Мазмұнға өту

Журналистиканың дамуындағы әлемдік үрдістер

. 3 мин оқу 77 оқылым

Журналистика әлемдік мәдениеттің маңызды бөлігін құрайды және  шығармашылық пен саясаттың феномені және қазіргі өркениеттің маңызды бөлігі болып табылады.  Журналистиканың даму тарихы  XVIII ғасыр басында Еуропада басталды. Қазақстанда бұл құбылыс бір ғасырдан кейін басталса, өзге елдерде әр түрлі уақытты қамтиды. Уақыт өткен сайын журналистиканың маңызы артуда және ол қуатты идеологиялық күш. Журналистика қоғамдық ойдың дамуына, экономиканың өркендеуіне үлес қосып, мәдениеттің бір бөлігі ретінде рухани және материалдық мәдениеттің дамуына белсенді  араласуда.

Қазіргі журналистиканың даму үрдісі мен ақпараттық кеңістіктің жаһандануы әлемнің барлық елдерін қамтып, экономикалық және саяси қарым-қатынастың жедел өсуіне әсер етуде. Баспасөз, радио және телевизия, мультимедия, компьютерлік желілер мемлекет пен континентті жақындастырып, миллиондаған халықтың үйіне енді. Ақпараттық ағым қоғамдық басқару үрдісінің тетігіне айналып, оған билік басындағылар, саяси билікке таласушы  топ та жүгінеді. Онымен қоса бизнес заңы бойынша өнеркәсіпте, өңдеу саласында, саудада ақпарат тарату нормалары мен ережелері күшеюде. Газет немесе журнал шығару, телевидение мен радионы иемдену тікелей табыс әкеле қоймайды, бірақ оның өзіндік пайдасы бар, жақсы иммидж қалыптастырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, бұқараны тәрбиелеуге көмектеседі. Бұқаралық ақпарат құралдарының, коммуникациялық үдерістiң қарқыны дамыған сайын адамның өзiне, жеке өмiрiне, әлеуметтiк өзгеріске массмедиа қатты ықпал етеді. БАҚ-тың қалыптасуы мен дамуы, әр елдегі  демократияландыру мен мемлекеттiк жүйенiң өзгеру кезеңімен  қатар жүредi. Шетел БАҚ-тарының тәжiрибесi ақпараттық кеңiстiктiң жаһандану шарттарын қалыптастырды. Журналистиканың дамуы, қоғамдағы әлеуметтiк-саяси және экономикалық үдерістен, техниканың, ғылымның iшкi логикасы дамуымен  тығыз байланысты. Қазiргi шетел журналистикасының жан-жақты дамуының ортақ тенденциясында ұлттық ерекшелiк әлi де сақталып отыр.  Баспасөз, радио және теледидардың коммерциялануы, жаңа ғылыми-техникалық табыстардың барлық жерде енгiзiлуі, Батыс, Шығыс және Орталық Еуропа, Америка, Азия елдерiнiң БАҚ-ның  алдына  күрделi мәселелер қойды. Дамушы елдердегi БАҚ-ты модернизациялау  үдерісі әртүрлi пішінде дамып, бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникацияның дамуына, сол елдің идеологиялық бағытына ықпал етуде.

Тарихи зерттеудің деңгейі екі фактормен анықталады: біріншісі, зерттеу мәліметтерінің толық болуы, екіншісі, материалды зерттеудегі әдістеме. Көп жылдар бойы идеологиялық бағыттағы журналистика қамтылып, шетел журналистикасы курсын құрайтын мәліметтер толық болмады. ХХІ ғасырда шетел журналистикасы туралы жаңа мәліметтер алуға мүмкіндік туды. Бірақ бұл барлық мәліметтер зерттелді деген сөз емес, әлі де қамтылмаған көп мәселелер бар. Журналистика тарихы мен теориясын зерттеу логика, принцип, әдістемеге негізделеді. Бұл жүйеде теорияны ұғынудағы әмбебап принцип пайдаланылады. Зерттеу аспектісінде гуманитарлық ғылымдардың әдістемесінің бірі - типологиялық талдау арқылы шетел журналистикасын тарихи-теориялық және логикалық тұрғыдан қарастырамыз.

Негізгі әдістеме тарихи болып табылады. Ол екі негізгі бағытта: синхрондық талдау  – журналистік деректі қоғамдық-саяси  үрдіспен байланыста қарастырып, диохроникалық талдауда – журналистік деректі елдің ішкі дамуымен байланыста зерттеуді қамтамасыз етеді. Синхрондық талдау баспасөз тарихына негізделіп, әр ел мен халықтың тарихы, қоғамдық қозғалысы қоғамның ажырамас бөлігі ретінде қарастырылды. Мұндай БАҚ қоғамның дамуы арқылы қалыптасады.

Журналистика дамуының әлемдік тенденциясы ақпараттың ғаламдануы әлемдік қауымдастықтың стратегиясын қайта қарастыруға итермелейді. Жаһанданған ақпараттың «аумақтың қажеттілкке» сай келуі БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастыру барысында тиімді. Әлемнің барлық мемлекеттерінде журналистер мен экнономистердің тығыз байланысы орнығуда. Соңғы жылдары БАҚ-тың экономикалық құрылымы да өзгеріске ұшырады. Жарнама БАҚ үшін ең негізгі қаржылық түсім көзі. Көп мемлекеттерде билік БАҚ-ты тікелей және жанама түрде субсидиялайды. Көп жеңілдіктер беріп, үкіметті жарнамалағаны үшін гранттар тағайындайды. Сондықтан БАҚ-ты өндірістік-қаржылық саланың бір бөлшегі ету БАҚ-тың тұрақтылығын арттырады.

Аяулым НҰРСҰЛТАН

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

.

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Бизнес-жоспар құру жөніндегі кеңестер

Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкердің болашақтағы бизнесін дамытуды жүйелі түрде сипаттайтын құжат. Ол бизнестің негізгі мақсаттарын, стратегияларын, нарық жағдайын және жоспарланған қаржылық көрсеткіштерді қамтиды.…

. 22 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Жұмыссыз жастарға деген қолдау

Жұмыссыз жастарға деген қолдау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде отандастарымыз, соның ішінде ел жастары үшін аса маңызды мәселелерге тоқталды. Президент,…

. 32 оқылым 4 мин
Жалпы рубрика

Медиация: Қазақстан мен Италиядағы тәжірибелерді салыстыру

Медиация-бұл жанжалдарды шешудің тиімді әдісі, ол әлемнің әртүрлі елдерінде барған сайын танылуда. Бұл мақалада біз екі елдегі – Қазақстан мен Италиядағы Медиация тәжірибесін қарастырамыз және олардың осы процеске…

. 33 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин