Ашық сабақ: «Көліктер»

 

Білім беру саласы «Әлеуметтік орта», «Таным»
Оқу пәнінің саласы Жаратылыстану
Оқыту мақсаты Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
ҰОҚ мақсаты Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру,  аттарын, түрлерін ажыратуға үйрету.
Оқыту дағдылары Балалар көліктер туралы түсіне отырып, атауларын дұрыс айта алады.
Күтілетін нәтижелері Нені білді: Көлік түрлерін ажыратып, қызметін біледі.

Нені игерді: Барлық көліктер адамға қызмет етеді. Көліктің түрлерінің өзгеріп, көбейюі адамның қиялына, шығармашылығына байланысты  екен.

Меңгерді: Көліктердің сыртқы құрлысы мен қызметіне қарай ажыратады. Жолда жүру ережелерін сақтауды.

Ширату жаттығуы: сәлемдесу, амандасу (балаларды шеңбер жасауға шақыру)  «Көліктер» туралы толық мәлімет беру.

Ашық сұрақтар:  

—         Көлік  қандай бөлшектерден тұрады?

(4К моделінің сыни ойлау дағдысы Саралаудың диалог, сұрақтарды қою стратегиясы)

ПЖО ойын:  «Өз орнын табу» ойыны.

Мақсаты: балаларға суреттің айырмашылығын таба білуге, өз орнына қоя білуге және өз ойын айта білуге үйрету. Ақыл – ойларын дамыту.

Жеке жұмыс.  Балалар өздері суреттерді таба білу.

(4К моделі коммуникативтіліктік, саралаудың түрлі қажеттілігі бар балаларғақолдау көрмету. Жеке жұмыс жүргізу кезінде балалар қажетті суреттерді өз орындарына қояды).

Құрылымдалған ойын:  «Көлік құрастыру». Топтар алдарына берілген көліктерге байланысты үш топқа бөлінеді. Қиылған дайын көлік суреттерін бір – біріне жалғап,  құрастырады. Геометриялық пішіндерден машина, ұшақ, кеме құрастырып,  түстерін және пішіндерін айтады. (Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, шеңбер).

(4К моделінің сыни ойлау, креативтілік дағдылары. Саралаудың ресу арқылы саралау тәсілі). Топтар жасаған жұмыстарын бір – біріне көрсетеді.

Еркін ойын «Лего ойыншықтарымен көлік құрастыру»

Мақсаты: оқушылар лего ойыншықтары арқылы, өз ойларынан, суретке қарап, көліктер құрасырады. Балалардың ойлау қабілеттері дамиды.

Екі жұлдыз, бір тілек әдісі

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *