Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жер сфералары дегеніміз не?

Рахила
3 мин оқу 1 078 оқылым

Бертлеуова Рахила Хансултановна.

Оқу мақсаты: 3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу.
Бағалау критерийі Жер қабықтарын біледі; Жердің әр қабығы неден құралатынын анықтайды;

Диаграмма көмегімен бейнеленген  Жер сфераларының ерекшелігін түсіндіреді.

Тілдік мақсат Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Сфера, литосфера, биосфера, гидросфера, атмосфера.

Құндылықтар Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, ағылшын тілі,
АКТ қолдану дағдылары Таныстырылым, интербелсенді тақта
Алдыңғы меңгерілген білім 2-сыныптан Күннің пайдасы мен зияны, Жердің табиғи серігі, Күн жүйесінің ғаламшарлары мен ғарыштағы уақыт пен арақашықтықтың ерекшелігі туралы біледі.
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5минут

Ұйымдастыру

Психологиялық жағымды көңіл-күй ахуалын туғызу

Жедел жауап. «Кемпірқосақ ашылды» әдісі арқылы оқушылардан өткен тақырыптарды еске түсіру. Сұрақтарды кезек-кезек алу. Сұрақтар:

-Күн сәулесі туралы не айта аласың?

-Жердің табиғи серігі бар ма?

-Қандай ғаламшарларды білесіңдер?

-Біз қандай ғаламшарда өмір сүреміз?

-Жанды табиғат пен жансыз табиғаттың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

-Біз жануарлар туралы не білеміз?

-«Өсімдіктер адам өмірі үшін маңызды» деген пікірге сенің ойың қандай?

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы жүргізіледі және жалаушалармен марапатталады.

 

Кемпірқосақ суреті салынған плакат

Слайд №2

жалаушалар

Сабақтың ортасы

5 минут

2 минут

2 минут

8 минут

3минут

1мин

3 минут

3минут

2 минут

Оқушыларды  суреттер бойынша 4 топқа бөлу. Қабырғадағы суреттерде жер қабаттарын бейнелеу. Топ мүшелерінің мақсаты берілген сурет бойынша өз ойларын ортаға салу.  Бір-біріне толықтырулар жасау.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау

Мұғалім түсіндірмесі

Оқулықтың 19-бетіндегі оқу материалы негізінде түсіндіріледі.

Оқулықпен жұмыс

Жер қабықтары.

Мақсаты: Жердің төрт қабықтан тұратынын және олардың атауларын түсінеді.

Оқулықтағы сурет жайлы айта отырып, оқушыларды бұл жердің төрт қабаты екенін түсінуге бағыттау.

Суреттерді басшылыққа ала отырып, сұрақтар қою.

-         Неге біз суреттер бойынша төрт топқа бөліндік деп ойлайсыңдар?

-         Жер қабықтары қайда орналасады деп ойлайсыңдар?

-         Жердің неше қабығы бар?

-         Әр қабыққа қандай нысандар кіреді?

-         Жердің бірінші қабығында не орналасқан?

-         Биосфера өкілдері барлық Жер қабығында болуы мүмкін бе?

Топтық жұмыс

1топ «Қай жерде орналасқан?»

Суреттердің Жер қабығының қайсысында орналасқанын анықтайды.

2 топ «Зертте»

Пазлдарды Жер қабаттарының грекше атаулары мен оның әрқайсысында орналасқан нысандарға сәйкес болатындай етіп жинайды.

3 топ  «Сәйкестендір»

Жер қабығының атауларының қазақша, орысша, ағылшынша атауларын сәйкестендіреді.

4 топ «Толықтыр»

Нысандарды  сәйкесінше жер қабығының атауымен толықтырады.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Оқулықпен жұмыс

Ұ«Ойлан» Тапсырманың мақсаты: Жер қабықтарының өзара байланысын және оларды графикалық түрде қалай белгілеуге болатынын түсіну.

Оқулықта берілген суретті диаграмманы талдап, келесі сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

-         Күн қай қабықта орналасқан?

-         Биосфера қабығында нелер бар?

-         Гидросфера қабығында нелер бар?

-         Литосфера қабығында нелер бар?

-         Бұл диаграмма неліктен бір-бірімен қиылысады?

-         Жер қабықтарының өзара бір-бірімен байланысы бар ма? Қалай ойлайсыңдар?

-         Ағаштың Жер қабықтарымен қандай байланыста болады?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Сергіту сәті. Көз бұлшықеттерін арналған жаттығулар орындау. Сұрақтар:

-         Неге көзімізді сабақ барысында жаттықтыруымыз керек?

-         Көз күтімі жайлы не айта аласығдар?

Дәптермен жұмыс

9-жұмыс парағы. «Жер қабықтары неден тұрады?», 11-б.

Жер қабықтарының сипаттамалары.

Сабақта таныстырылған тірек сөздерді бекітуге арналған тапсырма. Оқушылар сөйлемдегі бос орындарды толтырады.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Жердің ауа қабатын біледі;

-Биосферада тірі ағзалар мекендейтінін түсінеді;

-Жердің қатты қабығын біледі;

-Жердің су қабығын біледі.

Қабықтағы нысандар. Тапсырма Жер қабықтары туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған. Жер қабықтарына қатысты нысандарды тауып, бояйды. Артық суреттерді қоршап сызады.

10-жұмыс парағы. «Жер қабықтары», 12-б.

Дұрыс-бұрыс.

Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған тапсырма. Жер қабықтары туралы тұжырымды оқиды, оның дұрыс не бұрыс екендігін анықтайды.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Жер сфераларын біледі;

-Жер қабықтарына байланысты дұрыс тұжырымды ажырата алады.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы.

Қима суреттер

Слайд №3

Слайд №4

Слайд №5,6,7,8,9

Оқулық

Слайд №10

Жалаушалар

Суреттер

Тапсырма жазылған парақшалар

Жалаушалар

Оқулық

Слайд №11

https://www.youtube.com/watch?v=_lx7d4eIkVE

Дәптермен жұмыс

Слайд №13

Слайд №14

Слайд №15

 

Үйге тапсырма беру

Оқулық.18-19 бет . Оқу материалымен танысу.

Дәптер 12 бет. 2-тапсырманы орындау

Кері байланыс.

«Рефлексиялық нысана» әдісі

Бүгінгі сабақ бойынша өз жұмыстарын қорытындылайды, іс- әрекетіне баға береді.

Рефлексия-лық нысана

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Рахила

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Баяндамалар

«Жаңартылған білім беру мазмұнында белсенді оқу әдісін қолдану»

Баяндамада жаңартылған білім мазмұнындағы белсенді оқу тәсілдері, оқушыны оқу үдерісіне тарту және бастауыш сыныптарда ойын әдістерін қолдану мәселелері қарастырылады.

Рахила 11 мин 738 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Балабақша балаларына арналған тәрбие сағатының жоспары: Ата Заң, құқық пен міндет туралы әңгіме, ойындар, сергіту жаттығуы және сурет салу тапсырмасы.

Bilimger Media 2 мин 371 оқылым
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағатының жоспарында Ата Заң, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме, топтық тапсырмалар және рефлексия қамтылған.

Bilimger Media 2 мин 430 оқылым
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

5–11 сынып оқушыларына арналған ашық сабақта Қазақстан Конституциясы таныстырылып, құқықтар мен міндеттер талқыланады. Жоспарда топтық жұмыс, құқықтық ойын және рефлексия бар.

Bilimger Media 2 мин 668 оқылым