«Үй жануарлары».

Тәрбиеші; Адинаева Гулнара Ганиевна
Теміртау каласы № 19 «Ақтілек» бөбекжайы

Ортаңғы тобының
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы : Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Жаратылыстану.
Тақырыбы:«Үй жануарлары».
Мақсаты: «Балалардын үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшіліктерімен,мінез-құлықтарымен,тіршілік әрекетімен таныстыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар:суреттер,үй жануарлардың пайдасы бейнелейтін суреттер,үлестірмелі материалдар.
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шеңбер бойына түрып,педагогпен бірге төмендегі өлең жолдарын кайталайды.
Арым таза,ақ көніл,
Адамдыққа сенемін.
Абыройлы,ақ ниет,
Адалдыққа сенемін.
1.Білімді өзектендіру.
-Ферма дегеніміз не?
-Фермада қандай жануарлар ұстайды?
2.Үй жануарлары және олардың пайдасы туралы әңгіме.
-Ферма-барлық үй жануарларын өсіріп ұстайтын шаруашылық орын.Үй жануарларын адам күтіп-баптайды.
Жануарлардың еті,сүті,
Жұмыртқасы-азық,ал жүні, терісі және
мамығынан қаншама тұрмысқа қажетті заттар жасалады.
3.Билингвальды компонент:
Үй жануары-домашнее животное,сиыр-корова, ешкі
-коза,тауық-курица. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз.Олар мыналар:қой,
ешкі, сиыр,түйе,жылқы.

Түйенің төлі-ботақан.
Қойдың төлі-қозы.
Ешкінің төлі-лақ.
Жылқының төлі-құлын.
Сиырдың төлі-бұзау.

4.Үй жануарлары туралы өлеңді оқу.
Шөре,шөре,лағым,
Секендеме,демінді ал.
Тентек болма шырағым,
Селтендемей құлағың.
-Өлең ненің төлі туралы?
-Ешкінің қандай пайдасы бар?
Әукім-әукім әукешім,
Сипайыншы әукесін.
Енең,әне,келеді,
Ақ мамасын береді.
-Сиырдын қандай пайдасы бар?Тағы қандай үй жануарларын білесіндер?
-Дұрыс,үй құстары және ти,мысық та үй жануарларына жатады.
Қалай ойласыңдар тауық қандай пайда әкеледі? (Еті мен жұмыртқасы-тамақ. Мамығынан жастық жасайды).
5.Динамикалық үзіліс.
«Шип-шип шөжелерім» әнің үнтаспадан тыңдады.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
-Үй жануарларын атаңдар?
-Неге адамдар жануарларға күтім жасайды?
Олардың қандай пайдасы бар?
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:төрт түлікке байланысты берілген (мысалы:ешкінің төлі-лақ.Бұзауды «әукім-әукім»деп шақырамыз) тапсырмаларды.
Түсінеді:үй жануарларының адам өміріндегі маңызы.
Қолданады:жалпы үй жануарлары туралы мәліметтерді оқу іс-әреттерінде.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *