Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жасөспірімдер арасындағы құқықтық сауаттылықты абай қара сөздері арқылы арттыру

Атеева Назгуль
4 мин оқу 53 оқылым

Атеева Назгуль
Ғылыми жетекші:
Ф.ғ.к қауымдастырылған профессор Тулекова Гулжан Хажмуратовна

Аннотация

Қазақша

Бұл мақаладa жасөспірімдердің құқықтық сауaттылығын арттырyдың тиімдi жолдaры қарастырылып, Абaй Құнанбайұлының қарa сөздерi негізіндe құқықтық тәрбие беру мәселесі талданады. Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, құқықтық актілер, конференциялық материалдар қолданылды. Индукция және дедукция әдістері арқылы жасөспірімдердің құқықтық түсінігін қалыптастыруда Абайдың педагогикалық идеяларының маңыздылығы дәлелденді. Автор жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру арқылы құқық бұзушылықтың алдын алуға болатынын тұжырымдайды. Мақалада зерттеудің тәжірибелік құндылығы мен ұсыныстары баяндалады.

Орысша

В данной статье рассматриваются эффективные способы повышения правовой грамотности подростков на основе анализа «Слов назидания» Абая Кунанбаева. В ходе исследования использованы труды отечественных и зарубежных ученых, нормативные правовые акты, материалы конференций. С применением методов индукции и дедукции доказана актуальность педагогических идей Абая в формировании правового сознания молодежи. Автор приходит к выводу, что повышение правовой грамотности среди подростков способствует профилактике правонарушений. В статье изложены практическая ценность исследования и предложенные рекомендации.

Ағылшынша

This article examines effective ways to improve the legal literacy of adolescents based on the analysis of Abai Kunanbayev’s “Book of Words.” The study utilizes works of domestic and foreign scholars, legal acts, and conference materials. Using the methods of induction and deduction, the importance of Abai’s pedagogical ideas in shaping adolescents’ legal awareness is demonstrated. The author concludes that enhancing legal literacy among adolescents can help prevent legal violations. The article presents the practical value of the research and provides relevant recommendations.

Кіріспе

Құқықтық сауаттылық дегеніміз-жеке тұлғаның, баланың, жасөспірімдердің өз құқықтары мен қоса міндеттерін білуі, ата заңымызды құрметтеуі, өз құқықтарын қорғай білуі. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру өте ауқымды мәселе болып отыр. “Бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі болашақ “демекші жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыра отыра біз болашақта  қоғамға пайдалы азамат тәрбиелейміз.

Өзектілігі.Құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Ал құқықтық мәдениет пен құқықтық сауаттылықты қалвптастыру үшін ең алдымен Ата заңымызға сонымен қатар ұлы ойшылдарымыздың еңбектеріне жүгінеміз.Осы орайда ұлы ойшылымыз Абай Құнанбайұлының қара сөздерін негізге алсақ болады. Абайдың адамгершілік,адалдық , әділеттілік қағидалары тұлғаның бойындағы құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға негіз болады.

Бұл мақалада жасөспірімлердің құқытық сауаттылығын арттырудың маңыздылығы, Абайдың қара сөздеріндегі құқықтық сауаттылыққа, мәдениетке қатысты ойлар және шетелдік ғалымдардың пікірлері талданады

Негізгі бөлім

Қазіргі қоғамда жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру -өзекті мәселелердің бірі .Әсіресе , құқықтық жауапкершілік пен мәдениеттің төмендігі құқықбұзушылыққа әкелетінін отандық және шетелдік зерттеушілер дәлелдеуде .[Бекенов 2023;Баймаханов 2024 т.б]Құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениет ажырамас ұғымдар болып табылады.Құықтық мәдениет пен құқықтық сауаттылықты арттырмай елімізде құқықбұзушылықтар көбейе береді, демек құқықтық мемлекет құра алмаймыз. Құқықтық мемлекет құру үшін ең бірінші  Республикамыздағы азаматтар мен азаматшалар бойындағы құқықтық сауаттылықты арттыру қажет. Ал ел ертеңін ойласақ ең алдымен жасөспірімдердің құықтық сауаттылығын арттыру маңызды. Жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру тек қана құқықтық білім беру арқылы ғана емес , сонымен қатар ұлттық құндылықтарға сүйене отырып жүзеге асырылғанда нәтижелі болмақ.Құқықтық сауаттылықты арттыру барысында Абайдың қара сөздері ерекше рөл атқарады. Һәкім Абай өз шығармаларында “адам болып қалу” консепциясы арқылы адамгершілік, әділеттілік,зыңдылық қағидаларына тәрбиелейді. Абайдың әкесі Құнанбай да ел арасында

Абайдың қара сөздері - жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеудегі құнды элемент. Ғалым Н.Әлдиярова (2023) Айбайдың шығармалары жастардың құқықтық мәдениетін  арттыруда үлкен рөл атқаратынын атап көрсетеді. Сонымен қатар,заң ғылымдарының кандидаты Ж.Сағындықова (2021) жастарды тәрбиелеуде ұлттық құндылықтар мен құқықтық мәдениетті ұштастыру қажет екенін ғылыми негіздеген . Индукция әдісі арқылы Абайдың жеке қара сөздерінен жалпы қағидалар түйіндеуге болады: мысалы, адал еңбек ету құқықтық жауапкершіліктің бір көрінісі.

Шетелдік зерттеуші W.Smith [2022 Scopus] құқықтық сауаттылық -жасөспірімдердің азаматтық позициясын қалыптастырудың негізі екенін дәлелдеді.Сондай-ақ Р. Томсон (Thomson Reuters,2023) құқықтық тәрбие тиімді болуы үшін жастардың құндылық жүйесіне сәйкес келуі тиіс деп тұжырымдайды. Мысалы , Абайдың 18 қара сөзінде айтылатын “Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық” деген пікірі құықтық сананы тәрбиелеудегі тиімді құрал болып табылады.. [Абай Құнанбайұлы 18-қара сөз].

Эмпирикалық база ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2024 жылғы «Жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру» атты баяндамасын (конф. материалы) алуға болады. Онда жасөспірімдердің құқықтық сауаттылық деңгейінің төмендігі олардың құқықбұзушылыққа бейімділігін арттыратыны айтылған.

Индукция әдісі бойынша, жеке мысалдардан жалпы қорытындыға келсек, құқықтық ақпараттың қолжетімділігі мен түсініктілігі құқықтық сауаттылықты арттырады. Мәселен, Абай қара сөздері арқылы түсіндірілген құқықтық нормалар жасөспірімдер үшін түсінікті әрі өмірлік маңызы бар болып саналады.

Дедукция әдісі бойынша, жалпы құқықтық қағидаларды нақты жағдайларға қолдана отырып, жасөспірімдер құқықтық нормаларды тиімді меңгере алады. ҚР Қылмыстық кодексінің (2024) баптарын қарастырып, оларды Абайдың қара сөздерімен ұштастырсақ, құқықтық нормаларды оқыту қызықты әрі тиімді әдіс болатынын көреміз.

Құқықтық терминологияны түсіндіру үшін ҚР заңнамалық түсіндірме сөздігі (2023) пайдаланылды. Мысалы, «құқықтық мәдениет» ұғымы заңдылық, құқықтық сана және құқықтық тәртіп ұғымдарымен өзара байланысты. Абайдың 10-қара сөзіндегі “Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан болады” деген пікірі құқықтық тәрбиеге тікелей қатысты.

Қорытынды:

Қорытындылай келе жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруда Абай қара сөздерін қолдану тиімді әдіс болып табылады. Бұл әдіс тек қана адам бойындағы жақсы қасиеттердә ғана дәріптемей құқықтық сауаттылықты арттыруға , мәдениетті нығайтуға және құқықтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді . Демек, ұлттық құндылықтар мен құқықтық тәрбие үйлесім тапқан жағдайда, құқықтық мәдениет деңгейі едәуір жоғарылайды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Атеева Назгуль

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 144 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 52 оқылым