Бір нәрсе ет жемейді, су ішпейді,
Үстінен оның, сірә, жан түспейді.
Шаршамас, белі талмас, сондай мықты,
Тұруға жалықпайды, беріспейді.
Міні жоқ, бойы сұлу болғанменен,
Таңырқап оны адам көріспейді.
Мінезі сол нәрсенің сондай жуас,
Бір-бірін бөтен малдай тебіспейді.
Жұмысын салтаң мініп бітірмесе,
Жегуге арба шана көніспейді.
Шешуін көру
Шешуі: Орындық
Үйдің керек-жарақтары және жиһаздар туралы жұмбақтар
- Бір нәрсе су ішінде болды пайда…
- Дөңгелек айналасы, үсті тегіс…
- Төрт келінге бір орамал.
- Арқасында азығы…
- Бір нәрсе дөңгеленген төрт аяқты…
- Бір дария жерде де емес, көкте де емес…
- Адам жоқ, салмақ салмаған…
- Бар екен бір асыл зат белін буған…
- Өзі кірді ашады…
- Бұдан кір қорқады…
- Бір нәрсе екі түрлі заттан болған…
- Бір жігіт үш белбеу байланады.