Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жеке тұлға қалыптастырудағы тәрбенің орны

Досыбекова Айгүл Балғабайқызы
2 мин оқу 520 оқылым

Досыбекова Айгүл Балғабайқызы

«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»   Абай Құнанбаев

Тәрбие – халықтың  ғасырлар  бойы  жинақталған  ізгі  қасиеттерін  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіру,  балалардың  қоршаған  ортадағы қарым – қатынасын, өмірге деген  көзқарасын  қалыптастыру.  Ал тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі, рухани  ойлау дәрежесі  биік , мәдениетті, ар – ожданы  мол, іскер, бойындағы игі ұасиеттер қалыптасқан  адам   тәрбиелеу.  Жалпы  оқушылардың  қмірінде  мектептегі  тәрбиенің  рөлі  зор.  Мектептегі  басты  тұлға  ұстаздың міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әрбір  оқушының жүрегіне  жол тауып,  оларды тәлім -  тәрбиемен сусындату  болып  табылады.  Бұл  тұрғыда  тәрбиенің мынадай  құралдарын қолданғанымыз жөн: сөз, ойын, өнер, әлеуметтік  орта, еңбек құралдары, спорт.  Себебі сөд әрдайым  көңіл құлпын ашатын  кілт болып есептеледі,  яғни  оқушыға кейде  сын  көзбен  қарап,   қоғамдық пікір айта білсек,  талап  қойып,  болашаққа ұмтылуға  сендірсек, келешекте абзал азамат  шығары сөзсіз.  Сондай – ақ  оқушының қоршаған ортасы, дос – жарандары, құрбы құрдастары иманды, адамгершілігі   мол,  ізгілікті, елжанды болуы  керек.  Әрбір  баланың  бойында еліктеушілік  басым келеді, сондықтан  әрдайым  баланың   жанында  жүрген  жеткіншектерге  назар  аударып  жүруіміз қажет.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев «Ғасыр мақсаты – қоғамның  нарықтық қаым – қатынасқа көшу кезінде  саяси- экономикалық және  рухани дағдарысты жеңіп  шыға алатын, ізгіленген, XXI ғасырды  құрушы іскер, өмірге  икемделген, жан жақты мәдениетті  жеке  тұлға  қалыптастыру» деген тұжырым жасаған.

Қазіргі  таңда  сынып жетекшісі  болу ауырпашылығы бар, жауапкершілігі  мол, қиынды да қызықты  міндет: оқушылар  ұжымын  жан-жақты  топтастыру, қалыптастыру, психикалық  ахуалын, әлеуметтік  тұрмысын жақсы  танып көрегендік  таныту, оқушыларға  сенім білдіре отырып олардың  көзқарасымен  санасу,  жаңашыл, ізденімпаз ұстаз – тәрбиеші бола білу.

Мектеп пен ата  - ана ынтымақтастықта барлық мәселені шешіп отырса, тиісті  көлемде  көңіл бөлінсе,  оқушыға  дұрыс пікір  қалыптастырса, келешектің  шын  жанашыр, арқа  сүйер азаматтарын тәрбиелеп  шығары  сөзсіз.  Ұстаз  шәкіртке  құрметпен қараса,  шәкірт  ұстазын сыйлайды.  Менің  ойымша  болашағымызда  керемет  білімді ұрпақтың заманы  келе жатыр, сондықтан баланы  бүгіннен  дұрыс  қалыптастырсақ,жас ұрпақты  сапалы  білім мен  саналы  тәрбиемен  сусындатса, сыны жетекшінің  болашағымызға  үлкен жол ашқаны  болып саналады.  Менің  оқушыларым еңбекқор, адал, көп оқыған, тәрбиеліде ибалы  болып өседі.  Мен оған  сенемім мол!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Досыбекова Айгүл Балғабайқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым