Мазмұнға өту

"Жол белгілерін білейік,аман-есен жүрейік"

Бекзада 5 мин оқу 194 оқылым

Атыгаева Б.А.

Білім беру саласы:Қатынас,Таным,Әлеумет

Оқу қызметі :Сөйлеуді дамыту,Жаратылыстану,Қоршаған ортамен танысу

Мақсаты:  Балаларды жол белгілерін біледі. Бағдаршам белгілері бойынша білетіндерін айтады. Жол ережесін сақтауға, жарақат алған адамдарға көмек беруге дайын.
- Балалар,  бүгін біз жолаушылар болып  жолға «Орманға саяхатқа» шығамыз. Ол үшін біз жол картасын алып, алдағы кедергілерден өтуіміз керек.

Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

Балалар, егер өз өмірлеріңді, денсаулықтарыңды сақтағыларың келсе әрқашан жолда жүру ережесіне сақ болыңдар. Жолаушы  жолда жүрудің барлық ережелерін білулері керек.Қане, барлығымыз автобусқа отырып, картадағы тапсырмаларды дұрыс орындасақ, біз қалаған жерімізге жетеміз.                                                                                                                                                   «Жаяу жүргінші әліппесі». Мен сендерге сұрақ қоямын және екі жауабын айтамын, ал сендер дұрыс жауабын табуға тырысыңдар.

Картадағы бірінші тапсырма                                                                                                              

1.Жаяу жүргінші- бұл:
а.Жолда жұмыс істеп жатқан адам.
б.Тротуармен жүріп келе жатқан адам.
2.Қай жағдай жол апатына әкеліп соғуы мүмкін?
а.Жолда ойнау.
б.Бағдаршамның жасыл көзіне жолдан өту.
3.Жаяу жүргіншілер колоннасы жолда қалай жүру керек?
а. Келе жатқан транспортқа қарсы жолдың сол жағымен.
б. Келе жатқан транспорт бағытымен, жолдың оң жағымен.
4.Шананы, шаңғыны қай жерде тебуге болады?
а. Жаяу жүргіншілерге арналған жолда.
б.Парк, стадион, жолға шығып кетпейтіндей жерлерде.
5.Тротуар дегеніміз не?
а. Көлік жүретін жол.
в.Жаяу жүргіншілер жолы.                                                                                                                                                                               Картаның екінші тапсырмасы , ол-жұмбақтар.

Жұмбақтар                                                                                                                                             1.     Арқаным бар тым ұзын,                                                                                                                                                                Ала алмайсың бір үзім
Тапшы мұны мысығым. (Жол)
2.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөнейді. (трамвай)
3.Бұйырмапты бас та, ауыз, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақта. (бағдаршам)

Картаның үшінші тапсырмасы.
Автомульти
Ертегілер мен мультфильмдер кейіпкерлерінің мінген көліктерін еске түсірейік.
1.Үйдің төбесінде өмір сүрген Карлсон өзінің моторын немен майлады ?(варенье)
2.Пошташы Печкинге дядя Федяның ата-анасы нендей сыйлық сыйлады?

(Велосипед)
3.Ертөстіктің жанындай жақсы көрген көлігі? (Шалқұйрық)
4.Ертөстікті жер асты хандығынан жер бетіне шығарған не? (Қарақұс)
5.Жалмауыз кемпірің  көлігі?(келі, сыпырғыш)
6.Мысық Леопольдтің сүйікті көлігі? (велосипед)

Картаның төртінші тапсырмасы. Сөйлейтін белгілер
1.Жол белгілері нешеге бөлінеді? (7)

2.Негізгілерінің аттарын ата
а.ескерту белгілері.
ә.басымдылық белгілері.
б.тыйым салу белгілері.
в.нұсқау белгілері.
3.Ескерту белгілерінің белгіленуі. (қызыл жиекті, ақ түсті үшбұрыш).
4. Басымдылық белгілері:( үшбұрыш, ромб, квадрат, дөңгелек, алтыбұрыш).
5.Тыйым салу белгілері.(шеті қызылмен жиектелген қызыл, ақ, көк дөңгелектер)
6.Нұсқау белгілері. (көгілдір түсті дөңгелектер)

Картаның бесінші тапсырмасы.

Көлік ішіндегі тәртіп ережелері.

-Балалар, жолаушылар көлік ішінде қандай ережелерді сақтаулары керек? Неге?

Мен жұмбақ айтам,соның шешуін табыңдар.

Бұл тұлпар су ішпейді.жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді,

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді . (Зебра,жаяу жүргіншілер жолағы)

Енді жол ережелерін есімізге түсірейік.Өйткені,жолда түрлі жол белгілері кездеседі.

Бағдаршам:

Менің атым- бағдаршам

Бар әдемі үш көзім,

Алдамаймын,аңғарсаң,

Ақылдымын тіпті өзім.

Ескерту белгісі:

Қызыл шеңбер ішінде

Үшбұрыш боп тұрамын

Қателеспес үшін де,

Көз сал маған,шырағым!

Құрар үйде сауықты,

Жолдан аман келсе адам-

Жолда күткен қауыпты

Ескертемін мен оған.

Тыйым салу:

Болмау үшін қиын күн, белгісі:

Қажеті бар тыйымның.

Қызыл шеңбер ішінен «Болмайды!» деп бұйырдым.

Тұрады әркез сапта аман

Сол тыйымды сақтаған.

Тыйым көрсең,тұра қал

  • Әрі қарай аттама!

Анықтама

Түнде,күндіз,кеште де белгісі:

Жөн сілтеймін жолға сай

- Аңғармайсың ештеңе

Анықтама болмаса.

Ой-шұңқырды алдағы,

Қалай өту керегін,

Жылдамдықты,ал,кәні

Анық айтып берейін!

Көрсеткіш белгісі:

Жол созылмақ қаншаға,

Қайда асхана,монша бар,

Қонақүй,бар қай жерде,

Қайда музей,қай көрме...

- Көрсетемін саған дәл,

Не көрсетсем,соған бар!

Еләмір-жүргізуші: -Ал балалар,қане автобусқа жайғасыңдар.Ал қозғалдық.Сәт сапар!Біз казір қаланың көшесімен келе жатырмыз.Көше қиылыстарының бәрінде бағдаршам тұр екен.Бағдаршамның қай түсі жанған да біздің автобусымыз жүру керек.

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ ,үш сөзін

-Тоқта!,Сақтан! ,Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

-Балалар жүргізуші неғып жүрісін баяулатты? Ол белгінің ішінде неге жануардың суреті тұр?

- Ондай белгіні қалада қай жерлерден  көрүге болады.

-Ендеше «Жануарлар» деген ескерту белгісі тұрса,яғни біз ормандамыз.Әне қараңдар Аю мен Қонжық кетіп жатыр.

Көрініс «Аю мен Қонжық»

 Аю :Көшеден өтерде әуелі сол жаққа,содан соң оң жағына қарау керек.Әйтпесе,машина басып кетеді.

Қонжық: Жоқ ,мен оңға да ,солға қараймын. Апай бізге көшеден өткенде тура бағдаршамға қараңдар деген.

Аю:Ақымағым-ау,ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы мүмкін?Бағдаршам тек қала көшелерінде болады.

- Біз тоқтап ,Қонжыққа бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өту керек екенін түсіндірейік.Қонжық сен бері кел. Бағдаршам жоқ кезде мынадай белгі салынған жерден өту керек.Бұны «Зебра»- яғни, жолақты белгі салынған жер дейді.

Қонжық:Рахмет,енді түсіндім.

Аю : Балалар,қонжығыма көмектескендерің үшін сендерге рахмет!Жолдарың болсын!

-Ал біз әрі қарай кеттік жол қысқару үшін біз орман ішіндегі  дыбыстарды тыңдап,айналамызға назар аударайық.Қараңдаршы,орман іші қандай әдемі,түрлі гүлдер өскен,құстар сайрап,қөбелектер гүлден  гүлге қонады.

Жаралы түлкі мен қоянды көріп қалады.

Түлкі:Мына қыли қоянның кесірі.Мені велигіне отырғызып,алдымыздан машина шыға келгенде,рульді бұра алмай,құлатып тастады.

Қоян:Ой!,суайт!Қалай өтірік айтасын.Өзін емес пе, «мен күшті тебемін, күшті тебем» деп мақтанып,рульге отырған. Неге маған бале жабасың?

-Жарайды,дауласпандар.Кел,бізбен автобусқа отыра қойың дар.Жолда сендерді дәрігер  Айболитке апарамыз.

-Балалар байқадыңдар ма мына жерде қандай белгі тұр?

-Мына қасқырға не болған,бұл неге жылап келе жатыр? Ау,қасеке,саған не болған,бетің көгеріп,аяқ-қолын жара болыпты , біреу ренжітті ме?

Қасқыр:Жоқ мені кім ренжітуші еді.Бір машина үстіне қой мен ешкі тиеп кетіп бара жатыр екен, соның біреуін алып қалайыншы деп,машинаның артына жабысып едім, құлап түсіп,аяқ-қолымды жаралап алдым.

-Балалар,жүріп бара жатқан машинаға жабысу дұрыс па?

-Жарайды,Қасеке,автобусқа кіріп,ана түлкі мен қояның жанына отыр,дәрігер Айболитке барасың .

-Балалар, сендер дәрігер Айболиттің кім екенін білесіңдер ғой?

Балалар,жануарлар дәрігер Айболитке келеді.

Айболит:Мына қасқырға не болған,бұл неге жылап отыр?

Қасқыр:Айтайын мен сізге шынымды жасырмай,

Жармасып малы бар машина артына домалап түстім де,шыңғырдым құлындай.

Айболит:Бір сәтке тойып жер мал үшін тәртіпті бұзыпсың.Қарынның қамы үшін міне,Енді еніреп тұрғаның,Ұят-ай аяқты сындырып,басынды жарыпсың?

Аңдар:-Дәрігер Айболит,енді біздер «жолда жүру ережесін» үйренеміз.

-Машинаға жабыспайтын боламыз.

-Рахмет,Дәрігер Айболит.

-Балалар,бүкіл саяхат барысында біз сендермен қанша жол ережесін есімізге түсірдік, білімімізді толықтырдық.                                                                                                                                             Шуақты өміріміз күндей куліп,

Жүректе бүршік атып,гүлдейді үміт,

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

-Ал қазір тобымызға қайта оралайық.

Жолда абай болыңдар !

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Бекзада

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Тәуелсіздік -тірегім.

Атыгаева Бекзада Абдумажитовна Тəуелсіздік -тірегім. Тəуелсіздік-қасиетті, киелі ұғым. Ол ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, үміті мен сенімі. Ол-азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры.…

Бекзада 137 оқылым 6 мин
Балабақша

Есікте бөтен адам

Атыгаева Бекзада Абдумажитовна Тақырыбы:Есікте бөтен адам. Біім беру саласы:Әлеумет,Таным,Шығармашылық. Мақсаты:Балаларға өзінің қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.Өзін-өзі қорғауға тәрбиелеу. Оқу қызметінің…

Бекзада 163 оқылым 4 мин
Балабақша

«Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»

Атыгаева Бекзада Абдумажитовна Білім беру саласы: Денсаулық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру Тақырыбы: «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» Оқу қызметінің мақсаты: 1. Білімділік: Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс –…

Бекзада 150 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин