Ойдан шықты бұл жұмбақ,
Ойшыл ерлер ойлан тап.
Өзгермейді өзінен
Бұл жаһанда бір дарақ.
Ол дарақтың бойында
Дәл он екі бар бұтақ.
Бұтақтардың басында,
Үш жүз алпыс жапырақ.
Жапырақты қарасақ,
Бір жағы қара, бір жағы ақ,
Бұл жұмбақты кім шешсе,
Болсын дейміз жасы ұзақ.
Шешуін көру
Шешуі: Жыл он екі ай, үш жүз алпыс күн, күн мен түн
Мезгіл, уақыт туралы жұмбақтар
- Бір жайын тынбай жүзер дөп-дөңгелек…
- Үш жүз алпыс бес жасадым болып жуан…
- Үш жүз алпыс бес шығыршық…
- Үш жүз тамырым бар, бәрі жуан…
- Үш жүз алпыс алты анасы…
- Үй артында бір дуан…
- Лұғат жұмбақ қылып, сөз бастадым…
- Бір ағашта он екі ұя…