Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жасөспірімдердің бейімделуі мен әлеуметтендірілуі

Улжан
3 мин оқу 513 оқылым

Тақырыбы: Жасөспірімдердің бейімделуі мен әлеуметтендірілуі

Орындаған:
У.Е.Абилдаева

Жасөспірімдердің бейімделуі мен әлеуметтендірілуі.
Табиғатта жерден жұлынып алып, құнарсыз құмға тастаған өсімдіктердің өмір сүруі мүмкін емес екені сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес.А.Н.Толстой
Мақсаты: Бала жанын түсіну, сезімін, көңіл-күйін, ықыласын, тілегін, қажеттілігін сезіну; Оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда оны әлеуметтік тұрғыда қолдау.
Әлеуметтендіру дегеніміз не? Белгілі бір себептермен күйзеліске душар болған, торығу нәтижесінде қатардан шығып қалған не болмаса саяқтық, оқшаулану секілді қоғамдық ортада өмір сүруіне кедергі болатын мінез-құлқын тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, қалыбына келтіру арқылы тұлғаны қатарға қосу. Әлеуметтендіру дегеніміз - сана-сезімі, психикасы, мінез-құлқына нұқсан келген не болмаса басқаларға ұқсамайтын ерекше қабілетті жасөспірімдерді қоғамдық ортада толыққанды өмір сүруіне қайтару үшін істелетін жұмыс жүйесі.
Адам туған сәттен бастап әлеуметтендіру ықпалына түседі. Отбасы тәрбиесі, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының барлығы да оқушыларды әлеуметтендіруге арналған деуге болады. Себебі сол арқылы балалар болашақта қоғамдық ортада қатарынан қалмай өмір сүруге үйренеді, қажетті білім, білік, дағдыларды бойына сіңіреді. Бұл әрекеттерді меңгере алмаған, оқу-тәрбиеге көнбеген балалар арнайы әлеуметтендіру шаралары арқылы әлеуметтендіріледі.
Әлеуметтену дегеніміз не?Әлеуметтену- адамның әлеуметтік нормалары мен мәдени құндылықтарын игеру процесі мен нәтижесі. Ал , біздің, әлеуметтік педагогтардың мақсатымыз - оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес, проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан-дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру болады. Бұл процестер тәрбиелеу, білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.
Әлеуметтену процесінде екі мәселе шешіледі:
1. Әлеуметтік бейімделу- жеке адамның ортаға бейімделуі, барлығымен бірге болу. Балаға барлық бағытта көмектесу. Баланың әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған.
2. Әлеуметтік оқшаулану - ортамен бірге бола отырып, өзімен-өзі болу, іс әрекеті мен қарым-қатынастарында табанды болмай, тұлғаның өзін бағалай білмеуі.
Жасөспірімдердің әлеуметтік өзгерістерге бейімдеу олардың қажеттіліктерінің негізінде жоспарланып, мынадай негізгі бөлімдерден құралады.
Оқушымен жеке жұмыстың мәні - оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілу мен өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуін тәрбиелеу. Мұндай жұмыс біздерден
• сезімталдықты
• кішіпейілділікті
• қайырымдылықты
• ілтипаттылықты
• ықыластылықты
• зер салуды
• қамқорлық жасауды қажет етеді.
Ол үшін мынадай жағдайларды ескеру керек:
• Бала жанын жақсы түсіну, яғни оның сезімін, көңіл күйін, ықыласын, тілегін, қажеттілігін сезіну
• Баланың таңдау еркіндігін қолдау. Сенің көзқарасыңа сай келмейтін болса да, баланың шешімін сыйлау қажет
• Жасөспірімнің тұлғасын қалыптастыру және дамытуда оны әлеуметтік тұрғыда қолдау. Баланың дамуына және тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдайды туғызу
• Мақсатты әлеуметтік қолдау көрсету. Көп балалы, табысы аз отбасына, мүгедек, жетім балаға, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көмектесу
Жасөспірімнің әлеуметтік бейімделуінде психологиялық қиындықтар кездеседі.
Олар:
• Қателесуден қорқады
• Ойлағанындай өзін көрсете алмаудан
• Өзін-өзі төмен бағалайды
• Өзгелердің сынауынан қорқудан
Әлеуметтік бейімделу және бейімделе алмау проблемалары
• ағымдағы әлеуметтік өмір нормаларына үйрену және меңгеру кезіндегі қиындықтар, баланың денсаулығы мен өміріне қатерлі әлеуметтік қауіпті нормаларды бұзу кезінде туындайтын қиындықтар;
• әлеуметтік педагог кешенді дәстүрлерді, әдіс-тәсілдерді, психологиялық-педагогикалық диагностиканы: бақылау, байқау, пікірлесу, тестілеу, анкета жүргізу, іскерлік ойындар өткізу, балалар шығармашылығын пайдалану, т.б. жүргізе алады.
Жұмыс барысында:
Әрбір балаға өзінің сезімі мен эмоцияларын шығаруға мүмкіндік беруі қажет екендігін ұмытпаған жөн. Бұл өзара тиімді іс-әрекет жасау және жемісті жұмыс істеу үшін қажетті болған қолайлы жағдайдың қалыптасуының негізгі шарты болып табылады.
Нәтижесі:
Әрбір тұлға өз-өзін құрметтей отырып, өз ісіне талдау жасап, өзінің жасаған іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарайтын болады;
Бала өзін ің жақсы жақтарын танып өз бойындағы адами құндылықтарын оң қалыпты дәрежеде қалыптастырады. Өзін жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, басқаларға сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға болып қалыптасады.Оқушы алдында тұрған міндеттердің шешімін табуға, жағдаяттарды тез арада шеше білуге, өз пікірін еркін, ашық айтуға, сыныптастарымен, ұстаздарымен жағымды қарым-қатынас орнату қажеттігін түсінеді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Улжан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Мінез құлық

Мақалада мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сезімін түсіну, ашу-ызасын тежеу және жақсы дағдыларын дамыту жолдары қарастырылады.

Улжан 2 мин 23 оқылым
Жалпы рубрика

менің отбасым

Тәрбиеленушілер отбасы мүшелері, олардың міндеттері мен өзара татулығы туралы әңгімелейді. Жоспарда өлең, топтық жұмыс және отбасы жайлы сұрақтар қамтылған.

улжан 4 мин 199 оқылым
Ашық сабақтар

Д д дыбысы мен әрпі

Балаларды Д дыбысы мен әрпімен таныстыруға арналған сауат ашу сабағы. Жоспарда буын оқу, дыбыстық талдау, дәптермен жұмыс және топтық тапсырмалар қамтылған.

Улжан 3 мин 287 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Баяндамада отбасы мүшелерінің бірлігі мен өзара қолдауы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасының өмірдегі орны сөз болады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Дос

Баяндамада достың жанашырлығы мен адам өміріндегі орны айтылады. Мәтін достықты бағалап, айналаға жақсылық жасауға шақырады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 14 мин 61 оқылым
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

Баяндамада ауыл шаруашылығы, мәдениет пен дәстүрлер, отбасы және тұрғындардың өзара көмегі сөз болады.

11"Б" сынып оқушылары 1 мин 42 оқылым