| Мерзімі: 8.11.2019ж
Пәні: Айналадағы әлем Сыныбы: 4 «а» |
|||
| Сабақ тақырыбы: «Жыл мезгілдерінің белгілерін білу» | |||
| Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға жыл мезгілдері жайында түсініктерін қалыптастыру. Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру. Оларды еш қиындықсыз ажырата алуына ықпал ету. Түзетушілік: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Баланың ой-қиялын дамыту Тәрбиелік: Оқушыларды айналадағы әлем пәніне қызығушылығын арттыру, оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, мұғалімді сыйлап құрметтеуге тәрбиелеу |
|||
| Оқу мақсаты | 4.2.1.1. жыл мезгілінің белгілерін білу, жыл мезгілдеріне өсімдіктер мен жануарлар тәуелділігін және олардың тіршілігіндегі өзгерістерді білу. | ||
| Пәнаралық байланыс | Ритмика, оқу және тіл дамыту. | ||
| АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта | ||
| Алдыңғы білім | 4.1.3.5. мұғалім мен тәрбиешіге аты мен әкесінің атын қосып айтуды үйрету. | ||
| Сабақ кезеңдері | Мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті | Ресурстар | |
| Ұйымдастыру кезеңі | Оқушыларға психологиялық бағыт беру:
-тыныштыққа шақыру -бүгінгі күнді хабарлау -жаңа сабақты хабарлау |
||
| Үй тапсырмасын тексеру | - Сынып жетекшілеріңнің аты кім? - Ол кісінің аты мен әкесінің атын айтып атағанда қалай болады? - Тәрбиешілеріңнің аты кім? - Ол кісінің аты мен әкесінің атын айтып атағанда қалай болады? |
||
| Жаңа сабақ | - Балалар жыл мезгілдерін айтыңдаршы.
- Жаз қандай болады? - Күз қандай болады? - Көктем қандай болады? - Қыс қандай болады? - Қазір біз карточкалармен жұмыс жасаймыз. Мен қазір карточка көрсетемін, сендер қандай жыл мезгілі екенін табасыңдар. |
Суреттер
Карточкалар |
|
| Сергіту сәті | Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық |
||
| Жаңа сабақты бекіту | -Жыл мезгілдерін байланыстырыңдар.
-Қазір қандай мезгіл? -Олай болса қыз мезгілінде үйдің, ағаштың үстінде не болады? -Нұсқау: Қазір біз үй мен ағаштың үстіне бәріміз кезекпен мақта жапсырамыз. |
Қима суреттер
Сурет, мақта |
|
| Сабақ қорытындысы және оқушыларды бағалау | - Балалар ұнады ма?
- Сабақ сендерге түсінікті болды ма? - Қай жері түсініксіз болды? «Басбармақ» кері байланысы. -Нұсқау: сабақ ұнаса басбармағымызды жоғары көтереміз, ал сабақ ұнамаса төмен түсіреміз. |
||
| Үйге тапсырма | Қалаған жыл мезгілі туралы сурет салу | ||
Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз
Мақаланы телефонда ашыңыз
Автор
Меруерт