Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жасанды интеллект: адамзат досы ма, қасы ма?

Шынаш Асыл Дәулетқызы
2 мин оқу 77 оқылым

Шынаш Асыл Дәулетқызы

XX ғасырда компьютердің пайда болуымен, Алан Тюрингтің идеялары негізінде жасанды интеллект ұғымы қалыптасты. Ал 1956 жылы "жасанды интеллект" термині ресми түрде ғылыми айналымға енгізілді. Жасанды интеллект (Artificial Intelligence, AI) – бұл компьютерлер мен машиналардың адамның ойлау қабілетіне еліктейтін технологиялар жиынтығы. Ол деректерді талдау, үйрену, шешім қабылдау, тіпті шығармашылық тапсырмаларды орындау сияқты функцияларды атқара алады. Әрине, AI-дың күннен-күнге дамуы – өркениет прогресінің бір көрінісі. Дегенмен, бір сәт болашаққа көз жүгіртіп, жасанды интеллекттің адам өміріне түбегейлі әсер ететінін елестетіп көрдіңіз бе? Ол бізге көмектесе ме, әлде керісінше қауіп төндіре ме?

Жасанды интеллекттің түрлері өте көп. Тар жасанды интеллект – белгілі бір тапсырманы орындауға бағытталған. Мысалы: Siri, Google Assistant. Күшті жасанды интеллект – адамның саналы ойлау қабілетіне жақын, өз бетінше шешім қабылдай алатын жүйе. Қазіргі кезде бұл бағытта қарқынды зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

AI адамзатқа көптеген оң әсер бере алады. Алайда оны толықтай сенімді деу – қателік. Мәселен, AI адамның орнын баса бастағаны айқын. Бұл болашақта миллиондаған адамның жұмыссыз қалуына әкелуі мүмкін. Журналистика, аударма, заңгерлік, тіпті көлік жүргізу салаларында AI қолданыла бастауда. AI шешім қабылдағанда эмоцияға емес, тек деректерге сүйенеді. Егер деректер бұрмаланған болса, ол қауіпті шешімдерге алып келуі ықтимал.

Мысалы, The Washington Post пен Bloomberg басылымдарында AI қолданылуы көптеген журналистердің қысқаруына себеп болды. БҰҰ-ның есебіне сәйкес, Ливиядағы қақтығыстарда әскери дрондар өздігінен шешім қабылдап, адамдарға шабуыл жасаған.

Кибершабуылдар да AI-дың қауіп төндіретін тұстарының бірі. Егер AI хакерлердің қолына түссе, олар оны жеке деректерді ұрлау, фишингтік шабуылдар жасау секілді зиянды мақсаттарда пайдалана алады. Илон Масктың айтуынша: "Жасанды интеллект – өте-өте қауіпті". 2017 жылы Facebook компаниясының AI чатботтары өзара түсініксіз тілде сөйлесе бастағанда, ғалымдар тәжірибені дереу тоқтатуға мәжбүр болды. Microsoft жасаған Tay атты чатбот Twitter-де бір тәуліктің ішінде нәсілшіл, агрессивті сөздер үйреніп, қоғамға қауіп төндіре бастады.

Дегенмен, AI дұрыс бағытта қолданылса, адамзатқа зор пайда әкеледі. Медицинада AI жүйелері ауруларды ерте анықтап, емдеу үдерісін жылдамдатып келеді. Мысалы, IBM Watson Health қатерлі ісікті диагностикалауда дәрігерлерге көмектесіп, емдеу стратегиясын жеңілдетті. COVID-19 пандемиясы кезінде де AI зерттеушілерге вакцина әзірлеуде көмек көрсетті.

Білім беру саласында AI оқушылардың деңгейін талдап, әлсіз тұстарын анықтауға көмектеседі. Duolingo мен Khan Academy сияқты платформаларда AI білім алуды жеке тұлғаға бейімдеп, тиімді етеді.

Психологиялық AI жүйелері адамның ішкі күйін түсініп, жан дүниесіне демеу бола алады. Мысалы, ChatGPT, Wysa сияқты платформалар психологиялық қолдау көрсетеді.

Қорытындылай келе, жасанды интеллект адам өмірінің бір бөлшегіне айналып үлгерді. Ол – шексіз мүмкіндіктер мен тәуекелдердің тоғысқан тұсы. Сол себепті AI-ды жүйелі түрде бақылап, жауапкершілікпен пайдалану – адамзаттың басты міндеті.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Шынаш Асыл Дәулетқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 143 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 52 оқылым