Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Журналист-өз газетінде сараланатын жазушы.

Автор

Аяулым Жанатқызы
2 мин оқу 36 оқылым

Журналистика – қоғамның келбеті, жақұт көзі және тілі, елдің жүрегі.Қоғам мен халықтың арасындағы байланыстырушы көпір десекте артық етпес. Өйткені күнделікті тіршілікте болып жатқан хабарларды журналист ой елегінен өткізіп, қалың бұқараға ұсынады. Соның нәтижесінде айналада орын алып жатқан күллі жәйттерден ел хабардар болады.

Ал енді осы Журналистика мамандығына тоқталсақ...

"Журналистика " мамандығы - қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шғармашылығы арқылы адамға да, қоғамға да қызмет ететін, ешқашан қателесуге болмайтын, қашанда жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы бола алатын осы бір кәсіп иелерінің қатары күн өткен сайын көбейіп келеді. Бұл әрине, қуантарлық жәйт.

Бұл мамандықтың қызықты әрі күтпеген кездесулер мен саяхаттар күтеді. Ақпарат теңізімен тығыз байланысты. Жаңалықтарды бәрінен бірінші хабардар болуы керек. Журналист болу үшін адам мақсаткер, талапшыл, тез тіл табысқыш ықыласты болуы керек. Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақыттыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен оқырманды баурап алатын шабытың шындалғанда ғана жақсы ЖУРНАЛИСТ бола аласың. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып, әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың құдіретін сезінуге болады.

Журналист деген бұл сауатты жаза алатын адам. Айтқым келгені әлемде болып жатқан құбылыстарды саралай алып, жазбаша әдемі жеткізе алатын адам.

Жаңалық атаулыны дәлме-дәл, боямасыз шындықты тура етіп халыққа жеткізу.

Қазіргі таңда жалған ақпараттар легі тараған заманда журналистер ақпараттың ақ-қарасын ажыратып, халыққа шынайы ақпарат жеткізу үшін тынбай еңбек етуде. Журналистиканы таңдаған адамның өзіндік принцип болғаны абзал.Мамандығын адал ұстанбаған маман иесі жеңіл ақшаның соңынан қуып,қоғамды іштен шірітеді. Сондықтан да, біз бұндай жолға түспес үшін бойымыздағы мамандығымызға деген адалдықты қарастырып, жеке бас мүддесі үшін, ел игілігі үшін жұмыс істеу керек.

Егер сен Журналист болуды армандасаң, алдыңа мақсат қойып сол мақсатқа жетуді көздеуің керек.

Мақала авторы:  Аяулым Жанатқызы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Аяулым Жанатқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Тарихы терең, тағылымы бай Түркістан

Мәтінде Түркістанның тарихи маңызы, Қожа Ахмет Ясауи, Есім хан және Рабия Сұлтан бегім кесенелері, қаланың тарихи туризмді дамытудағы орны баяндалады.

Аяулым Жанатқызы 102 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин