Мектепке дейінгі ұжымдағы сабақ жоспары

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы «Балдырған» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі: Оразахунова Назым Болатқанқызы

Тәрбиеші: Оразахунова Назым Болатқанқызы

Күні: 05.05.2018

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сауат ашу

Өтпелі тақырып: Әрқашан күн сөнбесін

Тақырыбы:  «Ү» дыбысымен және әрпімен таныстыру

Мақсаты: «ү» дыбысымен және әрпімен таныстыру; сөздерге сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын байыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: Қолайна, жұмыс дәптері, қима әріптер.

Сөздік жұмыс: бөбек, үскі.

Билингвальды компонент: үйрек-утка, көл-озеро.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-          әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық -Балалар, бізге бүгін қонаққа алыстағы көлден үйрек келіпті. Үйректің суретін көрсету.

-Сәлеметсіңдер ме , балалар.

 Балалар таңдана назар аударады.

-Сәлеметсің бе, үйрек.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік            

-Үйрек қай дыбыстан басталады?

-Ендеше бүгін біз «ү» дыбысымен танысамыз.

«Ү» дыбысы –дауысты дыбыс.

-Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

-«Ү» дыбысы «ұ» дыбысына ұқсайды.

Бір-біріне ұқсас ағайынды дыбыстар.

Екі дыбыста дауысты дыбыстар.

«Ү» дыбысының айтылу артикуляциясы мынадай: ерін алға созылып, түтікшеге ұқсайды, тіл, ауыз қысылып, ұшы сүйірленіп, оғары көтеріңкірейді. Дауыс шымылдығы ашықө болады. Осылайша «ү» дыбысы шығады.

-«ү» дыбысын айнаға қарап айтыңдаршы.

 

 Билингвальды компонент: үйрек-утка, көл-озеро.

 

Тіл жаттықтыру.

Үс-үс-үс- көрдім бүгін түс.

Үш-үш-үш-  бойға жинап күш.

Үй-үй-үй- алыста тұр киіз үй.

«Ү» дыбысына мысалдар келтірткізеді. «Ү» дыбысының жазылу үлгісі, әріп таңбасын көрсету.

Тақтаға жазып көрсету. Ауада жазып көрсету.

Педагог «ү»  әрпін қазақтың төл әрпі екенін айтады.

Әріп қималарымен сөздер жазғызу. Осы сөздерді балаларға оқыту.

 

Сергіту сәті.

Бас бармағым бастап берді,

Саусақтарым ән сап берді.

Шылдыр шүмек шылдырлады,

Кіші бөбек былдырлады.

 

Сөздік жұмыс.

Бөбек- жас нәресте, сәби.

-«Ү» дыбысы өлеңде қай сөзде кездесіп тұрғанын айтыңдар.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі № 33 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға көмектеседі.

Жеке жұмыс жүргізеді.

-«Ү» дыбысынан басталады.

-Қызыл түспен белгілейміз.

 

 

Тыңдайды, естерінде сақтайды.

 

 

Балалар айнаға қарап, «Ү»,- деп айтады.

Қайталайды.

 

Әуенмен айтады.

Ү-ү-ү-ү-ү.

-Үкі, үйрек, үй, үнтаспа, үшкір.

Балалар ауада жазып қайталайды.

 

Үкі, үн, үй, үс, үйрек, сүт, үш сөздерін қима әріптермен жазады және оқиды.

Қимылмен келтіріп жасайды.

 

Сөздік мағынасын түсінеді.

 

Тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік  Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық?

«Ү» дыбысы қандай дыбыс?

-«Ү» дыбысымен.

-«Ү» дыбысы- дауысты дыбыс.

Күтілетін нәтиже:           

Орындайды: әріп қималарымен сөздер құрап жазуды, сөздерге дыбыстық талдау жасауды, өлең сөзі ішінен «ү» дыбысы бар сөздерді табуды.

Түсінеді: «ү» дыбысымен «ұ» дыбысының ұқсастығын.      

Қолданады:  сөздердің ішінен жаңа дыбысты таба білу дағдыларын.

Тексерген:

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий