Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·жаңа шығарылым Жаңа шығарылым Жариялау

: «» · ₸

3 мин оқу 442 оқылым

Азаматова Іңкәр Қәдірбекқызы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
«Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы

Жазғы демалыстың қауіпсіздігін ұйымдастыру»
Жаз мезгілі келіп, күн жылынған шақта оқушылар демалысқа шығып, сужағасына барып, табиғат аясында серуендеп, демалып,суға шомылатыны белгілі. Алайда жаз мезгілінде өрт және су атты тілсіз жаудың торына түсіп жатқандар саны көбейеді. Адамдардың суда қауіпсіздік ережелері мен шараларын сақтамауы, балалардың суға шомыла білмеуі орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады.

Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында, Байғанин ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Жем-Сағыз өзені бойында рейд жүргізу және барлық су айдындарының жағасын аралау секілді профилактикалық іс-шаралар кешенін күн сайын жүргізуде.

Сонымен қатар, ауданымызда мектеп жанынан лагерьлер құрылды. Балалар лагерлерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды, себебі өрт шыққан кезде үлкен материалдық шығын ғана емес, сонымен қатар балалардың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан балалар лагерінің әрбір қызметкері белгіленген өрт қауіпсіздігі ережелерін білуге және қатаң орындауға міндетті. Өрт шыққан жағдайда бірінші кезекте ол балаларды құтқару бойынша өзіне байланысты барлық шараларды қабылдауы, содан кейін өртті сөндіруге кірісуі тиіс.
Көптеген ата-аналар балалармен өрт қауіпсіздігі ережелері туралы әңгімелерге уақыт таппайтыны немесе балаларды тәрбиелеу ісінде ғана мектепке сүйенетіні құпия емес.

Балалардың отпен ойнауы салдарынан пайда болатын өрттердің талдауы балалардың отпен абайлап әрекет ету дағдыларының жоқтығынан, олардың мінез-құлқына жеткіліксіз бақылау және балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыра алмауынан көрінеді. Алайда, балалармен жазатайым оқиғалардың көпшілігі қауіпсіз өмір сүру үшін қажетті жағдай жасау арқылы бала жасай алатын нәрселерді болжай отырып, алдын алуға болады. Ең бастысы ерте жастан балалардың отпен абай болу дағдыларын тәрбиелеу.

Осындай қауіпсіздік шараларын балаларға түсіндіру мақсатында, 2019 жылғы 12 маусымда Байғанин ауданының ТЖБ қызметкерлері Қарауылкелді орта мектебінің жанынан құрылған «Болашақ» лагерінде нұсқаулық жүргізді. Нұсқаулыққа барлығы 52 бала мен 2 мұғалім қатысты.

Сонымен қатар, назарларыңызға СУДА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ұсынамыз:
- Ең алдымен рұқсат етілген жерлерде ғана шомылыңыз (алдын-ала жағажай түбі тексерілген жерлерде және төтенше жағдай кезінде көмекке келетін адам бар жерде).

- Шомылатын орынға тыйым салынбағанын тексеріңіз.
- Шомылатын орынның тереңдігін біліп алыңыз;
- Тамақтанып болғаннан соң бірден суға беттемеңіз;
- Су ішінде алысып ойнамаңыз;
- Еш уақытта қараңғы уақытта, сондай-ақ, масайған күйінде шомылмаңыз.
- Егер шомылуға жалғыз барсаңыз ,жақсылап ой таразысына салыңыз, төтенше жағдай бола қалса, сізге кім көмектесетінін ойлаңыз.
- Судағы төтенше жағдайдың басты себептері: азаматтардың құтқарушылар күзетпейтін су айдындарында демалуынан, шомылуға жабдықталмаған және арналмаған жерлерде шомылуынан, судағы қауіпсіздік талаптарын білмеуінен әрі ұстанбауынан, ішімдік ішіп алып шомылуынан, жүзе білмеуінен, балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуынан болып тұр.
- Тым ұзақ шомылмаңыз, тоңып қалуға дейін жеткізбеңіз, аяқ-қолыңыздың тырыспауын қадағалаңыз;
- Қоршау белгілерінен алыстап кетпеңіз;
- Шомылу кезінде судың суық болмауын байқаңыз, себебі, суық суда тоңудың әсерінен өлім саны көп болады. Суық суға түскен адам 10 – 30 минутта суық өтіп қайтыс болады. Организмнің тез салқындауы ашыққан кезде, тым тойынған кезде, шаршаған кезде және адамның мас күйінде болады. Тұщы суда адам 1 – 3 минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады.
- Ерекше көңілді балаларға бөліңіз, үлкендердің қарауынсыз жеке қалдырмаңыз, шомылу білмейтін балаларды суға мүлдем жақындатпаңыз.

Авторы
Азаматова Іңкәр Қадірбекқызына

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Эссе

менің мамандығым тәрбиеші (эссе)

Эсседе «Нұрсәт» балабақшасында еңбек ететін тәрбиеші өз мамандығының қызығы мен қиындығын, балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі мақсатын баяндайды.

Азаматова Іңкәр Қадірбекқызына 2 мин 619 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Білім мен ғылымның үйлесімі: болашақты қалыптастыратын білім ордасы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – ұлттың зияткерлік әлеуетін арттырып, білім беру жүйесінің дамуына тікелей ықпал ететін маңызды ғылыми-білім беру орталығы. Университеттің басты мақсаты – кәсіби білімі…

Бахыткуль Майбазарова 4 мин
Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 11 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 36 оқылым