Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жылулық сәулелену. Абсолют қара дене.

Айжан Бытыкова
3 мин оқу 696 оқылым

Физика. 9-сынып

Сабақ № 66

Сабақтың тақырыбы:  Жылулық сәулелену. Абсолют қара дене.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: жылулық сәулелену, абсолют қара дене, жарық кванттары туралы тақырыптарын меңгеруі.

Тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, ізденімпаздыққа, белсенділікке, адамгершілікке  тәрбиелеу.

Дамыту: оқушылардың танымдық деңгейлерін  кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесіп болғаннан кейін, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалап, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.

ІІ. Жаңа сабақ:

XX ғасырдағы ғылыми ойдың ұлы жеңісі — кванттық теорияны қалыптастыруда қызған дененің сәуле шығаруын эксперименттік зерттеу үлкен рөл атқарды. Жоғары температураға дейін қыздырғанда дене әртүрлі түске еніп, сәуле шығара бастайтынын білеміз. Мысалы, темірді қыздырғанда, ол әуелі қызыл, содан кейін қызыл сары, одан әрі ақ сары түске бөленеді. Электр шамының вольфрам қылын 3000°С-қа дейін қыздырғанда, ол ақ жарық сәуле шығарады. Күннің жарығы, жұлдыздардың шығаратын сәулелері де олардың температурасының өте жоғары болуына байланысты.

Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын жылулық сәулелену деп атайды.

Жылулық сәулелену құбылысы тек қызған денелерде ғана емес, салқын денелерде де орын алады. Электр шамының вольфрам қылы 3000 С-қа дейін қызғанда көзге көрінетін ақ жарық шығарса, температурасы төмендеген сайын денелер көрінбейтін инфрақызыл сәулелер шығарады. Инфрақызыл сәулелерінің жиілігі ақ жарықтың жиілігінен төмен. Сондай-ақ денелердің температурасы тым жоғары болса, олар көрінбейтін улътракүлгін. сәулелер шығарады. Ультракүлгін сәулелерінің жиілігі ақ жарықтың жиілігінен жоғары.

Жарық сияқты жылулық сәулелердің барлық түрлері де электромагниттік толқындар қатарына жатады. Олар бір-бірінен тек жиіліктеріне немесе толқын ұзындықтарына қарай ажырайды.

П. Эксперименттік зерттеулер денелердің жылулық сәулелерді шығарумен қатар оларды жұта да алатынын көрсетті. Оны көптеген тәжірибелер растайды. Мысалы, параболоидтік айнаға вольфрамнан жасалған спираль қылын орнатып, оны электр тогымен инфрақызыл сәулесін шығаратындай етіп қыздырайық. Оған қарама-қарсы қойылған екінші айнаның фокусына қара түске боялған құрғақ мақтаны іліп қойсақ, ол белгілі бір уақыттан кейін "өз-өзінен" тұтанып жана бастайды (141-сурет). Бұдан денелердің жылулық электромагниттік сәулелерді шығарып қана қоймай, оларды жұта да алатынын көреміз. Ал кара түсті денелер сәулелерді басқа түсті денелерге қарағанда көбірек жұтады. Бұл тәжірибе электромагниттік толқындардың шынында да энергия таситынына көзімізді жеткізеді.

Өзіне түскен әртүрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені абсолют қара дене деп атайды.

Күн сыртқы ортаға жарық шығарумен қатар өзіне сырттан келіп түсетін әртүрлі жиіліктегі сәулелерді де толық жұтып алады. Сондықтан ол абсолют қара денелер қатарына жатады.

142-суретте абсолют қара дененің үлгісі көрсетілген. Іші қуыс ыдысқа тар саңылаудан түскен сәуле шексіз мәрте шағыла ды да, толық жұтылады.

ПІ. Денелердің әртүрлі толқын үзындығы (жиілігі) мен темпе- ратурадағы сөуле шығару қабілетін өлшей отырып, ғалымдар XIX ғасырдың аяғында аса мол эксперименттік мөлімет жинады. Алайда тәжірибеден алынған жылулык сөулелердің А. толкын үзындығына байланысты Е( X) энергия өзгерісін (1-қисық 143- сурет)

Эксперименттік нәтиже мен классикалык теория арасындағы мұндай қарама-қайшылық физика тарихында "ультракүлгін апаты" деген атаққа ие болды.

ІІІ. өткен тақырыпты бекіту.

37 жаттығу.

ІV. Өткенді қайталау. Жабық тест.

 1.Шоқжұлдыз деген не?

  1. Аспанда    қанша шоқжұлдыз  бар?
  2. Көрінерлік жұлдыздық шама деген не?

4.Аспан сферасы дегеніміз не?

5 Зенит дегеніміз не?

  1. Эклиптика   - аспан экваторына қалай орналасқан?

7.Экваторлық координаталарды атаңдар?

8.Аспан мередианын жұлдыздар тәулігіне  неше рет кесіп өтеді?

9 .  Уақыт бірліктері

  1. Қазақстан жері арқылы қанша және қандай сағаттық белдеулер өтеді?

11.Надир дегеніміз не?

  1. Аспан   сферасының  негізгі элементтерін атаңдар?

13.Жыл мезгілдерін атаңдар?

14.Жер планатасына ұқсас планета?

  1. Алғашы   ұшқыш-ғарышкер ?
  1. Үйге тапсырма: §.47

VІ. Баға қою

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Айжан Бытыкова

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Физика

7-9 сыныптарда физиканы оқыту үдерісін ЖИ көмегімен дербестендіру және визуализациялау жолдары

Мақалада 7-9 сыныптарда физиканы жасанды интеллект көмегімен дербестендіру және визуализациялау жолдары қарастырылады. ChatGPT, Gemini, Foxar және Curipod платформаларын қолдану әдістері ұсынылған.

Айдана Мопық 10 мин 18 оқылым
Физика

Физика сабағында жасанды интеллектті қолдану арқылы есеп шығаруды оқыту және дифференциалды тапсырмалар құрастыру

Мақалада жасанды интеллект көмегімен физика есептерін қадамдап шығару және оқушылардың білім деңгейіне сай дифференциалды тапсырмалар құрастыру жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 2 мин 230 оқылым
Физика

Физика пәнін оқытуда STEAM тәсілінің тиімділігі

Физика пәні мұғалімі Аннотация Бұл мақалада физика пәнін оқыту үдерісіне STEAM (Science, Technology, Engineering, Art, Mathematics) тәсілін кіріктірудің педагогикалық тиімділігі ғылыми-академиялық тұрғыдан талданады.…

Серикбаева Гулдана Байтемирқизы 12 мин 236 оқылым
Физика

Физика пәнін жасанды интеллект арқылы оқыту

ШҚО Ұлан ауданы Тайынты ауылы "М. Таенов атындағы негізгі мектебі" КММ физика пәні мұғалімі Кіріспе Бүгінгі таңда білім беру саласы қарқынды дамып, жаңа технологиялар мен әдістер енгізілуде. Әсіресе, жасанды интеллект…

Табыс Тілеубек 2 мин 269 оқылым