Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Улжан
3 мин оқу 287 оқылым

Бөлімі: Сауат ашу
Сабақ тақырыбы: [д] дыбысы
Мақсаты: Балаларды [д] дыбысы және «Д» әрпімен таныстыру; сөздерге дыбыстық талдау жасату; [д] дыбысын бірге буын құрып оқыту. Әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру. Адал болуға, білуге тәрбиелеу.

Қолданылған әдебиет: сауат ашу жұмыс дәптері.

Блингвальды компанент:
жұлдыз-звезда
дәрі-лекарство
дәптер- тетрадь

Оқу қызметінің кезеңдері
Оқу қызметінің мазмұны Оқу құралдары
Жағымды ахуал орнату

«Көңіл сыйла досыңа!»
Сабақты адамдардың ең жақсы қасиеттері туралы айтудан бастау.
Ұстаз бастап береді, балалар жалғастырады.
Сөздер: мейірімдісің, сұлусың, ақылдысың, көңілдісің т.с.с жалғасын табады.
-Мінеки, жағымды қасиеттерге қатысты сөздерді көп білеміз.

Тақырып бойынша жұмыс Ұстаз:
-Балалар сендер «Сауат ашу» оқу қызметінен нені үйрендіңдер?
-Сендерге сауат ашу сабағы ұнайды ма? (балалардың жауабын тыңдау.)
-Біз қандай дыбыстармен таныстық?
-Дыбыстар неше бөлінеді екен?
-Дауысты дыбыстар қандай түспен белгіленеді? Дауыссыз дыбыстар ше?
-Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
-Жарайсыңдар балалар!
-Ендеше, бүгін біз [д] дыбысы және әрпімен танысамыз.
- ол үшін бірінші мен сендерге постер арқылы бірнеше суреттер көрсетемін, сендер мұқият тыңдап, сөз сөздердің ішінде [д] дыбысы естіледі ме соны анықтайсыңдар.
-домбыра, орындық, жылқы, тоқылдақ, үкі, доп т.б (балалар анықтайды.)
Ұстаз:
-Жарайсыңдар балалар, енді біріміз мұқият үнтаспаға назар аударайық.
Ұстаз:- Балалар сендер үнтаспадан қандай [д] дыбысынан басталатын жаңа сөздер естідіңдер (доп, доңғалақ, дән, дорба, дүкенші, дүкен, дәптер, дойбы)
-Осы создерді буынға бөлу, қанша буын бар екенін анықтау.

Сергіту сәтін орындау.
«Көңілді күн!»

Дәптермен жұмыс
1. Қонжықтың үйіндегі әріптерден буын құрайды:РА, То, ДА, ДО
2. Балалармен бірге буындарды оқу: РА, АР, ТО,АТ, ДО,ДА,ДУ
3. «Кел оқиық!»
4. Үйшіктегі әріптерден сөз құрау: доп, дана, доға, долана.
Жұмбақ
Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң, ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. Ол не? (Доп)

Дәптермен жұмыс

Доп сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Д- көк түспен белгілейміз
О- қызыл түспен белгілейміз
П- көк түспен белгілейміз

№ 1,2 тапсырмаларды орындау
№3 өрнекті үлгі бойынша жазу

Топтық жұмыс:
1 топ тапсырмасы:
Берілген суреттердің атауын ауып, сол сөздердің ішінде [д] дыбысы кездесетін сөздерді шеңберге ал.

2 топ тапсырмасы:
Доп және йод сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

3 топ тапсырмасы:
Берілген суреттердің арасынан [д] дыбысы кездесетін суреттерді тауып, [д] дыбысының жан жағына орналастыру.
Жұмыста аяқтап болған сон, әр топтан 2 оқушыдан шығып жұмыстарын қорғайды.

Постер

Үнтаспа

Үнтаспа

Әліппе
62-65 б.

«Дыбыстар мен әріптер» жұмыс дәптері
14б.
қарындаштар
Қорытынды мен сараптама
Рефлексия
-қандай дыбыс туралы білдік?
-өткен дыбыстарды қайталау.
-[д] дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?
-Сөздің қай бөлігінен естуге болады?
-Сендердің достарың көп пе?
-Қалай ойлайсыңдар, дос қандай болу керек?
-Альфавиттің ішінен [д] дыбысын табу.
Кері байланыс:
«Басбармақ» әдісімен кері байланыс жасайды. (Басбармақты жоғары көтерсе, «бәрін түсіндім», дегенді білдіреді. Басбармақты көлденең көрсетсе, «түсінбеген жерлерім болды»,-дегенді білдіреді. Төмен түсірсе «түсінбедім» - дегенді білдіреді.)

Күтілетін нәтиже Барлық балалар біледі:
-[д] дыбысы мен әрпі нің дауыссыз дыбыс екенін біледі:
-Сөздердің қай бөлігінде орналасқанын табады;
Балалардың көпшілігі біледі:
-Дауыссыз дыбыс көк түспен белгілейтінін біледі; дыбыстық талдау жасай алады;
-Сөздерді буынға бөледі.
Кейбір балалар біледі:
-Сөйлемдерді толықтыра алады.
-Буындардан сөздер құрайды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Улжан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Мінез құлық

Мақалада мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сезімін түсіну, ашу-ызасын тежеу және жақсы дағдыларын дамыту жолдары қарастырылады.

Улжан 2 мин 24 оқылым
Жалпы рубрика

менің отбасым

Тәрбиеленушілер отбасы мүшелері, олардың міндеттері мен өзара татулығы туралы әңгімелейді. Жоспарда өлең, топтық жұмыс және отбасы жайлы сұрақтар қамтылған.

улжан 4 мин 200 оқылым
Өзін-өзі тану

Денсаулық құпиялары

3-сыныптағы өзін-өзі тану сабағында оқушылар денсаулықтың маңызын түсініп, жеке бас гигиенасы мен тазалық ережелері туралы тапсырмалар орындайды.

Улжан 4 мин 531 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Балабақша балаларына арналған тәрбие сағатының жоспары: Ата Заң, құқық пен міндет туралы әңгіме, ойындар, сергіту жаттығуы және сурет салу тапсырмасы.

Bilimger Media 2 мин 379 оқылым
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағатының жоспарында Ата Заң, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме, топтық тапсырмалар және рефлексия қамтылған.

Bilimger Media 2 мин 434 оқылым
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

5–11 сынып оқушыларына арналған ашық сабақта Қазақстан Конституциясы таныстырылып, құқықтар мен міндеттер талқыланады. Жоспарда топтық жұмыс, құқықтық ойын және рефлексия бар.

Bilimger Media 2 мин 676 оқылым