«Абайла балақай!»

Қарағанды облысы
Теміртау қаласы
№19 «Ақтілек» бөбекжайы
Тәрбиеші:Агадилова.Р.А

Білім беру саласы: «Таным» Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі : «Жаратылыстану».               Тақырыбы: «Абайла балақай!» Мақсаты: 1. Білімділік міндеті: Балаларды бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. 2. Дамытушылық міндеті: Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін меңгерту,түстерді ажырата білуге үйрету. 3. Тәрбиелік міңдеті: Баланы мұқият болуға тәрбиелеу. 4.Әдіс-тәсілдері:көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойын. 5.Көрнекіліктер:жолдан өтіп бара жатқан әкесімен баласының суреті,бағдаршам.
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері:
Достарды біз қолдаймыз, Қиын шақта қорғаймыз. Біздің топта ұл-қыздар Тату-тәтті ойнаймыз.
Әңгіме жүргізу. Тәрбиеші:Балалар,сендермен жол тәртібі туралы әңгімелесеміз. Тақтада сендер қандай пішінді көріп тұрсындар? -Дөңгелек Балалар: ия Тәрбиеші: балалар дұрыс айтасындар,дөңгелек екен. -Осы пішіндердің түстері бір-біріне ұқсайды ма? -Пішіндердің түсі-қызыл,жасыл, сары. -Мен қазір сендерге сиқырлы жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ жасыру.
-Қызыл түсі «тұр» дейді, Сары көзі «дайын бол» дейді. Жасыл көзі «жүр» дейді. (Бағдаршам)
-Бағдаршамды қайдан көрдіңдер?
-Ия,балалар ,бағдаршамды машина жүретін жолдың шетінен көреміз.
Суретпен жұмыс.
Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. -Балалар жолдан қалай өтуіміз керек?
-Дұрыс,жолдан абайлап өту керек.Қозғалысы көп көше қиылыстарында жол полициясы қызметкерлерін көреміз.
Олар көше тәртібін сақтап,жүргізушілерге бағыт,бағдар беріп тұрады. Жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды. Көшенің арғы бетіне өтерде сақ болған жөн. Бұл суретте әкесімен баласы жолдан өтіп бара жатыр. Көшеде жүру тәртібін сақтап бағдаршамның жасыл түсі жаңғаның күтіп тұр. Балалар,көшеде жол тәртібін сақтамау-адам өміріне өте қауіпті. Жолды үлкендермен бірге кесіп өткен дұрыс. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.Жолдан өтер кезде алдымен сол жағына, содан соң оң жағына қарап,арнайы жачу хүргіншіге арналған жолмен өту керек.Бағдаршамның өздерін білетін үш көзі бар. Үш көзінің түсі үш түрлі. Біріншісі-қызыл.Екіншісі-сары.Үшіншісі-жасыл.
Сергіту сәті. Ендi бiз демаламыз,
Айналаны шоламыз.
Қол-аяқты кезекпен,
Оңға-солға созамыз.
Күн шыққанда сүйiнiп,
Бәйшешектей иiлiп,
Бiз тынығып аламыз.
Жиi-жиi жаттығып,
Үлкен кiсi боламыз.
Ойын : «Бағдаршам» Ойынның мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттің дамыту. Шарты: жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде,балалар жүреді. Сарыны көрсеткенде,алақандарын соғады. Қызылды көрсеткенле,тыныштық сақтайды.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс: Бағдаршамның түстерін ажыратып ,бояту.
Сұрақтар арқылы балалардың меңгергендерін қорытындылау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Бағдаршамның атқаратын қызметін. Игереді: Бағдаршамның түстерін ажырата білу дағдыларын. Меңгереді: Жолда жүру ережелерін.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *