АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ «ӘКІМ КУБОГЫ — 2023»

14 қазан Алматы қаласы, «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағының» РЖҚБ ұйымдастыруымен Алматы қалалық «ӘКІМ КУБОГЫ – 2023» жүлделі ойыны өтті! Шараға Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының орынбасары Азиз Кажденбек, актриса Сара Амангелді, актер Жанболат Найзабеков және актер, ардагер жайдарманшы Ақболат Өтебай қазылық етті. Сонымен қатар танымал тұлғалар, блогерлер, қала студенттері мен жастары әдемі кешті куәсі болды. Республикамызға танымал жайдарманшылары арасындағы тартысты сайыстың нәтижесі бойынша:

«Энерго» (Алматы қаласы) командасы ІІІ орын — 400 000 тг;

«Шапалақ» (Талдықорған қаласы) командасы ІІ орын — 600 000 тг;

«Жуалы» (Тараз қаласы) Бас жүлде  — 1 000 000 тг иеленді.

Ойынға қатысқан және жүлде алған бар команданы шын жүректен құттықтаймыз!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *