Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жас алхимиктің ерекше зерттеуі. Өзбекстан елінде өткен ғылыми жоба.

Мадина Ізекенова Нұрасылқызы
2 мин оқу 25 оқылым

Нұрлан Бағлан – Ақтөбе қаласындағы «Білім»мектеп-гимназиясының 11-сынып түлегі, «Алтын белгі» иегері. Мектеп қабырғасында ғылымға деген сүйіспеншілігі оянған жас талант өз қолымен кристаллдарды өсіру арқылы Өзбекстанда өткен халықаралық ғылыми жобада өзінің ерекше зерттеуімен көзге түсті. Кристалл өсіру бойынша тың жаңалықтар ұсынған жас ғалым өз білімін халықаралық деңгейде дәлелдеп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.Жаратылыстану бағытында бірнеше жобаларға қатысып, тәжірибелік жұмыстарда шыңдалған жас зерттеушінің бұл жолғы жұмысы ерекше құнды болды. Жас алхимиктің алдағы мақсаты – ғылым әлемінде одан әрі шыңдалып, үлкен жетістіктерге жету.

- Бағлан, қандай пәннен немесе бағыттан ғылыми жұмыс қорғадыңыз?

- Мен физика пәнінен «Үй жағдайында кристалдарды өсіру» тақырыбында ғылыми жоба қорғадым. Толығырақ айтсам, табиғатта кездесетін әсем әрі жұмбақ кристалл тастарды ашудас, мыс купоросы, тұз және қанттан өз қолыммен жасап, өсірдім.

- Бұған дейін пәндік-жобалық олимпиадаларға қатысып көрдіңіз бе?

- Әрине, бұл ғылыми жобаға дейін жаратылыстану бағытында ғылыми жобаларға қатысқанмын. Соның бірі биология пәнінен өз ауылымның жеріндегі емдік шөптерден дәрі жасау болатын. Осы жолы да қолдан әртүрлі кристалл өсірдім. Осындай практикалық тәжірибелермен айналысу мені қызықтырады.

- Халықаралық ғылыми-практикалық конференция қалай өтті? Алғашқы қатысқан жарыстардан қандай ерекшелігі бар?

- Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жоғары деңгейде өтті. Бұл конференция халықаралық көлемде өткендіктен, өз бақтарын сынаушылардың көптігімен ерекшеленеді. Бәрі бірінен озар жүйріктер.

- Дайындық барысы қиын болды ма? Тәжірибе жасау барысында қандай қиындықтар кездесті?

- Дайындық барысы қиын әрі өте қызықты өтті. Тәжірибе барысында кристалдарым бүлініп, бүтін болып шыға қоймады. Кейін бірнеше сәтсіз тәжірибеден кейін мінсіз кристалдар өсе бастады. «Қиындықсыз жетістік жоқ» демекші, дайындық жолындағы әр қиындық түбінде өз нәтижесін берді.

- Еңбегіңіздің нәтижесі қандай болды? Қазылар алқасы оны қалай бағалады?

- Жұмсаған көп күш пен уақыттың нәтижесінде өзінің жылтырлығымен, мөлдірлігімен, әдемілігімен ерекшеленетін кристалдар алдым. Қазылар алқасы еңбегімді жоғары бағалап, кристалдарыма қызыға қарады.

- Ғылыми жұмысты қанша уақытта жаздыңыз? Жетекшіңіз кім болды?

- Ғылыми жұмысты жасауға 3-4 апта жұмсалды. Кейін практикалық тәжірибенің қорытындысын 1 аптада жазып бітірдім. Жетекшім физика пәнінің мұғалімі Әбишева Сара болды.

- Сіз 11-сыныпты аяқтап отырсыз. Қандай мамандық таңдадыңыз?

- 11-сыныпты аяқтағаннан кейін жалпы медицина мамандығына түсуді жоспарлап отырмын. Алға қойған мақсатым – дәрігер болу және сол мақсатыма жететініме сенімдімін. Себебі, менің дәрігерлік мамандыққа сүйіспеншілігім мен ықыласым зор.

- Қандай ЖОО-ға түсуді жоспарлап жүрсіз?

- Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетіне түсуді жоспарлаудамын.

- Қазіргі жастардың, мектеп оқушыларының ғылымға деген қызығушылығын қалай оятуға болады?

- Бүгінгі күн ғылым мен техниканың шарықтап, жаңа ашылулардың белең алып жатқан кезеңі. Қазіргі таңда жастар, мектеп оқушылары жаңашылдыққа құштар. Жастардың ғылымға қызығушылығын арттыру үшін олардың талпыныстары мен ынталарын көтеру керек. Мектеп қабырғаларында мотивациялық дәрістер, кештер өткізілсе, оқушылардың өзіне деген сенімділіктері артады.

- Әңгімеңізге рақмет! Болашақта елімізге үлес қосар мықты дәрігер, өз ісінің маманы шығатынына сенеміз!

Мадина Ізекенова

«Білім» мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы

Ақтөбе қаласы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Мадина Ізекенова Нұрасылқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым