Бағылған бір қорада жүздей саулық,
Соғылған қорғаны бар биік тау қып.
Бес қасқыр араласып бастан-аяқ,
Бірін қуып, бірін тартып кетті қайтып.
Шешуін көру
Шешуі: Есепшот пен саусақ
Есеп және сауда туралы жұмбақтар
- Ол не дүр бір нәрсе бар ойға зерек…
- Бір нәрсе сондай епті жер баспайды…
- Бір қалаға қоныпты ұшып келіп…
- Көшесі бір, шаһар бар сегіз…
- Айнала қарағайдан тұр терегі…
- Бір нәрсе бұл дүниеде жоқ дерегі…
- Бітімді төрт бұранда, сегіз сала…
- Айналасы қорған…
- Бар еді бір жұмбағым сексен сегіз…
- Қойыма қора соқтым жермен жексен…
- Бірталай құс кеп қонды балағанға…
- Сегіз оннан құралған сексен сегіз…