Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жасыл архитектураны дамыту –  жаһандық жылынуды тежеу құралдарының бірі

Bilimger Media
3 мин оқу 38 оқылым

«Алматыбасжоспар» ҒЗИ алаңында Бахрейн университетінің архитекторы, PhD профессоры Ислам Хамди Элгонаими және Қазақстандағы Cushman & Wakefield серіктесі мен басшысы MBA   Гүлшат Сариеваның қатысуымен «Жасыл архитектура» және «Қалалық жылу аралы» тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Семинарды ашқан «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов жаһандық жылыну мәселелері бүкіл әлемде өткір тұрғанын атап өтті.

БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының мәліметтері бойынша, бүгінде орташа тәуліктік температурасы 25°C-тан жоғары жерлерде тұратын 2,8 миллиард адамның тек 8%-ы кондиционерге қол жтекізе алады. Бұл ретте, кедей аудандардың тұрғындары ыстықтан көбірек азап шегеді -олардың кондиционерлерді орнатуға мүмкіндігі аз және салқын жасыл аймақтарға қолжетімділігі жоқ. Бұл жайт тәуекел тобындағы адам денсаулығының ауыр асқынуларына себеп болады.

«Жаһандық жылынуды тежеу құралдарының бірі – қалалардағы жасыл архитектураны дамыту. Бүгін біз шетелдік әріптестеріміздің пікірлерін тыңдап, презентацияларымен танысып, әлемдік тәжірибе туралы көбірек білгіміз келеді», - деп қорытындылады урбанист.

Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда жазғы күндегі ауаның орташа температурасы +27 °C құрайды, ал кешке +23 °C дейін төмендейді – яғни жағдай көптеген елге қарағанда әлдеқайда жақсы. Алайда, ірі қалаларда жылу аралдары (UHI) пайда болуда  – қоршаған ауылдық немесе аз салынған аймақтарға қарағанда минимум 1-3°C жоғары аумақтар, деп атап өтті Ислам Хамди Элгонаими. 

Семинарда ұсынылған ғылым докторының презентацияларының бірі жасыл архитектурада «ақылды» технологияларды қолдануға арналды.

«Бұл құралдар суды, электр қуатын үнемдеуге және көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Мен сондай-ақ осы технологияларды интеграциялауда, ресурстарды бөлуді оңтайландыруда және қалалық көгалдандырудың тұрақтылығын арттыруда ландшафт сәулетшілерінің ерекше рөлін атап өткім келеді. Сонымен қатар, көгалдандыру учаскелері эстетикалық құрамдас бөлікке ғана емес, сонымен қатар өнімдерді өсіру бойынша қалалық фермаға айналуы мүмкін», - дейді шетелдік сарапшы. 

Қазақстанда жасыл құрылыс не үшін қажет екенін және ғимаратты жасыл стандарт бойынша қалайша тиімді салуға болатынын Қазақстандағы Cushman & Wakefield серіктесі және басшысы, MBA Гүлшат Сариева баяндады.

«Жасыл стандарттар бойынша құрылыс –  Алматыда сейсмикаға төзімді ғимараттар салу сияқты өзекті. Біз бүгін салып жатқан барлық нәрсе болашақ ұрпақтың меншігі болады. Біз олардың өмір сүру жағдайын жақсартатын ғимараттарды жобалап, тұрғызуымыз керек», - деді Гүлшат Сариева.

Қазір қалада жоспарлы көгалдандыруға нүктелік құрылыстар кедергі келтіруде, дейді сарапшылар. Алайда, полиорталықтардың егжей-тегжейлі жоспарлауының жаңа жобалары (ЕЖЖ) бұл факторды жоққа шығарады.

«Көкейтесті мәселелерді шешу үшін қала барлық заманауи құралдарды қолданады. Сонымен, Бас жоспар бойынша біз жасыл желектердің санын бір адамға шаққанда 12 шаршы метрге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Полиорталықтардың ЕЖЖ-де жасыл (саябақтар, скверлер, бульварлар және т.б.) және сулы аймақтар (күрделі құрылысқа жатпайтын су қоймалары айналасындағы аймақтар), арық жүйесін құру және т.б. қарастырылған», - деп атап өтті Асхат Садуов.

Сонымен қатар, қоғамдық көлікті дамытуға және оның экологиялық таза болуына (ЛРТ, метро) баса назар аудара отырып, көлік қаңқасын қалыптастыру жеке автокөлікті пайдалану қажеттілігін азайтады, бұл экологияға оң әсер етеді. Дизайн-код шеңберінде қасбеттер мен кіру топтары бойымен ықшам ағаштарды немесе бұталарды отырғызу ұсынылады. Қабырғаларда тік көгалдандыру құпталады және қолданылады, деп қорытындылады «Алматыбасжоспар» ҒЗИ басшысы.

Іс-шара соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, қалалық кеңістіктерді көгалдандырудың өзекті әдістерін талқылады.

Қызықтырған мәселелер бойынша «Алматыбасжоспар» ҒЗИ баспасөз қызметіне хабарласыңыз: a.kemelbekova@almatygenplan.kz

Соңғы жаңарту: 1 желтоқсан 2025, 15:37

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым