиғаттың жаны емеспе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емеспе?

Қазақ халқында адамгершілікке арналған үш сауап бар,олар:

1.Шөлге құдық қазған.

2.Өзенге көпір салған.

3.Жолға ағаш еккен.
Су — мөлдір. Су сияқты біздің ішкі жан – дүниеміз де таза, мөлдір болса Ішкі тыныштықта өмір сүреміз.

Судың тірі организмдер үшін маңызы зор. Ол болмаса  тіршілікте жоқ. Су – жанғасұлулық  береді, көңіліңді көтереді , тазалық көзі, шынығу көзі, су- тағам, табиғатқа сән, өмірге мән береді.Су табиғатта үш түрде кездеседі.Адамдардыңда мінез құлқы әр-түрлі болады.
Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын, адамға қорек нәр беретін байлық көзінің бірі- су.  Судың  қасиеттері қаншалықты көп болса, адам бойында соншалықты құндылықтар көп болады.  Мұхит, өзен, жер асты сулары, мұздықтар мен атмосферадағы су булары — жердің гидросфера қабатын құрайды.  Судың негізгі қорын мұхит пен теңіз сулары алып жатыр. Құрлықтағы сулар тұщы болып келеді.  Су – түссіз, мөлдір, иісі –дәмі жоқ, ұдайы ағып жатады.

Судың тірі организмдер үшін маңызы зор. Ол болмаса тіршілікте жоқ. «Су-өмір көзі» , су-жанға сұлулық  береді, көңіліңді көтереді , тазалық көзі, шынығу көзі, су- тағам, табиғатқа сән,  өмірге  мән береді.
Табиғаттың 
көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын, адамға қорек нәр беретін байлық көзінің бірі- су. Бүгінгі таңда, өзен, көл, теңіз жағалауларының, арық жағасының  таза болмауы адамдардан суға тиіп отырған зияндық. Одан су ластанады ,таза су ішпеген ,таза суда шомылмаған халық науқастанады. «Судың да сұрауы бар» дегендей, суды үнемдеу, су жағалауларын  таза ұстау, қамқорлық жасап, денсаулығымызды сақтау өз қолымызда екендігін естен шығармау қажет. Судың  қасиеттері қаншалықты көп болса, адам бойында соншалықты құндылықтар көп болады.    

Топпен жұмыс:

Оқушылар төрт топқа бөлінеді:

1 – топ: «Тынық мұхит»

2 – топ: «Атлант мұхиты» 

3 – топ: «Атлант мұхиты»

4 – топ: «Үнді мұхиты»

Тапсырма:«Сәйкестігін табыңдар»

Солтүстік теңіз бен Жерорта теңізінен алынатын пайдалы қазба түрі Солтүстікмұзды

мұхит

Асылтастар (інжу-маржан) қаймұхиттан алынады? тайфундар
Бұл аймақ мұнай мен газдың қоры және оларды өндіру жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орынды иеленеді. мұнай
Жаздыңаяғы мен күздің басында жиі байқалатын құйын тәріздес жойқын дауылдар Жерортатеңізі
Итбалықтар, морждар, жағалауларда ақ аю тіршілік етеді Үндімұхиты
Ең ластанған теңіз Парсы шығанағы

 

Сабақты  қорытындылау:

«Түрлі – түсті теңіздер»

І топ. Бұл теңіз Солтүстік мұзды мұхитының ең кішкентай теңізі. Бұл қай теңіз?

ІІ топ. Бұл теңіз Еуразия және Африка аралығында, литосфералықплиталардың түйісу аймағында орналасқан. Мұнда дүниежүзілікмұхиттағы ең жоғары тұздылық байқалады. Бұл қай теңіз?

ІІІ топ. Бұл теңіз мұхиттан оқшауланып, Еуразия материгіне ішкері кіріпорналасқан. Осы теңіз жағалауындағы сауықтыру демалыс орындары,табиғи климаттық жағдайлары қолайлы ұштасқан курорттары айрықшакөзге түседі. Бұл қай теңіз?

ІV топ. Бұл теңізге Азиядағы қытай тілінен аударғанда “сары өзен” деп аталатын хуанхе өзені құяды. Сазды, шөгінді жыныстар жазықпенағатындықтан суы лайлы болады. Өзен осы теңізге жыл сайын көлемінұлғайтып отыратын кең атырау жасап құяды. Бұл қай теңіз?

Үй тапсырмасы: Дүниежүзілік мұхиттың бөліктерін  және мұхит ағыстарын кескінкартаға түсіру

Сабақтың қорытынды сәті:

Бүгінгі өтілген тақырып сіздерге үлкен ой салар деген ойдамын. Оқушылар сабақтан алған жақсы әсерлеріміз бен қасиеттерімізді жүрегімізге сақтап қояйық.

Халқымызда ежелден ел ауызында айтылып келе жатқан «Судың да сұрауы бар”, «Бұлақ көрсең – көзін аш”, «Сулы жер – нулы жер” деген нақылдар тегін айтылмаған.Сондықтан да, таза, тұщы су — байлығымыз. Оны үнемдеп, сақтауымыз керек екендігін есімізден шығармауымыз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

Сабақтың қорытынды сәті

Балалар, бүгінгі сабақтағы жақсы әсер, жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтап алайық. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.

 

Үй тапсырмасы:

6-параграф материалымен жұмыс, сұрақтарына жауап беру, жұмыс дәптерлеріне тапсырмаларды орындау

 

 

 

 

 
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *