Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Жүрегімнің жылуы балаларға!»

Мұханжанова Бейнегүл Казалиқызы
2 мин оқу 1 205 оқылым

Мұханжанова Бейнегүл  Казалиқызы

Баяндама

Тақырыбы:  «Жүрегімнің   жылуы  балаларға!»

Балаларды  сүю  деген  мамандық  бар екен! Мен  үнемі  мақтанышпен  «Мен  тәрбиешімін!»  деп  айта  аламын!

Неге  мен  бұл  мамандықты  таңдадым? Барлығы  бала  кезімнен   басталды... Кішкентай  кезімде   тәрбиешінің  жұмысы  мен  үшін   ешбір  қызығы  бітпейтін  мереке  сияқты  болып  көрінетін.  Өйткені  мен  барған  балабақшамның  тәрбиешілері  мейірімді, балаларға  әрқашан  күле  қарап  қарсы  алатын,  сондықтан  мен  өз тәрбиешілеріме   ұқсағым келіп,  осы мамандықты   таңдадым.

Балаларға  берген  тәрбиемде  мен  өзімді  өз тәрбиешімдей  сезініп,  есіме  аламын. Болашақта  оқуға  түсу  жайлы сөйлескенде  мен  үнемі  тәрбиеші  боламын  деп айтатынмын. Уақыты  келгенде  мен  ойланбастан –ақ,  педагогикалық  университетке  түстім. Осы  үлкен  жетістікпен, кең  жүрегіммен,  балабақшаның есігін  аштым.  Осы  уақытқа  дейін  бір сәт те  бұл  мен  үшін  емес  деп  ойлаған  емеспін.

Мен  бақыттымын!  Өткені  мен  барлық  жылуымды  жан –тәніммен балаларға  беремін. Әрқашан  өзімнің  нәтижелі  жемісімді   балалардың жетістіктеріне  қарап  көремін. Балалардың  балабақшаға келгенде «Сәлеметсіз бе!»  деп  дұрыс  айтып,  өздерін  дұрыс ұстауға  жасаған  жұмыстарына  қол соғып,  достарын  қарсы  алғанға  не  жетсін. Олар би  билеп, тақпақ, өлең  айтып  мақтанышпен  көрсетіп жатады. Осылайша  кейде  балалар  менің  де  еңбегімді  көрсетеді. Балалар жұмысыма  деген  құштарлығымды  арттыра  түседі,  өз  білгенімді  оларға  жеткізуге  себепші  болады.

Бұл  менің  ата –аналармен  бірселіп  жасаған  жұмысымның  нәтижесі  болып табылады.

«Балалы  үй  - базар,  баласыз  үй – мазар» деп  текке  айтпаған, Бала  бізге  қуаныш,  бақыт сыйлайды,  күнделікті  балабақшамыздың  ішінде  жарқын –жарқын  дауыстарымен  қуантып  жатады.

Менің балалақшам – бұл менің  жанұям, менің  әріптестерім. Осы  әріптестерімнің  көмегімен  маған  деген  сенімдерінің  арқасында  тәрбиеші   болғаныма  бақыттымын. Балабақшадағы  тәжірибелі  тәрбиешілерге  қарай  отырып  көптеген  нәрселер  үйреніп,  жұмысқа  деген  бірнеше  мақсаттар  мен талаптар  қою  арқылы  жұмыс  істеп  келемін.

Мен  үшін  бұл  жұмыс  өмірлік  үлкен  ізденіс. Әр  өткізген  күнімде  кем  дегенде  бір  жаңалық  болып   тұрады. Бала  деген  кішкентай  ғана  әлем  екен.  Баланың  ойында  не  бар  екенін  білмейсің,  ол  өзінің  қылығымен,  қойған  сұрақтарының  артында  бір  үлкен  құпиялы  сыр  жатқанын  түсінесің.

Менің  бақытым – менің  балалақшам,  менің  балаларым. Балалақшада  жасаған  жұмыстарымның  бәрі  балалар  үшін. Уақыт  өте келе, кеше  ғана  балабақшаға  аяқтарын  тәй – тәй  басып ,  былдырлап  бал  тілімен  сөйлеп  келген  еді,  ал  бүгін  қарасаң мектепке  кетіп  барады!

Елбасы Н.Ә. Назарбаев  айтқандай, дамыған  мемлекеттердің  қатарында  болу  үшін,  біз  жоғары  білімді  ұлт, ұрпақ тәрбиелеуге  міндеттіміз. Болашақтың  ұрпағы  қазіргі  кезден  басталады. Келешектің  білімді  де  білікті  азаматтары  ең  бірінші  тәлім – тәрбиені  балалақшадан  алады!

Міне,  тәрбиешінің  бақыты,  асқақ  арманы  орындалғандай  болды. Бүгінгі  бүлдіршін – келешек  ел  болашағын  бастар. Өз еңбегімді,  білімімді,  жүректен шыққан  жылуымды  тек  бүлдіршіндерге  ғана  арнаймын!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Мұханжанова Бейнегүл Казалиқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 274 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 81 оқылым