Қырық қылыш, найзалы қай жануар,
Асынған және он екі қанжары бар.
Көңіл жер мен көктің арасында,
Жігіттер, мұны байқап аңғарыңдар.
Болады бұған әуес көп адамзат,
Шежіре көкірегі жазылған хат.
Қолына шынжыр арқан ұстап жүріп,
Астына мініп отыр алтыннан тақ.
Басында құрулы тұр алтын шатыр,
Ғайыптан қызығы бар бұл бір батыр.
Барғанын тіпті аман жібермейді,
Адамзатсыз болмайды әуел ақыр.
Шешуін көру
Шешуі: Бүркіт, қырық қылыш – жиырмадан екі қанаты, он екі қанжар – он екі тал ұзын құйрығы, сегіз найза – тұяқтары, шынжыр арқан – аяқ бауы, алтыннан тақ – тұғыры, алтын шатыр – томағасы
Құстар туралы жұмбақтар
- Үйде отырады, жатпайды…
- Далаға отау тіктім қонақ үшін…
- Япырым-ау, бір мақұлық осындай-ау…
- Жапанның желдей жүйрігі…
- Қос қанатын иіп ап…
- Садақша мойнын иілтіп…