Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жастар саясаты басқармасы қолдауымен қалалық пікірсайыс турнирі болып өтті

Айкөркем Кеңесова
2 мин оқу 45 оқылым

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Жастар рухы» жастар қанаты және «Еуразиялық бейбітшілік пен келісім» жеке мекемесі бірлесе отырып құрған, «Жас сарапшылар мен пікірсайысшылар» клубы қазан айының 26-күні «JasSpeak» атты қалалық пікірсайыс турнирін өткізді. Турнир Алматы қалалық «Жастар Рухы» филиалы, Абылай хан 79 мекен-жайында болды.

Іс-шара 16 командаға біріктірілген әр түрлі жоғарғы оқу орындарының студенттерін жинады. Турнирдің негізгі мақсаты диалог, сыни ойлау және өз көзқарасын дәлелдеу, көшбасшылық дағдыларын дамыту болды. Әр түрлі академиялық және мәдени ортадағы студенттер өзекті қоғамдық мәселелерді талқылауға және пікірталас өнерінде бәсекеге түсуге жиналды.

Турнир аясында пікірталасқа негіз болған 4 өзекті қарар ұсынылды:

1.Бұл палата қаладағы бірегей тарихи ғимараттарды сақтау және қалпына келтіру қажет деп санайды.

2.Бұл палата көше өнері мен мүсіндер сияқты арнайы көркем декорациялар қалалық ортаны көркейте алады деп санайды.

3.Бұл палата қаржылық сауаттылық мектеп бағдарламасына міндетті пән болуы керек деп есептейді.

  1. Бұл палата мемлекеттер барлық азаматтардың жоғары білімге қолжетімділігін қамтамасыз етіп, білім алу құнын төмендетуі керек деп есептейді.

5.Бұл палата өлім жазасын барлық елдерде толығымен алып тастау керек деп санайды.

Іс-шара келесі кезеңдерді қамтыды:

  1. Тіркеу және ашылуу-қатысушылар тіркеліп, турнирді өткізу ережелері мен тәртібімен танысты.
  2. Пікірсайыс раундтары-командалар ұсынылған қарарларды мұқият талдап, талқылай отырып, төрт раундта бақ сынасты. Төрешілер төрелігін әділдік пен объективтілікті қамтамасыз ететін бұрынғы пікірсайысшылар жүзеге асырды.
  3. Қорытындылау және марапаттау-пікірсайыс аяқталғаннан кейін әртүрлі номинациялар бойынша грамоталар мен кубоктар иегерлері жарияланды, сонымен қатар үздік спикерлер мен төрешілер марапатталды.

Турнирдің жеңімпаздары номинацияцын  Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Шам" фракциясы иеленді. Жүлдегерлер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Ақиқат" фракциясы (2 орын) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Рухты Жастар" фракциясы (3 орын) болды.

Ерекше марапат – «Үздік спикер» «Эрудит» фракциясының спикері – Мурат Анельге турнир барысында көрсеткен сөз сөйлеудегі  шеберлігі үшін табысталды. Сондай - ақ, «Үздік төреші» бағамының иегері болып Байғабыл Рауан марапатталды, ол пікірсайысты бағалауда жоғары кәсібилік пен бейтараптық танытты.

«JasSpeak»  пікірсайыс турнирі студенттер арасында диалог пен өзекті қоғамдық мәселелерді талқылаудың маңыздылығын көрсетіп, оларды қоғамдық өмірге белсенді қатысуға шабыттандырды. Іс-шара жастардың талдау, сыни тұрғыдан ойлау және сындарлы пікірталас өткізу қабілетін растады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айкөркем Кеңесова

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Республика күніне орай Пікірсайыс турнирі өтті

Алматыда Республика күніне орай JasSpeak қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Қатысушылардың үздіктері мен жеңімпаз фракциялар анықталды.

Айкөркем Кеңесова 1 мин 38 оқылым
Жалпы рубрика

jasSpeak клубы "Жастар кәсіпкерлігін қолдаудың негізі ретінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау"атты көрнекті іс-шара өткізді

Алматыда жас кәсіпкерлер мен бизнес қауымдастығы өкілдері тәжірибе алмасып, гранттар мен жобалар туралы ақпарат алды. Іс-шарада жастар кәсіпкерлігін дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Айкөркем Кеңесова 1 мин 32 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 142 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 48 оқылым