Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жаңалықтар Жаңалық

Bilimger Media
1 мин оқу 46 оқылым

Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформацияны күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес кешенді бастамалар іске асырылуда. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «AMANAT» партиясының «Мұғалім Talks» кейс-платформасының екінші отырысында айтты.

Министрдің айтуынша, оқу процесіне цифрлық шешімдерді енгізу үш негізгі бағытта жүргізілуде. Осы мақсатта Министрлік Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп 2025–2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің тұжырымдамалық негіздерін бекітті.

«Министрлік білім мазмұнының сапасын қамтамасыз етуге және оны сараптамадан өткізуге басымдық береді», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұған қоса, оқытуды дербестендіруге бағытталған «AI Kitap» платформасы іске қосылып, «Day of AI» онлайн-әдістемелік кешені әзірленді. Жасанды интеллектті қауіпсіз әрі әділ қолдану мақсатында этикалық стандарттар бекітілді.

«Педагогтердің жасанды интеллектті тиімді қолдану біліктілігін арттыру үшін “Acquire → Deepen → Create” үш деңгейлі оқыту жүйесі іске қосылды. Қазірдің өзінде ЮНЕСКО бағдарламасы негізінде әзірленген “Acquire” деңгейіндегі онлайн курсынан 200 мыңнан астам мұғалім өтті. Ал жоғары деңгейдегі оқытуға 15 мыңнан астам информатика пәні мұғалімі қатысады, олардың жартысынан көбі – ауыл ұстаздары», – деді министр.

Қазіргі таңда министрлікпен жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізу деңгейін бағалайтын ұлттық құрал дайындалуда. Бұл бастама PISA–2029 халықаралық зерттеуіне дайындықтың бір бөлігі болып табылады. Аталған циклде алғаш рет жасанды интеллект сауаттылығы бағаланбақ.

Министр сондай-ақ информатика, робототехника және жасанды интеллект бағыттарында дарынды балаларды анықтау мен қолдауға ерекше назар аударылатынын айтты.

Сонымен қатар, педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған 56 бағдарламаға «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін цифрлық технологияларды пайдалану» атты жаңа модуль енгізілді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 502 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 28 оқылым